Адам және табиғат үйірме

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Адам және табиғат» үйірме жұмысының бағдарламасы

5-сынып

Пікір

5—ші сыныптар үшін ұсынылып отырған «Адам және табиғат»  үйірмесінің оқушылардың жаратылыстану пәнінен алған білімдерін толықтыру үшін алатын орны маңызды.

Елімізде соңғы жылдары туындап отырған қоршаған ортаға қатысты проблемалар олардың тек қана нарықтық-экономикалық факторларға ғана емес, әлеуметтік-психологиялық факторларға да тәуелді екенін көрсетіп отыр.

Осы орайда экология ғылымы бүгінгі таңда халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық деңгейдегі мәселелерді зерттейтін кешенді ғылымға айналды.

Республикамызда білім беруді оңтайландыру процестері қолға алынуда. Осыған орай оқушыларға мектеп қабырғасында экологиялық білім берудің ең ұтымды әрі экономикалық жағынан тиімді жолдарын іздеу міндеті тұр.

Ол үшін  пәнаралық және пәндерді экологияландыру арқылы факультатив сабақ ретінде білім берген дұрыс. Бұл курстың мектебіміздегі пәндерді экологияландыру мәселесін шешудегі үлесі зор.

Бағдарлама құрылымы кіріспе,  негізгі бөлім және қорытынды бөлімдерден тұрады. Мұнда, қоғам мен табиғат арасындағы байланыс, дүниежүзілік  экологиялық проблемалар,  табиғатты қорғау, табиғат қорларын тиімді пайдалану сияқты  мәселелер  қамтылған.

Экологиялық таза ортаны сақтау, бұл адам-қоғам-табиғат арасындағы үйлесімділікті, біртұтастықты үйлестіру болып табылады. Сондықтан, болашақ ұрпақ қоршаған ортаның келешек үшін қажеттігін сезінеді.

 

 

 





Түсінік хат

 

Еліміздің білім беру жүйесінде бүгінгі күннің талабына сай оқытудың жаңа мазмұндағы үрдістері дүниеге келді. Дүниежүзілік тәжірибелер  негізінде білім беруді қайта құру міндеті алға қойылды.

Білім беру жүйесіндегі жаңа өзгерістер білім бағыттарын ізгілендіру мен оны теориялық – әдістемелік тұрғыда тереңдетуді көздейді. Сондай-ақ ұрпақтардың білімі мен біліктілігі туған елінің көкейкесті проблемалары мен саяси – әлеуметтік жағдайларын жақсарту және қолдау көрсетудегі жауапкершілігін сезіндіруі тиіс. Сонымен қатар, жас ұрпақты туған өлкесінің табиғатын қорғау мен экологиялық проблемаларын шешуге жұмылдыру қажет.

Осы орайда экология ғылымы бүгінгі таңда халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық деңгейдегі мәселелерді зерттейтін кешенді ғылымға айналды.

Осы жағдайлардың барлығы жалпы білім беретін оқу орындарында экология пәнін енгізудің қажеттігін дәлелдейді.

Республикамызда білім беруді оңтайландыру процестері қолға алынуда. Осыған орай оқушыларға мектеп қабырғасында экологиялық білім берудің ең ұтымды әрі экономикалық жағынан тиімді жолдарын іздеу міндеті тұр.

Ол үшін  пәнаралық және пәндерді экологияландыру арқылы факультатив сабақ ретінде білім берген дұрыс.

Жалпы білім беретін оқу жүйелеріндегі қалыптасқан жағдайларды ескере отырып «Адам және табиғат» үйірме жұмысының  бағдарламасы ұсынылады.

