Сабақ тақырыбы: : Баскетбол.Допты екі қадам жасау арқылы шығыршыққа тастау
Сабақ: 2
Уақыты 10.15-11.00
Сынып: 6
Күні:19-қазан
Спорт залы
Басқару жоспары Жоспардың мазмұны
Мен сыныппен қалай амандасамын?
Оқушылыарды жақсы көңіл-күйімен қарсы алу. Сыныппен сәлемдесу, оқушыларды сапқа тұрғызу. Сабақтың мақсаттарымен таныстырамын.
Мен сыныппен жұмысты қалай бастаймын?
Баскетбол ойының ережелерін қайталап, оларды қарату, сұрақтарға жауап беру.
Мен оқушыларды топқа қалай бөлемін?
Мен оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-2-ге санақ жүргізіп 2 топқа бөлемін.
Сыныпта барлығы үшін мақсат бірдей бола ма?
Бәрі бірдей жаттығуларды орындайды, ережелерді біледі, сабақта қолдана алады.
Мен оқушыларды қалай бағалай аламын?
Критерийалды арқылы бағалаймын
Сыныпта тапсырманы барлығынан тез орындайтын балармен не істеймін?
Сыныпта жаттығуларды тез орындайтын оқушыларға күрделі жаттығулар беремін.
Менің мақсатым:
ережелерді ойында дұрыс қолдану Мақсаты: Допты себетке лақтыру әдіс-тәсілін үйрету.
Көзбен мөлшерлей білуге, дәлдікке, тиянақтылыққа, алғырлыққа баулу.
Оқушылар нені біледі?
Баскетбол ойының ережесін біледі, бүгінгі сабақта оларды ойында дұрыс қолдану.
Сабақ соңында оқушылар нені біледі және нені жасай алады?
Допты алаңның әр жерінен себетке лақтыруды, айып добын орындауды, қозғалыста допты себетке лақтыруды біледі. Жаттығуды жасай алады.
Мен сабақ сәтті өткендігін қалай білемін?
Оқушылардың көңіл-күйіне және сабаққа қатысуларына қарай. Сабақ туралы ойларын айтқанда сабақ қалай өткендігін білемін.
Осы тақырыпта қандай тұжырымдылық қиындықтар болады?
Кейбір кезде ережені сақтамау