Акробатикалық және еркін жаттығулар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ жоспары № 30/31

Сыныбы:10 А,Ә,

Күні:10 А 10-14.11 10 Ә 11-16.11

Өтілетін орын:Мектептің спорт залы

Тақырып: Гимнастика

Сабақтың тақырыбы: Акробатикалық және еркін жаттығулар

Сабақтың мақсаты:Акробатика жаттығулары дененің жан- жақты дамуына ықпал етеді.Акробатикалық жаттығуларды орындау арқылы адам дене мүшелерін өмірде кездесетін қимылдардыжәне білуге даярлау;оқушылардың ерік-жігер қасиеттерін қалыптастыру;денсаулығын нығайту,қозғалыс,іскерлік дағдыларын дамыту;ептілікке,жылдамдыққа,әсемдікке тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Ысқырық уақыт өлшемі кедергілер т.б.

р/с

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Әдістемелік нұсқау.

Дайындық бөлімі 12-15 мин

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Амандасу.

Кезекшінің мәлімдемесін қабылдау.

-Оңға, солға айнала бұрылу.

Жүру жаттығулары.

-Қолдар жоғары аяқтың ұшымен жүру.

-Қол желкеде өкшемен жүру.

-Қол белде жартылай отырып жүру.

Жүгіру жаттығулары.

-Оң қапталмен жүгіру.

-Сол қапталмен жүгіру.

-Тізені көтеріп жүгіру.

-Өкшені артқа сермеп жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығулары.

-Басты оңға 4 рет, солға 4 рет айналдыру.

-Қолдарды иыққа қойып, иықты алға 2 рет, артқа қарай 2 рет айналдыру.

-Қолдар кеуде тұсында, 1-2 санында қолдарды алға, 3-4 санында оң қапталға, 1-2 санында қолдарды алға, 3-4 санында сол қапталға құшақ жаю.

-Оң қолды жоғары ұста,сол қол белде 1-2 санында сол қапталға, сол қолды жоғары ұстап оң қол белде, 3-4 санында оң қапталға қарай иілу.

-Сан реті бойынша отырып тұру.

-Бір орында секіру, оң аяқта 5рет, сол аяқта 5рет, қос аяқта 7рет.

30 секунд

30 секунд


30 секунд

30 секунд

30 секунд

30 секунд

30 секунд

30 секунд


30 секунд

1 минут


30 секунд

30 секунд

30 секунд

30 секунд

5-6 рет


5-6 рет

5-6 рет

5-6 рет





Оқушылардың сыртқы көрінісіне (форма) көңіл бөлу


Пәрмендерді мұқият орындау



Алақандар ішке қарайды.

Денені тік ұстау.



Арқаны түзу ұстау.



Тәртіпке қара

Қолдарды алға, артқа айналдырып орындау.

Қол тізеге тигізіп орындау.

Қолдарды буксеге тигізіп орындау.

Жалпы дамытушы жаттығуларын дұрыс орындауын қадағалау.

Аяқты нықтың деңгейінде ашамыз, денені тік ұстау.

Шынтақты бүкпей орындау.

Аяқ арасын қосып. Қол желкеде.


Негізгі бөлім 20-25 мин

Төмен жөмен жүрелеп отырады да, екі аяқты сәл алшақ ұстап, екі тізені екі жаққа жіберіп , екі қолды екі аяқтың сырт жағынан еденге тіреген қалыптан бастйды: денені және қолды бүге отырып, басты еңкейте тізеге тақап, аяқпен сәл демеп аударылып түседі. Бұл кезде арқа доғаша иіліп, бұлшық еттері қатаяды. Осындай қалыптағы жиырылу аяқтың данані итеру күші жүрелеп отыру қалпына келгенге дейін созылады. Алға қарай домалап асып түсуді орындаған кезде мынадай қателіктер жіберілуі мүмкін: а) бастың еденге тиюі; ә) жиырылған денені уақытынан бұрын жазу; б) домалап түсудің бастапқы кезінде қолды алға таман жылжытып жіберу; в) домалап түскеннен кейін аяқты жазып, көсілу.                                            Артқа қарай домалап асып түсудегі жүйелілікті шалқадан жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа серпілуден бастаған дұрыс. Үйрену жүйесінің келесі кезеңі – жүрелеп отырудан артқа қарай домалап асып түсу арқылы қолды тіреп тізерлеп отыру, домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп тұру; артқа қарай домалап түсу арқылы қолды тіреп отырғаннан кейін жоғары секіру; артқа қарай қатарынан екі – үш рет домалап асып түсу.


2мин



5мин




3мин




3мин




5мин

Топ басшыларын тағайындау




Мұқият тыңдау.

Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.




Сыныптасының көмегімен жасау.Денені тік ұстау. Аяқ ұшына секіріп түсу.





Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.

Қорытынды бөлім 4-5 мин



Оқушыларды сапқа тұрғызу, жетіскендігін және кемшілігін атап өту. Бағалау.


Үйге тапсырма. Арнайы жүгіру жаттығулары

3 минут




2 минут

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мақтау,мадақтау.



Жаттығу жасағанда кеткен қателіктерін айтып өту.