«Жаратылыстану – әлеміне саяхат»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: «Жаратылыстану – әлеміне саяхат»

(Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім. М.Әуезов)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың жаратылыстану пәнінен алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа және шығармашылықпен жұмыстануға баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, оларды табиғатты аялауға, өз Отанын сүюге тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Білімді сынау сабағы
Сабақтың түрі: Танымдық-шығармашылық сайыс

Көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, көрнекіліктер
Сабақтың барысы:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Осы аптада химия, биология және география апталығы болғандықтан жаратылыстану пәніне арналған «Жаратылыстану – әлеміне саяхат» атты танымдық-шығармашылқ сайыс өткізгелі отырмын. Енді балалар осы уақытқа дейін әр-түрлі тақырыптар өттік, соған байланысты сайсымызда ашық деп жарялаймын. Сайсымызға қош келдіңіздер!

Ар бір сайыста жеңімпаз болады. Сол жеңімпазды кім анықтайды? -Арине дұрыс айтасыздар әділқазылар анықтайды. Сайысымызды бастамастан бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Жарыс заңы ежелден жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау

Сәт-сапар тілеп бәріне

Сайысты біз бастайық

Көрсетіп бер өнерді,

Жасқанып біз қалмайық

Сайыстың жоспарымен таныстырамыз. Сайыс 6 бөлімнен тұрады.

  1. «Таныстыру»

  2. «Білімді бірді жығар» сұрақ-жауап

  3. «Жұмбақты шешіп көр»

  4. «Адасқан әріптердің орнын тап»

  5. «Рюкзак» жинау

  6. Топ басшыларының жарысы; (Блиц сұрақтары арқылы)


Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Адастырмай өткізер,- деп, сайсымызды таныстырудан байтайық.

Таныстыру; 5 «а» «б» «в» сыныптары арасынан 5 оқушыдан іріктеліп, топ құрады. Әр топ өз аттарымен, ұрандарымен, топ мүшелерімен таныстырады. (әр топқа 1минуттан)

5 «а» сынып: «Жұлдыз»тобы (Амангельлиева Аружан, Жусуп Арайлым, Сериккалиева Бибифатима, Сисенова Дильназ, Бигалиева Альфия)

5 «б» сынып: «Күн» тобы (Абдулшаева Данна, Жайгалиева Сабина, Жасуланова Замира, Бекниязов Бексултан, Шашкиева Азиза)

5 «в» сынып: «Ай» тобы (Нұрланқызы Дильназ, Төреғали Ранида, Сериккалиев Алихан,

Есенгалиева Дильназ, Шуленбаев Рауан)


2. «Білімді бірді жығар»
Ұяшықтар арқылы сұрақтар қойылады, әр дұрыс жауап балдық жүйемен бағаланады; (10 мин)
Ғалымдар:
5 ұпай - Тұңғыш
қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

10 ұпай – Алғашқы «Үлкейткіш дүрбіні» кім ойлап шығарды? (Галилео Галилей)
15 ұпай – Бірінші болып жер шарын тегіс картаға қалай түсірудің жобасын жасаған кім? (Герард Меркатор)
20 ұпай – Ғаламшарлардың айналу Заңын ашып, соның негізінде ғаламшарлар кестесін құрастырған ғалым? (Иоганн Кеплер)

25 ұпай –1543 жылы «Аспан денелерінің айналымы» деген еңбегі жарық көрген поляк оқымыстысы кім? (Николай Коперник)
Күн жүйесі
5 ұпай – Күн мен Жердің арақашықтығы (150 млн шақырым)

10 ұпай – Ауданы 108 млн шақырымда орналасқан екінші ғаламшар (шолпан);
15 ұпай – Құрылымы жағынан Уранға ұқсас ғаламшар? (Нептун)

20 ұпай – Фобос және Деймос атты екі серігі бар ғаламшар? (Марс)
25 ұпай – ХVІІІ ғасырда, 1781 жылы неміс астрономы Вильгельм Гершель ашқан, 15 серігі бар ғаламшар (Уран)
Жұлдызды аспан

5 ұпай –Ардайым солтүстік бағытты көрсететін жұлдыз? (Темірқазық)

10 ұпай – Аспандағы жұлдыздар тобын қалай атаймыз? (Шоқжұлдыз)

