Ашық сабақ жоспары.Сабақтың тақырыбы:Бірнеше отын базасын сипаттау және салыстыру, қорытынды шығару№

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Сабақтың тақырыбы: Бірнеше отын базасын сипаттау және салыстыру, қорытынды шығару. Сарамандық жұмыс №3

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның отын-энергетика кешенінің дамуы болашағы туралы қорытынды шығару.

Сабақтың дамытушылығы: Қазақстан байлықтарымен таныса отырып,балалардың қызығушылығын өзін-өзі тексеру дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Ұжымдық қарым-қатынасқа,ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: тарих,химия,география.

Көрнекілігі: Қазақстанның экономикалық картасы,атлас 9-сынып,интерактивті тақта,тас көмірдің,жанар майдың,мұнайдың коллекциясы.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. 1-2-3-4 тапсырмалар.

Жаңа сабақты меңгерту:

  1. Отын-энергетика кешенінің құрылысы.

  2. Отын өнеркәсібі.

  3. Электр энергетикасы.



1-топ

Көмір тобы 2-топ 3-топ

Газ тобы

Мұнай тобы

Зерттеу тарихы

Геологиялық қоры

Қарағанды

Екібастұз

Шетел компания

Шаруашылықта пайдалану

1.Зерттеу тарихы

2.Геологиялық қоры

3.Атырау-Ембі

4.Маңғыстау

5.Шетел компаниясы

6.Шаруашылықта пайдалану


1.Зерттеу тарихы

2.Геологиялық қоры

3.Шетел компаниясы

4.Ірі ЖЭС,СЭС,АЭС.

5.Шаруашылықта пайдалану

6.Қазақстан-2050 стратегиясы

Сабақты қорытындылау : Практикалық жұмыс № 3

  1. Қазақстанның басты экспорттау қызыл сызықпен және импорттауды сары түспен,мұнай құбырларын картаға түсіру керек.

  2. Қазақстанда-Қытай мұнай экспорттау бағытын жасыл сызықпен сызып шығу.





1. Мұнай өнеркәсібі зерттелуі.

Қазақстанда мұнай революцияға дейін 1899 жылдан бастап,Ембіде Қарашұңғыл өңдіріле бастады.1911 жылдың Доссор 1915 жылдан бастап Мақат кен орындары мұнайды тұрақты өндіруде.Қазақстан аумағының 62%-ын алып жатыр.Мұнай қорының 90%-ын 15 ірі кен орнында шоғырланған.(Теңіз,Қашаған,Өзен,Жетібай,Қаламқас т.б.)Мұнай кен орындары Ақтөбе,Атырау,Батыс Қазақстан,Маңғыстау,Қызылорда және Қарағанды облыстарында кездеседі.Көмірсутекті шикізаттың 70%-ы Қазақстанның батысында шоғырланған.

Қазақстан экономикасы үшін мұнай-газ секторының маңызды екендігін көрсетеді.Қазіргі уақытта бұл сектор бюджетке түсетін табыстың үштен бірін құрайды.Жалпы ішкі өнімнің 25%-ы мұнай-газ секторынан түседі.

Мұнай-газ секторына Қазақстан экспортының 60%-ы тиесілі.

2. Геологиялық қоры

Қазақстан мұнай қорынан дүниежүзінде оныншы,ал оны өндіру көлемінен он бірінші орында алып отыр.Қазақстан Республикасының өндірілетін көмірсутекті шикізаттың жалпы болжаған қоры 17 млрд тонна болса,соның 8 млрд тоннасы Каспий теңізінің Қазақстандық секторына тиесілі.Дәлелденген мұнай қорынан Қазақстан дүниежүзінің 15 жетекші елдерінің қатарына кіреді. Қазақстанда мұнай қоры 13 млрд тоннасы құрап әлемдік қордың 3,3%-ын береді.

Каспий қайраңында мұнайдың өте бай қоры шоғырланған.Болжам бойынша мұнайдың қоры -7 млрд тонна,газ конденсаты бойынша 1,6 млрд тонна және табиғи газ-5,9 трлн м-3.

Каспий кайраңында қоры мол-Кашаған,Құрманғазы,Ақтоқты,Шаған,Қайран,кендері ашылған.



