Бекітемін:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: З.Тасымова
Күні:
Сыныбы: 6а,ә - 7а,ә
Тақырыбы: Құт мекен – Тұрмағамбет ұл – қыздары елімнің спорттағы жұлдыздары
Мақсаты: І. Оқушының Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту.
Оқушы бойында патриоттық сезім қалыптастыру, ерлікке,
отаншылдыққа, елжандылыққа баулу. Тәуелсіздік мәнін
тереңірек ашып көрсету.
ІІ. Оқушылардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуына көңіл бөлу.
Спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру,
ойынға деген қызығушылығын арттыру.
ІІІ. Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке,
жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Қажетті құрал – жабдықтар: доптар, кедергілер, секірмелер, шарлар.
Өтетін орны: спорт зал
Уақыты: 9.30 – 10.00
Құт мекен – Тұмағамбет ұл – қыздары елімнің спорттағы жұлдыздары
(спорттық жарыс)
Барысы: 1. Кіріспе сөз;
2. Спорттық жарыс;
3. Қорытынды сөз, марапаттау.
1 – жүргізуші: Бұл күндері Қазақстан өзінің ең басты мейрамы – Тәуелсіздік күнін атап өтуде. 1991 жылдың 16 желтоқсанында әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды.
2 – жүргізуші: Бүгін өз келешегіне бет алған Тәуелсіз Қазақстан – бұл біздің ортақ мақтанышымыз. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
1 – жүргізуші: Тәуелсіз тойға арналған,
Бүгінгі бәйге қандай - ды.
Кім келер екен алдыда,
Жарыс тек жүйрік таңдайды.
2 – жүргізуші: «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күр тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген» - деп, Жұбан Молдағалиев атамыз жырлағандай бәрің де егемен еліміздің бақытты ұл – қыздарысыңдар. Ата – бабамыз бізге ұлан ғайыр жерді мұра етіп қалдырған. Осы ата – бабамыздың алған жерін үшін денесі мығым, батыр да ержүрек ұрпақ тәрбиелеу қажет. Олай болса, осы егемен еліміздің болашағы, қорғаны болатын ұл – қыздарымыздың қатысуымен өтетін «Құт мекен – Тұрмағамбет ұл – қыздары елімнің спорттағы жұлдыздары» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!
Бұл сайысқа 6 – 7 сынып оқушылары қатысады.
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Спорттық оқушыларды шақырамыз. (Осы кезде әр топ өздерін таныстырып жібереді)
1 – жүргізуші: Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер,
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстыра кетейік:
Тәрбие ісінің меңгерушісі, тарих пәнінің мұғалімі – Зарипа Тасымова;
БӘД және дене шынықтыру пәні бірлестігінің жетекшісі - Абауов Сағат;
Мектеп тәлімгері – Бибігүл Айтпақова.
Спорттық жарыс ойынының шарттары:
Кім жылдам?
Тасымақ
Футбаскет
Қол күрес
Секіртпемен секіру
Мергендер.
2 – жүргізуші: Ұрпақ керек ертеңгі алға,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, түні таза,
Елін – жерін қорғайтын – дей отырып, І турымызды бастаймыз.
«Кім жылдам?» ойыны.
Ойын шарты: Мұғалімнің белгісі бойынша 1 – ші тұрған оқушы қолындағы допты аяғының арасынан екінші оқушыға домалатып береді. 2 – ші оқушы 3 – ші оқушыға, осылай соңғы оқушыға дейін жалғастырылады. Соңғы ойыншы допты алысымен тез жүгіріп, өз тобының алдына тұрып, ойынды жалғастырады. Қай топ оқушылары тапсырманы тез орындаса, сол топ жеңеді.
1 – жүргізуші: Мәдениет өркендеп,
Табиғат көркейіп,
Қазақтың сымбатты,
Ұл – қызы көбейсін – дей келе ІІ турымыз «Тасымақ» ойынына кезек береміз. Бұл ойында екі ойыншы арқасын түйістіріп, жанымен жүгіріп өту.(Кейін қарай қайталанады, бірі оң, екіншісі сол жағымен тез секіріп жүру).
2 – жүргізуші: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып серкі ете біл.
Спортты серкі ете біл,
Чемпион болу оңай ма,
Арман болған талайға,
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
ІІІ турымыз «Футбаскет» ойыны. Белгі бойынша кедергілер арқылы допты аяқпен жүргізу және қайтарда допты жерге ұрып қайту.
1 – жүргізуші:Ерлік – елдің қасиеті,
Жүректілік жігіттің қасиеті – демекші, келесі ІV турымыз «Қол күрес» ойыны. Бұған әр командадан 2 ер баладан шығады.
