География пәнінен
6 сыныпқа арналған
таңдау курсының бағдарламасы
Құрастырған: №73 физика -техникалық
Лицейдің география пәнінің мұғалімі
Қ.И. Альбаттинова
Астана қаласы
Түсінік хат
Географиялық карта – көптеген теңіз саяхатшыларымен теңізге жүзген жүзушілердің еңбектері мен ерліктері туралы деректер береді. Картадағы әрбір атаулар ашылулар тарихының беттерін еске түсіреді. Картаға қарай отырып ертедегі адамдардың, еуропалық, орыстың, қазақтың т.б халықтардың зертеулерінің көрінісін көруге болады. Сондықтан да физикалық географияның қалыптасуында географиялық ашылулар тарихының қаншалықты білімділік және тәрбиелік мәні бар екендігін байқаймыз.
Бұл ұсынылып отырған таңдау курсында 6 сыныпта физикалық география пәні бойынша өтетін «Саяхатшылар мен зерттеушілер» тақырыбындағы деректерді толықтыру мақсатында берілген. Мұнда оқушылар ертедегі халықтардың жер туралы алғашқы мәліметтері мен ортағасырлық зерттеулерге және «Ұлы географиялық ашылулар» кезеңіне кеңірек тоқталып өтіледі.
Бұл курстың өзектілігі – қазіргі таңда оқушыладың географиялық және картографиялық сауаттылықтылығын қалыптастыра дамытуға жағдай жасау. Мақсаты: оқушыларға ұлы саяхатшылар өмірі мен олардың географиялық жетістіктері жайлы мағлұматтар беру.
Міндеттері:
Оқушылардың географиялық ашылулар тарихы жайлы түсініктерін қалыптастыру;
Зерттеу жұмыстарының әдістерін білуі;
Саяхатшылар мен зерттеушілердің қосқан үлесін зерделей білуі;
Саяхатшылардың жүрген жорықтарын картадан анықтай алуы;
Географиялық және картографиялық білімдерін жетілдіру;
Картамен жұмыс істей білу дағдысын дамыту.
Ұсынылып отырған таңдау курсының бағдарламасы төмендегідей бөлімдерден тұрады.
І – бөлім.
Ежелгі дүние халықтарының Жер туралы алғашқы мәліметтері
ІІ – бөлім.
Көне грек халықтарының географиялық жетістіктері
ІІІ – бөлім
Ортағасырлық географиялық зерттеушілер
ІҮ – бөлім
Ұлы географиялық ашылулар кезеңі
Нысаны: 6 сынып
Күтілетін нәтиже: Егерде оқушылар бұл таңдау курсынан білімдерін тереңдетіп жалғастыратын болса, онда олар болашақ географ, картограф, тарихшы т.б мамандық иесі мүмкіндігі бар.
Мазмұны
Барлығы 34 сағат, аптасына 1рет
Кіріспе (1сағат)
І – бөлім. Ежелгі дүние халықтарының Жер туралы алғашқы мәліметтері (2сағат)
Көне мысырлықтардың географиялық зерттеулері. Шумерлердің географиялық жетістіктері
ІІ – бөлім. Көне грек халықтарының географиялық жетістіктері(4сағат)
Геродот, Эратосфен және Птоломейдің географиялық жаңалықтары. Александр Македонский мен оның замандастарының географиялық жорықтарының нәтижелері. Атлантида туралы аңыз.
Практикалық жұмыс№1 .(1сағат)
Қайталау (1сағат)
ІІІ – бөлім. Ортағасырлық географиялық зерттеушілер(7сағат)
Қытай саяхатшылары. Арабтардың сауда жолдары. Ибн Фадлан саяхаты. Махмуд Кашкари саяхаты. Марко Полоның Орта Азияға саяхаты.Еуропаның елшілері Плано Карпини мен Вильгельм Рубрук саяхаттары. Афанасий Никитин «Үш теңізге саяхат».
