7-сынып. Географиядан олимпиада тапсырмалары
І тур (теориялық тур)
1.Кестені толтыр:
2.Сәйкес келетін пайдалы қазбалардың түрлерін жазып кестені толтыр:
3.Материк, мұхит, арал, архипелаг, түбек, теңіз, көл, өзен, шығанақ, бұғаз ұғымдарына анықтама бер.
4.Климаттық белдеулерді солтүстіктен оңтүстікке қарай ретімен орналастыр:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
5.Типтік жоспар бойынша кез-келген бір өзенге сипаттама бер:
Өзеннің материктегі орнын, қай алапқа жататындығын анықтау.
Бастауы, құяр жері.
Су жинау алабы, суайрығы.
Қоректену көздері.
Өзеннің режимі, оның климатқа байланыстылығы.
Шаруашылық маңызы.
Экологиялық жағдайы.
7-сынып. Географиядан олимпиада тапсырмалары
ІІ тур (практикалық тур)
1.Геосинклиналь, гилея, ксерофит, льянос, пампа, прерий, пушта, самум, сельвас, терая терминдеріне анықтама бер.
2.8848 м, 7723 м, 1024 м, 7690 м, 4807 м, 1620 м, 6671 км, 7439 м, 6960 м, 6193 м сандарының қандай обьектілерге сәйкес келетінін анықтап жаз.
3.Канберра, Мехико, Сантьяго, Кито, Вьентьян, Джакарта, Антананариву, Джорджтаун, Найроби, Нуакшот қандай мемлекеттің астаналары екенін тауып, ретімен жаз.
4. Астана, Атырау қалаларының географиялық координаттарын анықта.
5.Картаны пайдаланып, масштаб бойынша Мәскеу мен Париж қалаларының арақашықтығын есептеп шығарыңдар.