Қазақстанның қара металлургия өнеркәсібі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сыныбы 9
Сабақтың тақырыбы: Қара металлургия өнеркәсібі

Мақсаты: Қара металлургия өнеркәсібінің маңызы мен құрамы туралы толық мағлұмат беру, қара металлургия кен орындарын орналастыру заңдылықтарын анықтай отыра, оқушылардың ой өрісін дамыту, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту.

Дамытушылық:

  • Пікір алмасу, диалог құру арқылы оқушыларды бірлескен жұмысқа жұмылдыру;

  • Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру;

  • АКТ-мен жұмыс ұйымдастыру;

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға, еліміздің байлығын тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Металлургия кешені туралы біледі.

  • Металлургия кешендерінің орналасуын картаға түсіріп, көрсете алады.

  • Қара металлургияның құрамы мен ерекшеліктерін ажыратып, талдай алады.

  • Топтық жұмыс жүргізуге дағдыланады;

  • Сыни тұрғыдан ойлана отырып, өз ойын еркін жеткізуге үйренеді;

  • АКТ-мен жұмыс жүргізе біледі;

Көрнекілігі: Үлестірмелі материалдары, флипчарт, стикерлер, рефлексия қағазы, интернет бейнематериалы, смайликтер,интерактивті тақта, компьютер, маркерлер

Сабақ барысы

Сәлемдесу.Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «Амандасу» тренингін өткіземін.


Үйге тапсырма: Кескін картаға металлургия комбинаттарын түсіру, термин сөздермен жұмыс.

Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды мынадай өлең жолдарымен аяқтағым келіп тұр:

Металдарсыз өмір жоқ Қыздарымыз неше түрлі

Түсінсең оны шырағым Әшекейін тағады

Қолданамыз қайда деп Ауыл менен қалаға

Білмесең менен сұрағың Металдармен барады

Құрал сайман бәрі де Егістікті жерлерді

Металдардан тұрады Металдармен өңдейміз

Қоспаларын сан жетпес Бұзылып қалған заттарды

Элементтерім құрады Металдармен жөндейміз

Тауда, таста білсеңдер Құрамында қанның да

Қоспалары металдың Металдарым болады

Күміс пенен алтыным Денесі де адамның

Патшасы ғой металдың Металдардан тұрады

Тамаққа да металдың Бейметалл мен металдан

Қоспаларын саламыз Дүниелерім құралды

Аспанға да, айға да Тіршіліктің бәрі де

Металдармен барамыз Элементтерден тұрады – деп бүгінгі

Газымызда үйдегі сабағымызды қорытындылаймыз.

Металл арқылы келеді

Электр мен жарықты

Металдарым береді



I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Оқу іс- әрекетін ынталаныру.

Мұғалім: Оқушылар, сабаққа кірер алдында мен бір қызық сәлемдеме алдым. Оқимыз ба?

«Қымбатты балалар! Қазақстанның отын өнеркәсібінің алдында бір үлкен мәселе туындап тұр, біз сіздерден сол мәселенің шешімін табуға көмектесулеріңізді сұраймыз. Еуропа мен Ресейге мұнай тасымалдау үшін еліміздің аумағында 7000 мың км. астам мұнай құбырлары тартылған. Бұл үшін 50 млн. тоннадай кең диаметрлі болат құбырлар пайдаланылған. Бұл құбырлардың көпшілігінің пайдаланылғанына 40 жылдан асады. Ал мұндай құбырлардың жарамдылық мерзімі 30 жыл болғандықтан, бізге олардың көпшілігін ауыстыруға тура келеді.Осы мәселені шешу үшін кең диаметрлі құбырларды шығару үшін металлургия комбинатының құрылысын қай жерге орналастыруды шұғыл түрде шешу керек. Сіздерден көмек сұраймыз».

Мұғалім: Оқушылар,Энергетика министрлігіне мәселені шешуге көмектесеміз бе? (Оқушылар «иә» деп жауап береді)

Мұғалім: Ендеше жұмысымыздың негізгі міндеттерін айқындап алайық.

Оқушылар:

  • Қара металлургия өнеркәсібін орналастыруға әсер ететін факторларды анықтау;

  • Толық циклды қара металлургия өндірісінің кезеңдік сызбасымен танысу;

  • Қазақстанның қара металлургия өнеркәсібінің орталықтарын анықтау;

  • Кең диаметрлі құбырларды шығару үшін металлургия комбинатының құрылысын қай жерге орналастыру керектігі жөнінде тұжырым жасау.

