Сынып: 7 «А, Б, В»
Тақырыбы: Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Еуразияның жер бедері, пайдалы қазбалары туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, қорғауға, сақтауға өз үлестерін қосуға бағыттау;
Дамытушылық: Өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өз беттерінше іздене білулеріне баулу;
Сабақ түрі: Аралас
Әдісі: Сұрақ-жауап, картамен жұмыс, оқулықпен жұмыс, жеке және топпен жұмыс.
Көрнекіліктер: Африка материгінің физикалық картасы, кескін карта, үлестірмелер, слайд
Барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сынып тазалығына көңіл бөлу
Үй тапсырмасын тексеру:
Африканың географиялық орнының қандай ерекшеліктері бар?
Физикалық картаны пайдаланып, Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді анықтандар.
Африка табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан қандай саяхатшыларды білесің?
Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту.
Жер қыртысы деген не?
Платформа дегеніміз не?
Геосинклиналь дегеніміз не? Оларға қандай жер бедері сәйкес келеді?
- Африканың физикалық картасынан түстер шкаласы арқылы анықтауға болады. Картада жасыл, сары, қоңырқай, қою қоңыр түстер көрсетілген. Ол жер бедерінің алуан түрлі екенін, яғни жазықтар, үстірттер, қыраттар және аласа, орташа, биік таулардың кездесетінін көреміз.
- Африка материгінің жер бедерінің өз ерекшелігі бар. Материкте абсолюттік биіктігі 200-ден 1000 м2 -ге дейін жететін жазықтар, қыраттар, үстірттер басым.
Африка материгінің платформасы ежелгі, бірнеше даму кезеңдері өтті. Бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсіуінен қатпарлы, қатпарлы жақпарлы таулар, үстірттер, қазаншұңқырлар пайда болды.
-Ең биік нүктесі қандай? (Килиманджаро жанар тауы)
-Ежелгі платформаларды ата. (Африка-Арабия, Ұлы Шығыс Африка, Айдаһар, Кап, Атлас платформалары жатады)
-Сейсмикалық белдеу-Ұлы Шығыс Африка жарылыстары, Килиманджаро жанар тауы
- Олай болса мынадай сұрақтарға жауап беріңдер?
Жер сілкінісі не себептен болады?
Жанартау дегеніміз не?
І. Географиялық диктант
I топ
I. XIV ғасырда мароккалық араб Әбу ибн Баттута ........................... түбегі аймағынан, кейін ...................... мен .............................. жерлеріне саяхат жасап, зерттеген.
II. Васко да Гама басқарған португал экспедициясы ........................... айналып өтіп, Сомали түбегі жағалауы арқылы ......................... қарай бағыт алған.
II топ
I. Материктің ірі құл сату орталығы болған батыс жағалауларға ......................................................................................................................................................... сияқты атаулар берілді.
II. Давид Ливингстон 1855 жылы Замбези өзеніндегі ....................................................................... ашқан. .............. жылы Оңтүстік Африканы батыстан шығысқа қарай ................... өзені бойымен кесіп өткен.
III топ
Генри Стенли ................................................ зерттеген. Ол Конго өзенінің бастауынан сағасына дейін жүзіп өтіп, оның бойындағы ....................................................... жүйесін ашқан.
Орыс ғалымы Н.И.Вавилов ...................... астам мәдени өсімдіктердің үлгілерін жинақтап, .................................. жері бағалы қатты бидайдың отаны екендігін анықтады.
ІІ. Маршруттық карта
1 қадам. Мәтінді оқып шыққан соң, Африкадағы өзгерістер әсерінен қалыптасқан үстірттерді теріп жазу
2 қадам. Чад, Конго, Калахари бұлар ..............
3 қадам. Енді картадан Мадагаскар аралын көрсету
4 қадам. Африканың ең биік нүктесін тауып, жазу
ІІІ.Сәйкестендіру
Мұнай-Гвинея шығанағы
Уран-Намиб шөлі
Алтын, алмаз-ОАР
Фосфорит-Атлас таулары
Көмір-Оңтүстік Африка
ІV. Сандар сөйлейді:
5895 м-(Килиманджаро жанар тауы)
3181 м - (Айдаһар тауының биік нүктесі)
4165 м - (Атлас тауының биігі Тубкаль)
-133 м - (ең төмен жері)
5109 м - (маргарита ш)
V. Семантикалық карта стратегиясы
Атауы
Сахара
Айдаһар
Нигер
Алмаз
Ливингстон
ОАР
Калахари
Виктория
Мұнай
Килиманджаро
Пайд. қазба
Шөл
зерттеуші
тау
өзен
көл
ел
VІ. Бекіту.
Тест
"Шығыс мүйіз" деп аталатын шығанақ
а) Судан б) Самали в) Сидра
2. Батысындағы шеткі нүктесі
а) Ине б) Рас-Хафун в) Альмади
3. "Биосфераның алтын қорына" енгізілген жер
а) Сахара б) Атлас тауы в) Эфиопия таулы қыраты
4. Палезой эрасында пайда болған тау
а) Кап тауы б) Атлас тауы в) Дирфур тауы
5. Пайдалы қазбаларға материктің қай бөлігі бай?
а) Батысы б) Солтүстігі в) Оңтүстігі
VІІ. Үйге тапсырма беру
VІІІ.Оқушылардың білімін бағалау