§50. Тірі ағзалардың көптүрлілігі және олардың таралу заңдылықтарының географиялық жағдайы
Нәтижеге бағытталған бағалау бөлімі (12 балдық критериалды бағалау жүйесі арқылы кері байланыс)
І деңгей (бес ұпай) І қадам: «Білу»
Бос орынға қажетті сөздерді тауып жаз:
Тапсырма: Жануарлар мен өсімдіктердің жаңа түрлері Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африканың ит тұмсығы батпайтын ылғалды тропиктік ормандарынан табылуда.
Тапсырма: Биогеография ғылымы өсімдіктер, жануарлар және микроағзалардың, сондай-ақ олардың бірлестігін зерттейді. Бір тіршілік формасы екінші тіршілік формасына бір жерден екінші жерге өткенде ауысады.
Тапсырма: Жануарлардың тіршілік формаларына сүтқоректілер, құстар, жорғалаушылар, балықтар, бунақденелілер жатады.
Тапсырма: Құрлықтағы биоценодың жалпы сипатын өсімдік анықтайды.
2- қадам: үлгі бойынша «Қолдану»
Тапсырма: Кестені толтыр
ІІ деңгей (5 ұпай + 4 ұпай = 9 ұпай ) І қадам: «Түсіну» Себебін анықта:
Тапсырма: Биоценоз жүздеген, тіпті мыңдаған түрлерден тұруы мүмкін. Әдетте құрлықтағы биоценозың жалпы сипатын неліктен өсімдік анықтайды? Ж.: Себебі өсімдік қана күн сәулесінің қуатын сіңіре отырып, көмірқышқыл газы, су және минералдық заттардан органикалық заттар құрайды.
Тапсырма: Неліктен Жердің пішінінің шар тәріздес болуының тіршілік үшін мәні зор? Ж.: Жердің пішінінің шар тәріздес болуынан әр аймағына күн сәулесінің түсуі әркелкі таралады.
2 қадам: «Талдау»
Тапсырма: 1) Венн диаграммасы арқылы полярлық және экваторлық аймақтарда өсімдік жамылғысының таралуын салыстыр.
Экваторлық Полярлық
2) Тақырыптың басты идеясын жаз........................................................................................................................................................ 3) Атластан өсімдіктер мен жануарлар дүниесі картасына талдау жаса, кескін картаға түсір.
3-қадам: Қолдану
4-Тапсырма: Өсімдіксіз биосфераның басқа құрамдас бөліктері, яғни жануарлар мен микроағзалар тіршілік ете алмайтынын жергілікті жердегі тірі ағзалардан мысалдар келтіре отырып, дәлелде.
ІІІ деңгей (5 ұпай + 4 ұпай + 3 ұпай = 12 ұпай ) І қадам: «Жинақтау»
1-Тапсырма: Сұрақтарға көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып жауабын жаз.
Жануарлар дүниесінің бай болуына не әсер етеді? Ж: Кез келген биоценоздағы өсімдік қорегінің байлығы жануарлар дүниесінің де бай болуына жағдай жасайды.
Тауларда топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесін қалай өзгереді? Ж: Тауларда топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі биіктік белдеулерге сәйкес келеді.
6-қадам: «Баға беру»
Сен қалай ойлайсың?
тапсырма: Өсімдіктер мен жануарлардың жазықтарда зоналар бойынша, тауларда белдеулері бойынша таралады. Биіктіктің артуына қарай.
тапсырма: Тақырыптың мазмұны бойынша эссе (пікіріңді) жаз.
§50. Тірі ағзалардың көптүрлілігі және олардың таралу заңдылықтарының географиялық жағдайы
Нәтижеге бағытталған бағалау бөлімі (12 балдық критериалды бағалау жүйесі арқылы кері байланыс)
І деңгей (бес ұпай) І қадам: «Білу»
Бос орынға қажетті сөздерді тауып жаз:
Тапсырма: Жануарлар мен өсімдіктердің жаңа түрлері __________ Америка, Оңтүстік-Шығыс ______ және ____________ ит тұмсығы батпайтын ___________ тропиктік ормандарынан табылуда.
Тапсырма: Биогеография ғылымы _____________,_____________ және _____________, сондай-ақ олардың ___________ зерттейді. Бір тіршілік формасы екінші тіршілік формасына _____ жерден ___________ жерге өткенде ауысады.
Тапсырма: Жануарлардың тіршілік формаларына _______________,_______________,______________, _________________,____________________ жатады.
Тапсырма: __________________биоценодың жалпы сипатын ______________ анықтайды.
2- қадам: үлгі бойынша «Қолдану»
Тапсырма: Кестені толтыр
ІІ деңгей (5 ұпай + 4 ұпай = 9 ұпай ) І қадам: «Түсіну» Себебін анықта:
Тапсырма: Биоценоз жүздеген, тіпті мыңдаған түрлерден тұруы мүмкін. Әдетте құрлықтағы биоценозың жалпы сипатын неліктен өсімдік анықтайды? Ж.: Себебі өсімдік қана күн сәулесінің қуатын _____ отырып, көмірқышқыл газы, су және минералдық заттардан ____________ заттар құрайды.
Тапсырма: Неліктен Жердің пішінінің шар тәріздес болуының тіршілік үшін мәні зор? Ж.: Жердің пішінінің шар тәріздес болуынан әр аймағына күн сәулесінің түсуі ___________ таралады.
2 қадам: «Талдау»
Тапсырма: 1) Венн диаграммасы арқылы полярлық және экваторлық аймақтарда өсімдік жамылғысының таралуын салыстыр.
Экваторлық Полярлық
2) Тақырыптың басты идеясын жаз........................................................................................................................................................ 3) Атластан өсімдіктер мен жануарлар дүниесі картасына талдау жаса, кескін картаға түсір.
3-қадам: Қолдану
4-Тапсырма: Өсімдіксіз биосфераның басқа құрамдас бөліктері, яғни жануарлар мен микроағзалар тіршілік ете алмайтынын жергілікті жердегі тірі ағзалардан мысалдар келтіре отырып, дәлелде.
ІІІ деңгей (5 ұпай + 4 ұпай + 3 ұпай = 12 ұпай ) І қадам: «Жинақтау»
1-Тапсырма: Сұрақтарға көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып жауабын жаз.
Жануарлар дүниесінің бай болуына не әсер етеді? Ж: Кез келген _____________ өсімдік қорегінің байлығы _______________ дүниесінің де бай болуына жағдай жасайды.
Тауларда топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесін қалай өзгереді? Ж: Тауларда топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі _____________ белдеулерге сәйкес келеді.
6-қадам: «Баға беру»
Сен қалай ойлайсың?
Tапсырма: Өсімдіктер мен жануарлардың жазықтарда зоналар бойынша, тауларда белдеулері бойынша таралады. Биіктіктің артуына қарай.
Tапсырма: Тақырыптың мазмұны бойынша эссе (пікіріңді) жаз.