Атанчинова Ардак Амангельдиевна
Қаракөл орта-мектеп бақшасы
дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Жеңіл атлетика
Сабақтың мақсаты:
Төмендегі сөреден 60м қашықтыққа жүгіру.
Жүгірудің әр түрлі жағдайдағы әдіс-тәсілдерін дамыту.
Оқушылардың өзін-өзі ұстауы мен мінез-құлқын қалыптастыра отырып жылдамдыққа, ептілікке, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың қысқаша мазмұны
Уақыты
Әдістемелік нұсқаулар
Дайындық бөлім 10-12 мин
Сапқа тұрғызу.
Сәлемдесу, тексеру.
Қысқаша сабақтың тақырыбын түсіндіру.
Саптағы жаттығулар «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Айнал!», «Алға!», «Алға бас!».
Жүгіру.
Әртүрлі жүгіру жаттығулары, тізені көтеріп, аяқты алдыға түзу ұстап, оң, сол қапталмен жүгіру.
Жалпы дамыту жаттығулар топпен орындалады:
Жүру (ақырын, жай жүру және біртіндеп жылдамдықты қосу)
Жүгіру (ақырын, жай жүру және біртіндеп жылдамдықты қосу)
Арнайы жаттығу
Жанымен, артқа жүгіру.
Алға, артқа баяу жүгіру.
Қолды артқа ұстап, аяқты артқа сермеп бір қалыпты жүгіру.
Сол аяқты көтеріп жай жүгіру(5рет)
Сол аяқты көтеріп жай жүгіру (5рет)
2 мин
1мин
3мин
3мин
3 мин
Арнайы спорт киіміне, оның тазалығына, жалпы сабаққа даярлығына назар аудару. Берілген бұйрық бойынша орындауы керек.
Жүгіргенде қолдың үйлесімді қимылдауын қадағалау.
Еркін тыныс аламыз.
Алдыңғы сыртқы келе жатқан әріптестеріңе кедергі жасама. Жүрісті сол аяқпен бастап, денені тік ұстау.
Ара қашықтықты сақтау. Жаттығулардың дұрыс орындалуын көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отыру.
Жаттығуды дұрыс орындау.
Негізгі бөлім 28-30 мин
Бүгін біз төмендегі сөреден шығуды және 60м қашықтыққа жүгіруді үйренеміз.
Қысқа қашықтыққа жүгіру төменгі сөре қалпынан басталады. Ол жүгіруді жылдам бастауға және қашықтықтың қысқа қиындыларына (бөліктерінде) жоғары шапшаңдықты дамытуға мүмкіндік береді.
Сөреден жылдам шығу үшін сөре қалаптарын пайдаланады. Алдыңғы қалып сөре сызығынан 1,5 табан қашықтыққа, ал артқы қалып алдыңғы қалыптан 1-1,5 табан қашықтыққа қойылады.
Старт сызығына тұрып, қолды қойып үйрену.
Старт сызығынан 25см қашықтыққа алдыңғы аяқты итеру және артқы аяқты сермеуді үйрену.
«Дайындал!» Сызыққа келіп, жамбасты иық деңгейінен шамалы көтеріп, иықты қолдар орналасқан сызықтан сәл-пәл ұмсындырып шығару қажет. Бұл жағдайда дененің салмағы екі қолы мен аяққа, яғни төрт нүктеге тең бөлінеді.
«Жүгір!», «Марш!» пәрмені бойынша алғашқы қозғалыс қимылға бар күшті салуға тура келеді. Сөре қалыптарынан екі аяқпен серпілу бір мезгілде қатар орындалады.
Эстафеталық ойын.
20мин
Жүгіру тәсілдерін көрсету бойынша дұрыс орындау.
Оқушылардың үйренген әдістерін жетілдіріп қалыптастыру.
Аяқты дұрыс қою.
Мұғалімді тыңдау.
Бұйрықты орындау және қалпына келу.
Тұлғаны дұрыс ұстау.
Қозғалыс әдістерін арттыру.
Қауіпсіздік ережелерін сақтап, әріптестеріне кедергі жасамай жүгіру.
Қорытынды бөлім 3-5 мин
«Бір! Екі! Бастаңдар!» деген белгісінен кейін әр топтан бірінші тұрған ойыншылар жүгіре жөнеледі. Көп кідірмей жолдан бір кубикті алып, белгіні айналып келіп, екінші баланың алақанын соғу арқылы ойын кезегін береді де, өзі тізбектің соңына барып тұрады.
Ойын осылай топтағы барлық бала ойнап болғанша жалғасады. Ойын шартын бұзбай ойнаған және ұйымшылдық пен шапшаңдық көрсеткен топ жеңіске жетеді.
Сапқа тұрғызу.
Организмді бастапқы қалыпқа түсіруге арналған тыныс жолдарына әсер етуші арнайы жаттығулар жасау.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Оқушының білімін бағалау.
1 мин
2мин
Дұрыс тыныс ала білу, сапта ара қашықтықты сақтап, түзу тұру.