2 – жүргізуші: Денсаулық ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі – дей келе V турымыз «Секіртпенмен секіру» ойынына кезек берсек. Ойын шарты бойынша кедергілер арасынан секіріп барып, секіріп қайтады. Ойыншы сөре сызығына секіріп жетіп екінші ойыншының қолына секіртпені береді. Ойын солай жалғасып, қай команда бұрын келсе, жеңімпаз атанады.
1 – жүргізуші: Еңбек етем сен үшін туған елім,
Тіршіліктің тірегі туған жерім – дей отырып, келесі соңғы турымыз «Мергендер» ойынын бастаймыз. Әр командадан 3 оқушы қатысады.Ойын шарты бойынша бір оқушы қос аяқпен кедергілер арасынан секіріп өтіп, шарды жарады. Кайтарда жүгіріп қайтады.Сол шардың ішінде сұрақ болады. Сол сұраққа ойын аяқталғаннан кейін жауап береді.
Сұрақтар: 1. 2011 жылғы қысқы Азияда ойындары қай елде, қандай қалаларда өтті?
2. Тоғызқұмалақ ойынында неше тас, неше отау, неше қазан болады?
3. 1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін еліміздің Туы екі жағдайда ғана көтеріледі. Соларды атап айтсаныз?
4. 2008 жылғы Бейжін олимпиадасына Қазақстаннан қанша спортшы қатысты?
5. Седний – 2000 олимпиадасында бокстан олимпиада жеңімпаздары атанған спортшыларды ата?
6. Афины – 2004 олимпиадасында бокстан 69 келімен олимпиада чемпионы атанған боксшы?
7. Бейжін – 2008 олимпиадасында ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы атанған жерлесіміз кім?
8. Мектебіміздегі дзюдада күресінен аудан, облыс жеңімпаздарын ата?
9. Атланта олимпиадасы қай жылы болды?
10. Бейжін – 2008 олимпиадасына Қазақстаннан 131 спортшы қатысты. Соның ішінде 2 алтын алдық. Сол алтын алған спортшыларымыз ата?
11. Қажымұқан атамыздың фамилиясы?
12. Ұлттық күресіміздің атауы?
2 – жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келдіңіз.
Әділ қазы алқасы,
Өнерге баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар, сөз кезегі өздеріңізде. (Әділ қазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).
1 – жүргізуші: Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай атамызда, - дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын деген тілекпен, сайысымызды аяқтаймыз.
Жауаптары:
Қазақстан елі, Астана мен Алматы қалаларында.
81 тас, 18 отау, 2 қазан бар.
1 – сі Президент сапарында, 2 – сі спорттан халықаралық және олимпиадалық жарыстарда жеңімпаз болғандардың құрметіне көтеріледі
Бейжін – 2008 олимпиадасына 131 спортшы қатысты.
Бекзат Саттарханов – 57 келі
Ермахан Ибраимов – 71 келі
Бақтияр Артаев – 69 келі
Илья Ильин – 94 келі
Абенов Жайдар, Тәңірбергенов Абылай, Әбенов Олжас, Қазыбаев Дәулет, т.б.
1996 жылы болды
Бақыт Сәрсекбаев, Илья Ильин
Қажымұхан Мұңайтпасұлы
Белдесу
Жауаптары:
Қазақстан елі, Астана мен Алматы қалаларында.
81 тас, 18 отау, 2 қазан бар.
1 – сі Президент сапарында, 2 – сі спорттан халықаралық және олимпиадалық жарыстарда жеңімпаз болғандардың құрметіне көтеріледі
Бейжін – 2008 олимпиадасына 131 спортшы қатысты.
Бекзат Саттарханов – 57 келі
Ермахан Ибраимов – 71 келі
Бақтияр Артаев – 69 келі
Илья Ильин – 94 келі
Абенов Жайдар, Тәңірбергенов Абылай, Әбенов Олжас, Қазыбаев Дәулет, т.б.
1996 жылы болды
Бақыт Сәрсекбаев, Илья Ильин
Қажымұхан Мұңайтпасұлы
Белдесу
Жауаптары:
Қазақстан елі, Астана мен Алматы қалаларында.
81 тас, 18 отау, 2 қазан бар.
1 – сі Президент сапарында, 2 – сі спорттан халықаралық және олимпиадалық жарыстарда жеңімпаз болғандардың құрметіне көтеріледі
Бейжін – 2008 олимпиадасына 131 спортшы қатысты.
Бекзат Саттарханов – 57 келі
Ермахан Ибраимов – 71 келі
Бақтияр Артаев – 69 келі
Илья Ильин – 94 келі
Абенов Жайдар, Тәңірбергенов Абылай, Әбенов Олжас, Қазыбаев Дәулет, т.б.
1996 жылы болды
Бақыт Сәрсекбаев, Илья Ильин
Қажымұхан Мұңайтпасұлы
Белдесу