Сабақ жоспары география пәнінен тақырыбы: «Орта Еуропа елдері. Нидерланд» (11 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Сабақ№ 31

Сыныбы 11 «А»

Күні 14.01.2016 ж.


Тақырыбы: Орта Еуропа елдері. Нидерланд


Білімділік мақсаты – Орта Еуропа елдерінің жетекші елі туралы білім беру. Орта Еуропа елдерінің ортақ белгілері мен ішкі айырмашылықтары, Нидерланд елінің аймақтағы, халықаралық деңгейдегі алатын орны, «Бенилюкс» ұғымы мен «Голландия», «Амстердам», «Роттердам» атауларының мағынасы туралы білік-дағдыны қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталарға сүйене отырып, Нидерландтың геосаяси жағдайын, экономикалық-географиялық орнының шаруашылық дамуына әсерін, елдің шаруашылық құрылымының қалыптасуына әсер ететін жағдайларды талдау, халықтың діни құрамын көрсететін дөңгелек диаграмма мен кесте құрастыруға, шаруашылығына баға беруге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.


Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Еуропаның саяси картасы, «Орта Еуропа елдерінің құрамы» атты кесте, Нидерланд елінің экономикалық картасы, «Нидерланд өнеркәсібінің құрылымы» атты сызбанұсқа, «Роттердам портының сызбасы» атты сурет.


Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Пәнаралық байланыс: тарих, биология


Сабақтың жоспары:

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.


Үй тапсырмасын сұрау

1. Солтүстік Еуропа елдері

2. Солтүстік Еуропа елдерінің құрамына қандай елдер кіреді?

3. Солтүстік Еуропада қандай халықтар мекендейді?

Жаңа сабақ

Бұл топтағы елдердің құрамына талдау жасайды, осы елдердің жетекші елі – Нидерландқа жалпы шолу жасайды:

1. Мемлекеттік құрылымы

2. Геосаяси жағдайы

Нидерланд Корольдігі жергілікті жерде Nederland деп аталады. Бұл атау нидерланд тіліндегі neder («төменгі, аласа») және land («жер») сөздерінен құралған. Шындығында да мемлекет аумағының жартысынан астамы теңіз деңгейінен төмен жатыр. Нидерланд мемлекетін Голландия деп атау да жиі кездеседі. Бірақ Голландия мемлекеттің бір бөлігінің ғана атауы болып табылады. Голландия (Holland) атауы тұңғыш рет 866 жылы қолданысқа енген. Бұл атау жергілікті тілдегі holtland («орманды жер») деген сөзінен пайда болған. Елдің басқа тілдердегі атаулары түрліше болып келеді: француздар оны Pays-Bas, италиялықтар Paesi Bassi, финндер Alankomaat, ирландықтар Na hÍsiltíre деп атайды. Бұл атаулардың барлығының да мағынасы «ойпатты ел» дегенді білдіреді.

Нидерланд астанасы Амстердам атауы алғаш рет 1282 жылы Амстелредамме деп аталатын балықшылар деревнясы ретінде дереккөздерде келтірілген. Атаудың түпнұсқасы жалпы алғанда «Амстел өзеніндегі бөгет» деген мағына береді. Елде осы тәрізді Роттердам («Ротте өзеніндегі бөгет») деген атау бар.

Бекіту кезеңі

1. Нидерландтың геосаяси жағдайы, экономикалық-географиялық орны шаруашылықтың дамуына қалай әсер етті?

2. Елдің «Голландия» деп аталуының қандай мәні бар?

3. «Амстердам», «Роттердам» атаулары қандай мағына береді?

4. Нидерландтың ірі алып концерндері қалай аталады?

5. «Бенилюкс» деген ұғымды қалай түсінуге болады?

6. Ауыл шаруашылығының қандай салалары дамыған?

Қорытындылау:

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды.

Бағалау:

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Үйге тапсырма беру

1.Орта Еуропа құрамына кіретін елдерге арналған кесте құрастыруды аяқтау.

2.Елдің шаруашылық құрылымының қалыптасуына әсер еткен жағдайларға талдау жасау. Жауапты нақты мысалдармен толықтыру.

3.Нидерланд пен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстар туралы хабарлама дайындау.