Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы бойынша практикалық жұмыстар 9-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




9-сынып. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы бойынша практикалық жұмыстар



Халқы және еңбек ресурстары

Практикалық жұмыс:

1.Қазақстан халқының тығыздығын анықтау: а) елдегi халықтың орташа тығыздығы; б) жергiлiктi жердегi халықтың орташа тығыздығы.

2.Халықтың құрамы, құрылымы және орналасуы жөнiнен диаграмма құру (оқулықтың қосымшасындағы статистикалық материалдарды пайдаланыңыздар).



Қазақстанның шаруашылық географиясы. Отын–энергетикалық кешен

Практикалық жұмыс:

1.Шаруашылық құрылымының сызбасын құрастыру.

2.Кескiн картаға мұнай және газ кен орындарын, негiзгi көмiр бассейндерi мен электр станцияларын түсiру.



Металлургия кешенi

Практикалық жұмыс.

1.Карта және статистикалық материалдар бойынша бiр металлургиялық базаға сипаттама беру.



Машина жасау кешенi

Практикалық жұмыс:

1.Карта мен статистикалық материалдарды пайдаланып, машина жасау кешенiнiң бiр саласына жоспар бойынша сипаттама беру.



Химия өнеркәсiбi кешенi

Практикалық жұмыс.

1.Химия өнеркәсiбiнiң салалық құрамының сызбасын құрастыру.



Агроөнеркәсiптiк кешен

Практикалық жұмыс:

1.АӨК–ң салалық құрамының сызбасын құрастыру..

2.Картадан дәнді және техникалық дақылдардың, сонымен бірге мал шаруашылығының таралуының басты аудандарын анықтау.

3.Тамақ және жеңiл өнеркәсiп орталықтарының орналасуына талдау жасау.



Көлiк кешенi және аумақтық–өнеркәсiптiк байланыстар

Практикалық жұмыс:

1.Карта бойынша көлiк кешенiнiң тораптарын, оның елiмiздiң аумағы бойынша таралуын оқып - үйрену.

2.Жергiлiктi жердiң көлiк кешендерi жұмысына талдау жасау.



Орталық Қазақстан

Практикалық жұмыс.

1.Орталық Қазақстанның табиғат ресурстарының ерекшелiктерiн анықтау. Кескiн картаға пайдалы қазбалар мен олардың кен орындарын түсiру.



Шығыс Қазақстан. Батыс Қазақстан

Практикалық жұмыс.

1.Екi ауданның шаруашылығына салыстырмалы сипаттама беру (мұғалiмнiң таңдауы бойынша).



Солтүстiк Қазақстан. Оңтүстiк Қазақстан

Практикалық жұмыс.

1.Солтүстiк және Оңтүстiк Қазақстан экономикалық аудандарының ауыл шаруашылығына салыстырмалы экономикалық - географиялық сипаттама беру.



Қазiргi дүниедегi Қазақстан

Практикалық жұмыс.

1.Қазақстанның экономикалық байланыстары жөнiндегi мерзiмдiк басылымдардағы статистикалық материалдармен жұмыс жасау.