 

 













Мақсаты: Мектеп оқушыларының бойында экологиялық білім, әдеп, сана

мен мәдениетті қалыптастыру

Міндеттері:

  • Табиғи қорларды тиімді пайдалану мен қорғауда жеке адамның жауапкершілігін күшейту;

  • Қоршаған орта мен адамзат арасындағы үйлесімділікті сәйкестендіру;

  • Антропогендік өзгерістер мен қоршаған ортаның ластануына жол бермеу;

  • Экологиялық жағдайларға мән беру және экологиялық проблемаларды шешу жолдарын іздестіру;

  • Адамның іс-әрекетіне баға беру және адам денсаулығын сақтау;

  • Табиғат қорғаудың экологиялық негіздерін білу;

 

Зерттеу объектісі: «адам-қоғам-табиғат» арасындағы біртұтастықты

үйлестіру

 

Болжам:

Экологиялық таза ортаны сақтау – бұл «адам-қоғам-табиғат» арасындағы біртұтастықты үйлестіру болып табылады, өйткені, қоғам қоршаған ортаның болашақ ұрпақ үшін қажеттілігін сезінеді.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың қоршаған орта туралы білімдері кеңейеді;

  • Ғылымға деген қызығушылығы артады;

  • Зерттеушілік қабілеті дамиды;

  • Экологиялық проблемаларды шешудегі жеке басының жауапкершілігі қалыптасады;

  • Алған білімін күнделікті өмірде қолданады;

  • Бейіндік біліктілігін дамытады;

 

Жобаны ұйымдастыру формалары:

  • Жеке

  • Жұптық

  • Топтық

 

Жобалау, зерттеу әдістері:

  • Сұхбат

  • Сауалнама

  • Ойын

  • Пікірталас

  • Ақпарат жинау

  • Мәселені шешу

Өлшеуіштер:

  • В.Т.Беспалько бойынша меңгеру деңгейлері.

  • Б.Блум таксономиясы бойынша шығармашылық қабілет деңгейлерін анықтау әдісі.

  • Сауалнама.

  • Тест.

  • Реферат.

  • Зерттеу жұмысы.

  • Шығармашылық тапсырмалар.

  

Адам және табиғат үйірмесі бойынша 5-сынып бағдарламасының құрылымы

Аптасына 1 сағат. (34 сағат)

І.  Кіріспе  (1 сағат)

Экология деген сөздің мәні. Отбасы, үйдің тазалығы, тұтыну бұйымдары. Синтетикалық заттар. Адамға пайдалы және зиянды заттар. Тұтыну бұйымдарына байланысты сақтық шаралары. Экологияны оқудың қажеттілігі. Экологияны өмірмен байланыстыру.

ІІ. Айналамыздағы тіршілік  (2 сағат)

Бізді қоршаған табиғи орта. Бөлме өсімдіктері. Оларды күту. Ауладағы гүлзарлар. Әрбір өсімдіктің рөлі мен маңызы. Жануарлардың табиғаттағы рөлі мен маңызы. Жануарлармен қатынасудағы сақтық шаралары. Өсімдіктер, жануарлар және адам арасындағы қарым-қатынастар туралы ұғым.

ІІІ. Адам және табиғат (4 сағат)

Адам мен табиғат арасындағы байланыс. Табиғат кешендері. Табиғаттың күрделі екендігі туралы түсініктер. Көшедегі гүлзарлар мен ағаштар. Мектеп ауласындағы өсімдіктер. Өсімдіктер мен ауа арасындағы байланыс. Ауаның қажеттілігі мен сапасы. Құстар-жәндіктер-өсімдіктер арасындағы байланыстар. Табиғаттағы тепе-теңдік туралы ұғым. Табиғаттағы бөгде заттар. Олардың пайдасы мен зияны. Алғашқы экологиялық зерттеулер.

  1. Пайдалы және зиянды заттардың тіршілікке әсері (3 сағат)

Ауладағы қоқыстар, олардың зияны. Өндірістік, ауыл шаруашылығының қалдықтары және тұрмыстық қоқыстар. Қоқыстарды тазалаудың маңызы. Сенбіліктер, олардың рөлі.

Пайдалы  және зиянды жануарлар туралы ұғымдар. Пайдалы жануалар, оларды қорғаудың қажеттілігі. Зиянды жәндіктер, олардың табиғаттағы рөлі.

