Жаратылыстану пәнінен сабақ жоспары Күн 5 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: Күн
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Күн туралы түсінік беру, өз беттерімен жұмыс жасауға, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар Күн туралы өз беттерімен меңгереді.
2. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
3. Қызығушылықтары артады.
4. Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифференциация Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
Топқа бөлінеді.
Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды. Топқа бөліну тренингі:
«Көңілді смайликтер»

Үй тапсырмасын сұрау: Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексеру:
Галактика дегеніміз не?Галактика ішінде жұлдыздар қалай орналасқан? Жұлдыз дегеніміз не?
Оқушылар жауап береді.
Жаңа сабақ:
Миға шабуыл: Жер бетіндегі жарықтың және энергияның көзі не?
Топтастыру стратегиясы:

Оқушылар бірауыздан «КҮН» деп жауап береді.
Қызығушылықты ояту: Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:
Жер бетіндегі тіршілікке Күннің әсері қандай? Қазіргі ғалымдардың Күн жайлы болжамдары қандай?
Оқушылар бұрыннан білетін мәліметтерді естеріне түсіріп, жауап береді. Диалогтық әдіс
Мағынаыы тану: Оқушыларға «Күн» тақырыбымен танысуға 5 минут уақыт береді. Ес картасын құру, оған қойылатын талаптарды таныстыру:
1. 20 минутта аяқтау.
2. Топ мүшелерінің түгел жұмыс жасауы;
3. Оқулықтағы мәтінмен байланыстыру; Оқушылар оқулықтағы «Күн» тақырыбымен танысады, топта талқылайды.
Оқушылар ес картасын құрады. Қорғайды. Өзара сұрақтар қояды. Топтық бағалау Ес картасы
Ой-толғаныс: Дәптермен жұмыс:

Күн мен Жердің орташа қашықтығы.....
Күн бетіндегі температура..........
Күннің үстіңгі жағы....
Күннің ішіндегі температура............
Күннің жер бетіндегі өмір үшін маңыздылығы............ Оқушылар жауап береді.
Үйге тапсырма Тәжірибелерді орындап көру.
Кері байланыс: Оқушылар не үйренгендерін және не үйренгісі келетіндерін жазып береді.