Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру кезеңі Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Сыныпта жоқ оқушыны белгілеп, сыныпты түстерге байланысты топқа бөлу. Сабақ түрі: аралас Пән аралық байланыс: биология пәні Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру ( психологиялық дайындық, оқушыларды топқа бөлу, топ жетекшілерін тағайындау, топтың атын анықтау) ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1. Төмендегі сұрақтар бойынша Африка климат белдеулерінің әр қайсысына сәйкес келетін ерекшеліктерін ірікте, сандарды сұрақ белгісінің орнына қой.
экваторлық субэкваторлық тропиктік субропиктік
1) Ылғалды экваторлық климат тән, 2) жауын-шашын мөлшері аз жауады; 3) экваторлық белдеудің екі жағын 20 градус с.е. пен о.е. аралығын және Мадагаскар аралын қамтиды, 4) жауын-шашын көп жауады; 5) нөсер жауады, 6) ауыспалы ылғалды климат қалыптасады, 7)Конго өзенінің экватор маңындағы аймағын және Гвинея шығанағы жағалауын қамтиды, 8) Бенгал суық ағысының ықпалы әсер етеді, 9) тропиктік континенттік ауа массасы басым, 10) Еуразиядан құрғақ, ыстық ауа тасымалдайтын пассаттар ықпал етеді, 11) Құмның беті + 70 градусқа дейін қызады, 12) Құмды дауыл – самум соғады, сағым пайда болады, 13) материктің солтүстігі мен оңтүстігінің шеткі аймақтарында орналасқан; 14) бұл белдеуде жерортатеңіздік климат қалыптасқан, 15) мұхитпен тікелей байланысты. 3. «Кім жылдам?» 1) Кеуіп қалатын өзен арналары – 2) Африка өзендері неше алапқа бөлінеді? 3) Африка өзендерінің көбі неліктен Атлант мұхиты алабына жатады? Себебін түсіндір. 4) Жерасты сулары материктің қай бөліктерінде шоғырланған? 5) Ніл өзенінің сипаттамасы 6) Конго (Заир) өзенінің сипаттамасы 7) Танганика көліне сипаттама бер. 8) Виктория көліне сипаттама бер. 9) Тана,Чад,Ньяса көлдерін көрсетіңдер. 10) Жерасты сулары қайда орналасқан? ІІІ. Қызығушылықты ояту: Қызықты деректерге көңіл аударайық. Африка пілі –құрлықтағы ең ірі сүтқоректі. Пілдің салмағы 9 тонна, бір азу тісінің салмағы 220 кг тартады. Ересек пілдер күніне 140 кг-ға жуық өсімдікті қорек етеді Зебра –Африканың жабайы жылқысы. Олар саванналарда тобымен жүреді.Бір үйірде бір айғыр мен бірнеше құлынды бие болады. Үйірін айғырлары жыртқыштардан қорғайды. Дүниежүзіндегі ең бойы биік жануар –керік (жираф). Оның бойы 6 м-ге дейін жетеді. Африка саванналарында тіршілік етеді. Мықты тұяқты алдыңғы аяқтары жауларынан қорғайды.Керіктердің көру және есту қабілеттері жақсы жетілген.Тез жүгіреді. IV. Жаңа сабақ. Жоспары: Табиғат зоналарының орналасуы. Өсімдігінің ерекшелігі. Жануарлар дүниесінің ерекшеліктері, оның өзгеше болуының себептері.
V. «Мағынаны тану» кезеңі Әр топқа тапсырмалар беріледі, талдап мағынасын түсіндіреді. 1-тапсырма: 1.Материкте қандай табиғат зоналары бар, олар қалай орналасқан? Картадан көрсет. 2. Ылғалды экваторлық ормандар қайда орналасқан? 3.Орманның ағаштарын ата. 4.Құстары мен жануарларын атаңдар. 2- тапсырма. 1.Саванналар мен сирек ормандарға сипаттама беріңдер. 2.Материкте қандай табиғат апаттары жиі қайталанады? Онымен күресудің қандай жолдары қарастырылған? 3.Саваннаның жануарларын атаңдар.4.Қандай ұлттық парктерді білесіңдер? 3- тапсырма. 1.Сахараның табиғаты туралы сипаттама беріңдер. 2.Сахарадағы тасты шөлдер қалай аталады, қалай қалыптасады және ондағы өсімдіктердің ерекшелігі. 3.Шөлдегі жануарлар дүниесі. 4.Шұраттар деп нені атайды және ондағы өсімдіктерді атаңдар. |