3. Атырау, Ембі

Атырау 1979 жылы Атырау облысында ашылған теңіз алабы-дүниежүзіне ірі мұнай кен орындарының бірі мұнайдың геологиялық қоры.3 млрд 133 млн тонна 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың «Шеврон» компаниясы арасында «ТеңізШевройл» серіктестігі құрылып,Теңіз және Королев мұнай кені игеріле бастады.Теңіз мұнайын экспорттау мақсатында мұнай кені игеріле бастады. Теңіз мұнайын экспорттау мақсатында 2001 жылы ұзындығы 1580 км Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры іске қосылды.Теңіз кенішінде қазіргі уақытта жылына 30млн тоннаға дейін мұнай өндірілуде.

4. Маңғыстау

Маңғыстау облысының Өзен,Жетібай,сондай-ақ Бозашы түбегіндегі Қаламқас және Қаражамбас кен орындарынан мұнай өндірілуде.Мұндағы мұнай құрамында күкірт болғанымен,қарамай аз да,парафині көбірек болып келеді. (18-20%)

Парафинді мұнай жылдам қатады,сондықтан оны құбырмен тасмалдау үшін жылыту әдісі қолданылады.

Қызылорда және Қарағанды облыстарының шекаралас жерінде Құмкөл мұнай кені ашылды. Оның қоры-45,2 млн тонна.Оны қазір «Петро Құмкөл» біріккен кәсіпорны өндіруде.Өңдеу үшін Құмкөлдің мұнайы алған теміржолмен,қазір құбырмен Шымкент мұнай өңдеу зауытына жеткізілуде.(Кеңқияқ-Құмкөл-Қарақойын)

Бұл құбыр жолы сонымен бірге Атасу –Алашаңқай (Қытай) мұнай құбырына мұнай жеткізеді.

5. Шаруашылықта пайдалану

Осы заманғы шаруашылықты мұнайсыз елестету мүмкін емес мұнай шикі күйінде пайдаланылмайды. Оны өңдеген кезде түрлі отын, яғни бензин, дизель майы, керосин және химиялық өнімдер алынады. Мұнайды өндеу барысында түзілетін мазут электростанцияларында, металлургия пештерінде отын ретінде қолданылса, оның соңғы қалдығы гудрон жол құрылысында пайдалыналады.

Еңбі мұнайын Ұлы отан кезінде әскери ұшақтарға жанармай ретінде құйған. Ал мұнайды өңдеу барысында пайда болған газ қалдықтары химиялық шикізат болып табылады. Оны өңдеу арқылы синтетикалық талшық, каучук, спирт, пластмасса т.б. өнімдер алынады.

6.Шетелдік компаниялар

Қазақстанда 70 жуық мұнай өндіру компаниясы бар.Соның ішінде7 компания жетекші орын алады.Солардың арасында «Теңізшевройл» ЖШС көшбасшы,мұндағы Қазақстанның үлесі 20 % құрайды.Қазақстанда жұмыс істегелі 20 млрд доллар инвестиция бөліп,1999-2012 жылдардағы таза табыс 27 млрд құрады.Ал Өзен мұнай газ (100%) Ембімұнайгаз(100%) ,Маңғыстау мұнайгаз 50%,Құмкөл мұнай газ (100%) .Ақтөбе облысындағы мұнай өндіру қытай компаниясына қарайды.

Қазақстанда 3 мұнай өңдеу зауыты-Атырау,Павлодар және Петро Қазақстан Ойл Продактс (Шымкент) жұмыс істейді.Павлодар мұнай өңдеу зауыты Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбырымен келетін Батыс Сібір мұнайымен,Ал Шымкент мұнай өңдеу зауыты Батыс Сібір және Құмкөл (30%) мұнайымен жұмыс істейді. Зауыттардың мұнай өңдеу мөлшері -12,1 млн тонна.Қазақстандағы мұнай өңдіру мөлшерінің 28 %-ы еліміздің кәсіпорындарына 72% шетелдік инвесторлар-АқШ,Қытай,Ресей.



7. Көмір өнеркәсібі

Зерттеу тарихы

Қарағанды аумағынан алғаш рет көмірді 1831 жылы қойшы бала Апақ Байжанов тапқан болатын.Көмір өнеркәсібінің тарихына тоқталсақ, XIX ғасырдың ортасынан Қарағанды,Екібастұз,Ленгер алаптарынан жылына 108,8 мың тонна көмір өндірілсе,Кеңес өкіметі жылдарында көмір өндіру мөлшері 138 млн тоннаға жетіп,шаруашылықтың қажетін қамтамасыз етіп отырды.Екібастұз көмірін алғаш рет 1867 жылы Қасым Пішенбаев ашқан.



8.Геологиялық қоры.

