Внеклассные мероприятие Жұлдызды сәт

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны


Мақсаты: оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау, өздерін емін-еркін ұстай білуге үйрету. Шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Білімге деген қызығушылығын арттыру.


Көрнекілігі: слайдтар

Қатысатын сынып: 5а

Сайыс кезеңдері:

1. Бәйге

2. Полиглот

3. Дода

4. Жұмбақталған суреттер

5. Жорға

Бәйге кезеңі сұрақтары:

1-топ

1. Қазақстанның ең суы мол өзені. Ертіс

2. Компьютер жанына қойылатын өсімдік. Кактус

3. Компьютерде өшірілген құжаттар қайда сақталады. Корзина

4. 1. Қар жана ма? Иә. Қалауын тапса, қар жанады

2-топ
1
. Ең кіші жай сан. 2
2. Әлемдегі Екінші Ұстаз. Әль - Фараби

3. Бір қазанға қандай бастар сыймайды? Бір қазанға екі қошқардың басы сыймайды.

4. Фонетика нені зерттейді? дыбыс, әріп, әріп айтылуы мен жазылуын

3-топ

1. Қышқыл, жасуша, метафора, квадрат - қандай сөздер? Термин
2. Кімдер бір - біріне бөле болады?
Апалы-сіңлілі қыздардың балалары

3. 10.Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты  тропосфера

4. «Синтаксис» грек тілінде қандай мағынаны білдіреді?    құрау, біріктіру  

4-топ

1. Сөз құрамын зерттейтін сала? Морфология

2. Ең тәтті, ең ащы не? тіл

3. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін қай жылы жариялады?1991 ж
4.Қазақ тілінде неше септік бар? 7

5-топ

1.Дүние жүзінде неше материк бар және оларды ата.6 материк

2. Оңтүстік Астана Алматы
3. Үш биді ата.
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
4. Галактика дегеніміз не? Жеке жұлдыздар тобы

6-топ

1. «Күйдің атасы» атанған қобызшы? (Қорқыт)
2. Жаратылыстану ұғымы қандай сөздерден тұрады? (табиғат және тану)

3. Күн дегеніміз не? (балқылған ыстық газды дене)
4. Жер тобына жататын ғаламшар? (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс)

7-топ
1.Судың қасиетін ата?
(ақ, түссіз)

2.Жануарлар қандай топтарға бөлінеді? Омыртқалы, омыртқасыз

3. Бір жылда неше ай бар? 12 ай

4. Бие сүті қала аталады? Қымыз

8-топ

1.Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі қалай аталады. Карта

2.Сұйықтың өлшем бірлігі? Литр

3. Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер кім? Тоқтар Әубәкіров

4. Құрлықтағы ең ірі жануар. Піл


II. Полиглот

1. Аққу қазсыз ............. болмас.

Көл, озеро, lake

2. Ол келсе орман шулайды,

Толқын теңіз тулайды,

Қуса өзін қуады,

Ешкім оны қумайды.

Жел, ветер, wind

3. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

Ауа, воздух, air

4. Екі элементтен тұрады,

Жыра, шұңқыр тұрағы,

Ол болмаса әлемде

Барша тірлік қурайды.

Су, вода, water

5. Күмбір-күмбір қарағым, қартайғанша жарадың.

құлақ, ухо, eir

6. Жанды мотор сынбайды

Күні-түні тынбайды

Кейде оның жүрісін

Дәрігерлер тыңдайды.

Жүрек, сердце, heart

7. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

Сызғыш, линейка, ruler

8. Отыз сөзден шыққан сөз - ................ рулы елге тарайды.

Отыз, тридцать, threety

9. Ашу-дұшпан ,ақыл-.....

дос, друг, friend

10. .......жүрек айнасы.

көз, глаз, eye

11.Талдың көркі-.....

жапырақ, лист, leaf

12. ......өмір шырағы.

білім, знание, education

III. Дода.

   Математика

10.Айырмашылығы тек таңбасында болатын сандар (қарама-қарсы)
20.Кез келген шаманың жүзден бір бөлігі (пайыз)
30.Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)
40.Екі қатынастың теңдігі (пропорция)

50. Тікелей сұрақ

[link] - Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Бұл кенде мешіт басы күні-түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды.

[pic]


7. .Астана - Бәйтерек


«Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние - төбесіндегі алтын күн, 97 метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. Әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын алады.Бәйтеректің негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Бұл нысан әлемдік сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м. Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті - «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» - қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі. Астана қаласында Архитекторлар одағының халықаралық қауымдастығы өткізген 10-байқауда

беделді халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде "Бәйтерек" кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі берілді.


  • V. Жорға.

  • 1. -оқушы.

  • 1. Тудың авторы кім?

  • 2. Мұхтар көбінесе кім туралы жазды?

  • 3. Бір жылда неше ай бар?

  • 4. Ит жеті қазынаға кіре ме?

  • 5. Абайдың анасы кім?

  • 6. Бие сүті қала аталады?

  • 7. Батырларды ата?

  • 8.Сұйықтың өлшем бірлігі?

  • 9. Қандай деген сұраққа жауап беретін сөз табы?

  • 10. Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер кім?

  • 11. Абылайдың  шын аты кім?

  • 12. Ы. Алтынсари жазған кітап қалай аталады?

  • 2-оқушы.

  • 1. Елтаңбаның авторы кім?

  • 2. Абай кім?

  • 3. Жылдың неше мезгілі бар?

  • 4. Тауық жеті қазынаға жата ма?

  • 5. Абайдың әжесі кім?

  • 6. Түйе сүті?

  • 7. Абылайға Төле би қандай ат қойды?

  • 8. Ең алғаш балаларға мектеп ашқан кім?

  • 9. Қимылды білдіретін сөз табы?

  • 10. Қазақстаннан шыққан екінші ғарышкер кім?

  • 11. Күннің шуағы жылы

  •       Ананың құшағы жылы

  • 12. Қазақстанның көрші елдерін ата?


VI. Марапаттау.

Cеребряково жалпы орта білім беретін мектебі












Тақырыбы:

«Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны

(5 сыныптар)




Өткізген: география-биология

пәндерінің I санатты

мұғалімі Жалмуханова Р.Ш.
















2015-2016 оқу жылы