ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
« И.В.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясы»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
І санаттағы дене шынықтыру мұғалімі: Тынысбаев Серік Ағланбекұлы
Ашық сабақ жоспары.
Сыныбы: 9 «А»
Мерзімі: 6.10.2014ж.
Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетика. Төменгі сөреде тұру,жүгіру және
бір орыннан ұзындыққа секіру әдістерімен таныстыру.
Сабақтың мақсаты:
-Физиологиялық дамуына ж/е денесін шынықтыруға өз
ықпалын тигізу.
-Отанын сүйетін дені сау, күшті,епті, ұрпақ тәрбиелеу.
-Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру,дене шынықтыру
жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
Жылдамдылығын, ептілігін, икемділігін,шыдамдылығын
дамыту .
Сабақтың түрі: Аралас.
Қолданылатын құралдар: Ысқырық, секіртпе, дискілер .
Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, түгелдеу, оңға , солға, кері бұрылу. Жаңа сабақпен таныстыру. Әр түрлі жүрістермен жүргізу.
3 мин
Оқушылардың киім үлгісіне назар аудару.
Б
Арнайы жаттығулар
7 мин
-
-
-
-
-
-
Жүгіріп жүріп жасалатын жаттығулар.
А.Б.Қ. қолды кеуде тұста ұстап ,шынтақты кері қарай бүгіп жазу.
А.Б.Қ. оң қол жоғарыда,сол қол төменде,қолды алға, артқа сермеу
А.Б.Қ. қол иықта, жауырынды алға,артқа айналдыру
А.Б.Қ. қол желкеде,денені оңға ,солға бұру
А.Б.Қ. Саусақтарды кеуде тұста айқастырып, ұстап алға,жоғары қолды көтеру.
3мин
30сек
30сек
1мин
1мин
1мин
Ара қашықтық сақтау
Қолды тік ұстау.
Қолды қатты сермеу.
Тұлғаны тік ұстау
Басты.жоғ. көтеру
Тұлғаны тік ұстау
2
Негізгі бөлім
30-мин
-
Төменгі сөре техникасымен таныстыру.Төменгі сөренің бірнеше нұсқалары бар:
«дағдылы»,«жақындатылған» және «созылған».Осы нұсқалардың кең тараған түрі дағдылы түрі.
Төменгі сөреден жүгірудің негізгі үш кезеңдерден тұрады.1-ші кезеңі сөре дегенде сөре сызығына жүгіруші 1-1,5 табан жетпей алдыңғы аяғын қояды,екінші аяғын тізесін жерге тигізеді,екі қолды перпендикулярды орналастырып,шынтақтарын түзу ұстап жерге тірейді,назарын сөре сызығына аударады,бұл сөрелік қалып. 2-ші кезең дайындал дегенде: артта тұрған аяғының тізесін жерден көтеріп,бөксесін иығына қарай жоғары бағыттап,арқасын сәл көтеріп,иықтары сөре сызығына жақындатылады.3-ші кезең жүгір дегенде дене тез алға және жоғары түзеледі де,бірден сөре сызығынан жүгіреді де,екі қолымен кезек-кезек шапшаң және кең қимыл жасалады.
Оқушыларды әр түрлі әдістермен қысқа қашықтыққа жүгірту.
Бір орыннан ұзындыққа секіру:
Секіру үш кезеңнен тұрады:
1кезең қолды жоғары төмен сермеп, аяқтың ұшына тұрып,тізені бүгіп секіруге дайындалу.
2кезең жоғары, алға қарай секіруді қалықтау дейді.
3кезең жерге тізені сәл бүгіп,қолды алда ұстап түсу.
Осы кезеңдермен оқушыларды таныстырып бір орыннан ұзындыққа секірту.
Секіртпемен секіру жаттығуларын
орындау.
Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс істеу.
15мин
5мин
10мин
Жаттығудың дұрыс оындалуын қадағалау.
Жүгірушінің бар назары төрешіде болатынын ескерту.
6-8 қадамнан кейін денені тіктейді.
Секіру кезінде сызықты баспау және жоғары секіру.
3
Қорытынды бөлім
5мин
Өтілген сабақты қорытындылау.
Сабақты бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Секіру жаттығуларын орындау.