Улы және адам баласына қауіпті жәндіктер. Олардан сақтану шаралары.

Жойылып бара жатқан тіршілік иелері туралы түсініктер. Оларды қорғауды ұйымдастыру жолдары. Алғашқы экологиялық зерттеулер.

  1. Табиғи қорлар (9 сағат)

Табиғи қорлар туралы түсінік. Табиғи қорлардың адам өміріне қажеттілігі.

Ауа, оның тіршілік үшін маңызы және қорғау жолдары.Адамның іс әрекетінен ауаның ластануы.

Су қорлары. Жақын маңдағы өзендер мен көлдер. Судың ластануы мен себептері. Суды қорғау туралы түсініктер.

Топырақ туралы түсініктер. Топырақтың тіршілік үшін маңызы. «Топырақ-өсімдік-жануар» арасындағы байланыс. Топырақтың ластануы мен тозуы.

Табиғаттағы өсімдіктер қоры. Орман – ел байлығы. Жасыл өсімдіктердің тірішілік үшін маңызы. Сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдіктер. Өсімдік жамылғысын қорғау.

Табиғаттағы жануарлар қоры. Сирек кездесетін және азайып бара жатқан жануарлар. Жануарларды қорғаудың маңызы.

  1. Жыл маусымдарына байланысты табиғаттағы өзгерістер (9 сағат)

Жыл маусымдары. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер. Ауа райындағы өзгерістер  мен табиғат арасындағы байланыстар.

Күз көріністері. Күздегі табиғаттағы өзгерістер. Оның себептері. Қураған өсімдіктердің топырақ түзудегі рөлі.

Қыс көріністері. Қыстағы табиғаттағы өзгерістер. Қар көшкіндері мен оның зардаптары. Адамның табиғатқа қамқорлығы.

Көктем көріністері. Көктемгі табиғаттағы өзгерістер. Көктемгі сел және оның зардаптары. Тіршіліктің көбеюге дайындығы. Көктемде жануарларды аулауға тыйым салудың маңызы.

Жаз көріністері. Жаздағы табиғаттағы өзгерістер. Оқушылардың табиғат қорғаудағы рөлі. Табиғатқа саяхат. Өлкетану мұражайына саяхат. Еліміздің экологиясы.

 

 

 

 

































Табиғат және адам

5-сынып

Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат


 





































Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ә.Бейсенова, Ж.Шілдебаев. Экология. Бағдарламалар. 5-11 сынып.

А., «Мектеп», 2005

  1. География және табиғат. 2008-2013

  2. Орынбаева Г. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру. А., «Рауан», 1993

  3. С.Б.Лавров, Ю.Н.Гладкий. Глобальная география. М., «Дрофа», 1997

  4. Ысқақов С. Табиғатты қорғау дәстүріміз. А., «Қайнар», 1993

  5. Экология және табиғатты қорғау. А., «Мектеп», 2002

  6. Экология. А., «Рауан», 2000

  7. Энциклопедия для детей, «Экология»., М., «Росмэн», 1997





































«Адам және табиғат» үйірмесінің мүшелері

Үйірменің жұмыс кестесі: бейсенбі күні, сағат 16.00



Ибраева Алтынай


5 "а"

2

Камзина Аружан


5 "а"

3

Мағауия Әділ


5 "а"

4

Мерикеев Талгат


5 "а"

5

Нуркаш Ернар


5 "а"

6

Сагындык Алтын


5 "а"

7

Тельжанова Адина


5 "а"

8

Темірболат Темірлан


5 "а"

9

Шәріп Диаз


5 "а"































"Бекітемін" "Келісілді"

Мектеп директорының м.а.: МД ОТЖО м.а.:

Кисина М.А. ________ Искакова Н.Н. . ________

"__" __________ "__" ____________

























Жетекші: Г.К.Абишева















2016-2017 оқу жылы