Мұғалім: Қойылған міндеттерді шешуге көшпестен бұрын, құбырларды шығару зауыты қай кешеннің құрамына кіретінін анықтап алайық?

ОқушыларҚара металлургия

Мұғалім: Осыған сүйене отырып, бүгінгі сабағымыз не төңірегінде болуы мүмкін? Сабықтың тақырыбы....?

Оқушылар: Қара металлургия өнеркәсібінің географиясы



III. Тірек білімдерді меңгеру:

Мұғалім: еліміз үшін металлургия кешенінің қажеттілігі қандай екенін есімізге түсіріп көрейік?

Оқушылар:  өнеркәсіптің басқа салаларының дамуы үшін қажетті әр түрлі металдарды өндіру (машина жасау, көлік, құрылыс, т.б.)

Мұғалім: Қара металлургия қандай пайдалы қазбалардың негізінде жұмыс жасайды?

Оқушылар: Темір рудасы, кокстелетін тас көмір.

Мұғалім: Атластың көмегімен аталған пайдалы қазбалардың қайда өндірілетінін анықтаңдар.

Оқушылар «Пайдалы қазбалар картасынан» кен орындарын тауып, атайды.

Мұғалім: Картадан көрсетіңдер. Картаны талдау жасау арқылы қандай тұжырым жасауға болады?

Оқушылар: Табиғат ресурстары ел аумағында біркелкі таралмаған.

Мұғалім: Бұл қара металлургия өнеркәсібін орналастыруға қалай әсер етуі мүмкін?

Оқушылар: Қара металлургия өнеркәсіптері темір кен орындары мен кокстелетін тас көмірге бағдарланады. Бізде кокстелетін тас көмірге бағдарланған.

Мұғалім: оқушылар, біз өткен сабағымызда металлургия кешенінің негізгі ерекшеліктерінің бірі өндірісті құрамдастыру екенін білдік. Құрамдастыру дегенді қалай түсінеміз?

ОқушыҚұрамдастыру дегеніміз –…

Мұғалім: тізбек құрастырайық

IV. жаңа материалды меңгеру.

Ойланып көріңдер, қара металлургия өнеркәсібінің орналасуына тағы қандай факторлар әсер етеді?

[link]





3.Мақал сөзде де металл жүреді,

Металл қадірін халқым біледі ( әр топқа 2 мақал, 2 жұмбақтан қойылады)

  • «Ел іші… (алтын бесік)

  • От көмір жейді, ….. (тот темір жейді)

  • Арпа, бидай ас екен, …. (алтын, күміс тас екен)

  • Қойдың сүті … (қорғасын)

  • Ақыл арымас…. (алтын шірімес)

  • Өнерлінің қолы алтын …(өлеңшінің сөзі алтын)

  • Сұрғылт түсті кәдімгі металмын,

Механикалық әсерге берілмейтін қаталмын

Негізгі пәтерім 24ші, 6-шы көшеде болсам да

Кендерім Мұғалжарда, тауда жатырмын.

(Жауабы: Cr)

  • Менделеев ауылының 6-шы көшесінде тұрағым

Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын

Мені балқыта алмай қиналады көбісі

Қазақстан Әлемде кенім жөнінен біріншісі

(жауабы: W)

  • Созыламын сағыздай,

Соқса жұқа қаңылтақ,

Ертегідей, аңыздай,

Қарайды жұрт таңырқап.

Сым болып ұзақ созылып

Өткізем бойдан токты мен

(Жауабы: Cu)

  • Жарыста, топта озғанда,

Тағады мені төсіне

Алтыннан басқа алдыма

Түсетінің жоқ шығар

(жауабы: Ag)

  • Мақтанбаймын, қараңдаршы, халайық,

Айналаға көз жүгіртіп қарайық

Болат жолды бөгей алмас ешбір күш

Кане, менің қасиетімді санайық

(жауабы: Fe)

  • Ардақтымын жасыңа да кәріңе

Дүниенің менмін көркі, әрі де

Толықсыған толған айдай жарықпын

Өлшемімін барлық баға нарықтың

( алтын)

V. Қорытынды және бағалау.