Қазақстан аумағында әлемдік көмір қорының 3,6 %-ы,ТМД елдері көмір қорының 15% -ы шоғырланған.Көмірдің республика аумағындағы жалпы қоры-176,6 млрд тонна,оның 100-ден астам кен орындары ашылып,40-тан астамы жан-жақты барланған.Көмірдің негізгі қоры Қазақстанның солтүстік,орталық бөліктеріне шоғырланған.

9.Қарағанды.

Қарағанды көмір алабының жалпы геологиялық қоры-51 млрд тонна.Алаптың ауданы-3 мың км 2,тереңдігі-50-300 м. Көмірдің қалыңдығы-1,5-15 м,құрамында күкірт пен фосфоры аз болғандықтан,республикадағы кокстелетін көмірдің 100%-ы осы Қарағанды көмір алабынан өндіріледі.Қарағанды көмір алабына Жезді мен Атасудың темір,марганец шығаратын кен орындарының, Топар мен Байқоңыр доломитінің жақын болуы көмір өнеркәсібінің жедел дамуына мүмкіндік туғызды.

10. Екібастұз

Екібастұз-еліміздегі ең арзан көмір өндіретін алап.Көмірдің геологиялық қоры-12 млрд тонна.Көмір қабатының қалыңдығы-100-120 метр.Екібастұзда жылына 50 млн тонна көмір өндіретін ашық карьер.Сонымен бірге мұның құрамында «Центральный» «Восточный» «Северный» «Степной» кенді ашық өндіру кеніштері бар.

11.Шаруашылықта пайдалану

Республиканың көмір саласы жылу электр станцияларын 80%,кокс –химия өндірісін 100%,коммуналдық тұрмыстық сектор мен халықтың сұранысын толық қамтамасыз етіп отыр.Екібастұз энергетикалық көмірімен Солтүстік Қазақстан Батыс Сібір және Оралдың 20-дан астам ЖЭС жұмыс істеуде.Жалпы электр энергиясын өндіруде еліміздің электр станциялары жылу электр станциялары (ЖЭС),су электр станциялары (СЭС),атом электр станциясы болып бөлінеді.

12. Газ

Зерттеу тарихы

Қазақстан отын-энергетика кешенінің ең жас саласы. Газ-толық жанатын,ауаны ластамайтын құбыр жолымен тасымалданатын отын түрі.Қазақстанда газ мұнаймен бірге және табиғи түрде жеке кездеседі.Мұнайдың қосалқы газы Атырау-Ембі алабында мол.Маңғыстау түбегіндегі Теңге,Үстүрт кен орындары табиғи газға бай.Жалпы газдың ірі кен орындарына Қарашығанақ,Имаш,Жаңажол,Батыс Прорва,Тасболат,Шынар,Өзен,Үстүрт, т.б. жатады.

1980 жылдардан бастап,Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде Қарашығанақ газ конденсаты игерілуде.Ол Қазақстан газ қорының 70% құрайды.





13 .Геологиялық қоры.

Қазақстанда Каспий қайраңын қоса алғандағы газдың жалпы қоры-6 трлн м3.Еліміз газ қоры жөнінен дүние жүзінде 12 орнында.Қазақстанда әлеуметтік қордың 1,7 % тиесілі.ТМд елдерінің ішінде Ресей,Түрікменстан және Өзбекстаннан кейінгі төртінші орында.Газдың барлық қорының 98% Батыс Қазақстан экономикалық ауданының Маңғыстау,Батыс Қазақстан,Ақтөбе және Атырау облыстарына тиесілі.

14.Шетелдік компаниялар

Оны өндіруге әлемнің ЭНИ (Италия) Бритишгаз,Шеврон,Тексако (АҚШ) және Лукойл (Ресей) сияқты компаниялар қатысуда.Негізгі газ өндіретін компаниялар Қарашығанақ,Петролеум Оперейтинг,Теңізшевройл,Толқынмұнайгаз,CNPC-Ақтөбемұнайгаз.Жамбыл облысының Сарысу аймағынан Амангелді газ кені игеріліп,Тараз қаласына газ берілуде.Жылына 300-330 млн м3 газ өндіріледі.Сондай-ақ Амангелді газ кені Ташкент(Газлы)-Алматы магистральды газ құбырына қосылған.

Қызылорда облысының Ақшабұлақ кен орнынан газ өндіріліп,облыс орталығын газбен қамтамасыз етеді.

Газды ішкі тұтынудың 30% Қазақстанның оңтүстігінде берілетін Өзбекстаннан импорттау есебінен (Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары)және Қостанай облысынан Қарашығанақ газын Қазақстаннан Ресейге жіберу арқылы алмасу есебінен қамтамасыз етіледі.