15 ұпай – Бірінші мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі? (Жұлдыз)
20 ұпай – Галактикалық жыл неше жылда айналып өтеді? (250)
25 ұпай – Аспан күмбезінде түнде көрінетін шырақтардың жиынтығы қалай аталады? (Жұлдызды аспан)


3. «Жұмбақты шешіп, жауабын айту» (Әр дұрыс, жылдам әрі нақты жауапқа 5 ұпайдан)

  1. Аспанда бір ана бар,

Маңы толған балалар. (Ай мен жұлдыз)

  1. Бар ма, жоқ па білмейсің,

Онсыз өмір сүрмейсің (Ауа)

  1. Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жас тамып барады. (Бұлт)

  1. Көк жүзінде көп жолақ,

Қояды екен оны кім бояп. (Кемпірқосақ)

  1. Аумаған қар, жаумаған қар,

Таңертең бар, түсте жоқ. (Қырау)

  1. Аспанда алып доп,

Жарқырайды жарық боп. (Күн)

  1. Тырс-тырс тамады,

Сайға қарай ағады. (Жаңбыр)

  1. Біреудің бір ұлы бар және қызы,

Біледі ол екеуін жүниежүзі.

Ұйықтайды ұлы түнде, қызы-күндіз,

Жүргенде білінбейді басқан ізі. (Күн мен ай)

  1. Мөлдір моншақ,

Өзі жұмсақ. (Шық)

4. «Адасқан әріптертің орнын тап» (Адасқан әріптердің орнын тауып, сөз құрау керек. Дұрыс әрі жылдам шешілген жауапқа, яғни сөзге 5 ұпайдан беріледі.)

  1. тасеодир (астероид)

  2. аьаледнарб (альдебаран)

  3. еслпоект (телескоп)

  4. намяти (мантия)

  5. питерю (юпитер)

  6. ротаби (орбита)

  7. катигалак (Галактика)

  8. норотасями (Астрономия)

  9. лобигоия (биология)

5. «Рюкзак» жинау (толық ашылған жауапқа 5 ұпай)

Топсеруенге яғни походқа шыққанда өзімен бірге қандай заттарды алып жүруге болады. Соны мына заттардың арасынан тез тауып алу керек.


Топ капитандары сайысы; (Блиц сұрақтары арқылы)
І - топқа

  1. Табиғатты танып - үйренушілердің неше әдісі бар? (3)

  2. Жұлдыз дегеніміз не? (Бірнеше мың градусқа дейін қызып тұрған аспан денесі)

  3. Күнді айнала қозғалатын ғаламшарлардың жолы қалай аталады? (Орбита)

  4. Экватордың ұзындығы (40000 км)

  5. Әрдайым солтүстік бағытты көрсетіп тұратын қай жұлдыз? (Темірқазық)


ІІ – топқа

  1. Жас натуралистерге арналған неше қағида бар?(8)

  2. Жазғы тоқырау күні (21 - 22 маусым)

  3. Қысқы күн тоқырауы қай күндер арасы (21 - 22 желтоқсан)

  4. Дүние жүзіндегі 6 материкті немесе құрлықты ата? (Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия, Антарктида)

  5. Гранит, базальт, вулкандық шыны қандай тау жынысына жатады? (магмалық жыныстар)

ІІІ – топқа

  1. Жер бетінің ауданы? (510 млн км²)

  2. Галактика дегеніміз не? (Жеке жұлдыздардың тобы)

  3. Жердің жасы (4, 5 - 4, 6 млрд жыл)

  4. Жер бетіндегі мұхиттарды ата (Тынық, Атлант, Үнді. Солтүстік мұзды мұхит)

  5. Көктемгі күн теңелуі (21 - 22 наурыз)


Қорытынды.

Табылар білім болса бір асыл да,

Кезек келді қазылардың бағасына,-

деп бүгінгі сайсымыздың қорытындысын айтуға қазыларға сөз кезегін берейік.

Осы өткен 6 бөлім бойынша танымдық сабағымызды қорытындылай келе, сайысып отырған 5 сынып өкілдерін жинаған ұпай саны бойынша бағалап, жеңістерімен құттықтаймыз!





























5 орта жылпы білім беретін мектеп










«Жаратылыстану – әлеміне саяхат»

мектептен тыс шара











Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі Нургалиева Б.Р.














2014-2015 жыл