Күні:
Сыныбы: 6 «А»
Пәні: География
Сабақтың тақырыбы: Жел өрнегін сызу, климат картасын оқу
Мақсаты:
Білімділік: Өткен сабақтардың негізінде желдің пайда болу себептері мен оның мазмұнын, маңыздылығын ұғындыру, желдің физикалық заңдылықтар негізінде пайда болатын құбылыс екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Жел өрнегін салу арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы , оны қорғау мәселелерін қарастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ – жауап, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, үйлестірме парақтары, дүние жүзінің физикалық картасы, атлас, түрлі түсті қарындаш
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу 2.Сынып ішінде психологиялық ахуал қалыптастыру
3.Топқа бөлу
1.Мұғаліммен амандасу
2.Бір – біріне өз тілектерін айтады
3.Топқа бөлінеді
5 мин
Үй жұмысы
«Кім жылдам?» сұрақ – жауап
Қай топ бірінші болып сұраққа жауап береді
1.Жел дегеніміз не?
2.Желдің пайда болуының негізгі себебі?
3. Желдің жылдамдығы немен өлшенеді?
4. Желбағар дегеніміз не?
5.Белгілі бір уақытта қайталап соғатын тұрақты желдерді ата?
6.Тәулігіне 2 рет бағытын өзгертетін жел?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
7 мин
Ассоциация және венн диаграммасы
Әр топ үйлестірме парақтарын таңдап алады. Бір топ муссон және бриз желдерін венн диаграммасына жасса, ал басқа топтар муссон және бриз желдеріне ассоциация құрайды
Әр топ берілген үйлестірме парақты толтырып, қорғайды
10 мин
Негізгі бөлім
Жаңа тақырыпты бойынша жел өрнегін сызуға үйрету, климаттық картаны оқыту
Жел өрнегін сызуға үйренеді, атластан климаттық картаны оқуға дағдыланады
13 мин
Жел өрнегін сызу
Әр топқа тапсырмасы бар үйлестірме парақ беріледі.
Үйлестірме параққа жел өрнегін салып, қорғайды
5 мин
Қорытынды
1. Сабақты қорытындылау
2.Үй тапсырмасын беру
3.Бағалау, мадақтау
1.Оқушылар бір – бірін бағалайды
2.Рефлексия
Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?