Сабақтың тақырыбы: Шетелдік Еуропа бойынша қайталау
Мақсаты: Оқушылардың Шетелдік Еуропа елдері бойынша алған білімдерін жинақтау, қорытындылау.
Түрі : сайыс- сабақ
Көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, атластар, Еуропаның саяси картасы, презентациялар
Ойынның кезеңдері:
І – тур «Дода» ( жалпы сұрақтар беріледі. 10 сұрақ )
1.Еуропаның аралдарын қоса алғандағы ауданы. ( 10 млн. км2)
2.Еуроодаққа неше ел мүше. (25 ел)
3.Еуропаның ескі өнеркәсіпті аудандарын атаңдар. ( Милан, Фландрия, Лодзь, Рур, Йоркшир, Ланкашир, Лион)
4.Шетелдік Еуропаның халқының саны (730 млн.адам)
5.Гренландия және Фарер аралдары қай мемлекеттің иеліктері (Дания)
6.Ш.Еуропадағы князьдіктерді ата ( Лихтенштейн , Монако)
7.Ш. Еуропаның ірі тас көмір кен орындары ( Рур , Жоғары Силезия , Уэльс , Саар, Йоркшир)
8. Ш. Еуропа халқының орташа тығыздығы ( 1км2 – 100)
9.Ш. Еуропа бүкіл өнеркәсіп өнімнің 30% мен экспорттық 70%-ы қай саланың үлесіне келеді. (машина жасау)
10. Ш. Еуропаның ірі ғылыми орталықтары. (Кембридж, Мюнхен, Ницца, Лион)
ІІ – тур « 2 айналым» (10 оқушы)
Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру.
1.Германияның автомобиль астанасы ( Вольфсбург)
Германияның мемлекеттік құрылысы. ( ФР, 16 федерациялы жерлер, үкімет – канцлер, парл/т: бундесрат , бундестаг)
2.Ұлыбританияның бұрынғы доминиондары мен отарлары қазіргі кезде қандай ұйымға біріккен. (Британ бірлестігі)
Ұлыбритания ұшақ жасау жөнінен дүние жүзі бойынша нешінші орын алады? (2 орын)
Қандай ұшағын білесін?
3.Солтүстік Еуропаның халқы ең тығыз және ең сирек қоныстанған елдері (Дания , Исландия)
Тур Хейердал мен Руаль Амундсеннің отаны қай ел? (Норвегия)
4.Нидерланды халықтың тығыздығы жөнінен дүние жүзі бойыншы нешінші орын алады.
(3 – орын. 1 км2 – 387)
Нидерландының экономикадағы аса алып 3 концерні(Роял- Датч – Шелл, Юнилевер, Филипс)
5.Оңтүстік Еуропа елдері қандай түбектерде орналасқан.
( Пиреней,Аппенин, Балкан)
Испаниядағы шығу тегі белгісіз, ежелден келе жатқан кең таралған тілдердің бірі.Каталония, Баскілер елі, Галисия облыстарында таралған. (Баск тілі)
6.Микромемлекеттер
НАТО-ға мүше микромемлекет ел. Еуропадағы аса ірі қаржы орталықтарының бірі. (Люксембург)
Валетта қай микромемлекеттің астанасы?(Мальта)
7.Италия аумағында орналасқан сөнбеген жанартауларды ата. (Этна,Везувий)
Италияның аса ірі өнеркәсіпті орындарын ата (Рим, Неаполь, Милан,Турин.)
8.Шығыс Еуропа елдері
Бұрынғы СФРЮ ыдырағанда қандай тәуелсіз мемлекеттер пайда болды? (Македония, Хорватия,Словения,Сербия,Черногория, Босния- Герцоговина)
Кох-и- Нор фабрикасы қай елде? (Чехия)
9.Францияда қай ұйымның штаб-пәтері орналасқан. (ЮНЕСКО)
Франциядағы автомобиль шығаратын ірі концерндер.( Рено, Пежо-Ситроен)
10.Қалауы бойынша бір ел.
Сол елге қатысты екі сұрақ беріледі.
ІІІ – тур «Соңғы айналым»( 5 оқушы қатысады)
Сипаттама бойынша елдерді анықтау.
1.Ел жоғары дәрежеде дамыған машина жасау және жеңіл өнеркәсіп, атом энергетикасы шарап және дәнді дақылдар өсірумен айналысатын ел. (Франция)
2.Мұнай өндіру , кеме жасау суэнергиясы және балық шаруашылығы жақсы дамыған ел.
(Норвегия)
3.Автомобиль жасау өнеркәсібі негізінен ішкі рынокқа бағытталған.отын пайда қазбаларын көп мөлшерде өндіретін, монархиялық құрылымды ел.Құрлықта 1 елмен шектеседі
( Ұлыбритания )
4.Қоңыр, тас көмір қоры мол, Шығыс Еуропадағы жоғарғы дәрежеде дамыған елдің бірі.
Елде машина жасау өнеркәсіптің жетекші саласы.Ел аумағында әйгілі «Карлово-Вара» гейзері курорты орналасқан.шыны және сыра өндірістері өте жақсы дамыған ел.
(Чехия)
5.Ел аумағында ірі қара металдар өнеркәсібі, машина жасау, ағаш өнеркәсібі өте жақсы дамыған.Халқының орналасу тығыздығы 1 км2 – 19 адам.Ел аумағында аласа таулар мен өзен торабыжиі орналасқан.Урбандалуы 85 %, ірі қалалары елдің оңтүстігінде орналасқан.
(Швеция)
ІV – тур. «Мәре»(3 оқушы қалады)
1.Батыс Еуропа елдердің ішінде жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша «кедей» елдер:
а) Италия,Испания б)Португалия,Ирландия ә) Испания, Португалия в)Ирландия,Исландия
2.Италияның басты экономикалық орталығы.
а) Рим ә)Милан б)Турин в)Неаполь
3.Сәйкестендіру тесті:
1.Электроника,электр а) Венгрия
2.Сағат,станок б)Нидерланды
3.Авт самолет в)Швейцария
4.Автобустар г)Швеция
( 1б, 2в,3г,4а)
4. 1.Ұлыбритания а) тас көмір
2.Нидерланды б)қоңыр көмір
3.Германия в)мұнай
4.Польша г)табиғи газ
( 1в, 2г,3б,4а)
5.Мұсылман – сунниттер Еуропаның қай елдерінде басым келеді.
а) Грекия, Болгария
ә)Мальта,Монако
б)Албания, Босния – Герцогвина
г)Сан-Марино, Лихтенштейн
( б )
Қорытындысында – жеңімпаз оқушыға «Көшбасшы оқушы» атағы беріледі.