Практикалық жұмыс№2.(1сағат)
Қайталау (1 сағат)
ІҮ – бөлім. Ұлы географиялық ашылулар кезеңі(14сағат)
Христофор Колумб саяхаттары. Фернан Магелланның Жер шарын айналу саяхаты. Васко да Гаманың Үндістанға саяхаты. Мартин Бехайм – алғашқы глобус жасаушы. Семен Дежнев – Қиыр Шығыстағы саяхаты. Витус Беринг – Солтүстік Америка жағалауында. И.Ф.Крузенштерн және Ю.Ф. Лисянский – мұхиттық аралдарды ашуда.Ф.Ф.Беллингаузен мен М.П.Лазарев – Антарктида жағалауын ашуы.Н.М.Прежевальскийдің Орта Азияны зерттеуі. Н.Н. Миклухо – Маклай – Жаңа Гвинея аралдарын ашуы. Джеймс Кук пен Абель Тасман саяхаттары. Давид Ливинстон саяхаты. П.П. Семенов Тянь – Шань тауларындағы зерттеулері. Руал Амудсен мен Роберт Скоттың саяхаттары.
Практикалық жұмыс№3. .(1сағат)
Қайталау (1сағат)
Қорытынды (1 сағат)
Тақырыптық күнтізбелік жоспары
Шумерлердің географиялық жетістіктері
1
дәріс
ІІ – бөлім. Көне грек халықтарының географиялық жетістіктері
3
4.
Геродот, Эратосфен және Птоломейдің географиялық жаңалықтары.
1
Картамен жұмыс
5.
Александр Македонский мен оның замандастарының географиялық жорықтарының нәтижелері.
1
6.
Атлантида туралы аңыз.
1
7.
Практикалық жұмыс№1
1
Картамен жұмыс
презентация
8.
Қайталау (1сағат)
1
ІІІ – бөлім. Ортағасырлық географиялық зерттеушілер
7
9.
Қытай саяхатшылары.
1
10.
Арабтардың сауда жолдары.
1
11.
Ибн Фадлан саяхаты
1
12.
Махмуд Кашкари саяхаты
1
Картамен жұмыс
13.
Марко Полоның Орта Азияға саяхаты
1
14.
Еуропаның елшілері Плано Карпини мен Вильгельм Рубрук саяхаттары.
1
Картамен жұмыс
15.
Афанасий Никитин «Үш теңізге саяхат».
1
16.
Практикалық жұмыс№2.
1
Картамен жұмыс
презентация
17.
Қайталау
1
ІҮ – бөлім. Ұлы географиялық ашылулар кезеңі
14
18.
Христофор Колумб саяхаттары
1
Картамен жұмыс
19.
Фернан Магелланның Жер шарын айналу саяхаты.
1
Картамен жұмыс
20.
Васко да Гаманың Үндістанға саяхаты
1
Картамен жұмыс
21.
Мартин Бехайм – алғашқы глобус жасаушы.
1
22.
Семен Дежнев – Қиыр Шығыстағы саяхаты
1
Картамен жұмыс
23.
Витус Беринг – Солтүстік Америка жағалауында.
1
Картамен жұмыс
24.
И.Ф.Крузенштерн және Ю.Ф. Лисянский – мұхиттық аралдарды ашуда
1
Картамен жұмыс
25.
Ф.Ф.Беллингаузен мен М.П.Лазарев – Антарктида жағалауын ашуы.
1
Картамен жұмыс
26.
Н.М.Прежевальскийдің Орта Азияны зерттеуі.
1
Картамен жұмыс
27.
Н.Н. Миклухо – Маклай – Жаңа Гвинея аралдарын ашуы
1
Картамен жұмыс
28.
Джеймс Кук пен Абель Тасман саяхаттары.
1
Картамен жұмыс
29.
Давид Ливинстон саяхаты.
1
Картамен жұмыс
30.
П.П. Семенов Тянь – Шань тауларындағы зерттеулері.
1
Картамен жұмыс
31.
Руал Амудсен мен Роберт Скоттың саяхаттары.
1
Картамен жұмыс
32.
Практикалық жұмыс№3
1
Картамен жұмыс
презентация
33.
Қайталау
1
34.
Қорытынды
1
6 сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылар:
Даладағы географиялық зерттеу жұмыстарының негізгі әдістерін;
Жердің табиғаты мен пішіні жайлы білім мен көзқарастардың өзгеруін;
Саяхатшылар мен зерттеушілердің қосқан үлесін;
Саяхатшылардың негізгі бағыттарын;
Қазіргі кездегі зерттеулерді;
Қазақстандық ғалымдардың үлесін;
Қазақстандықтардың жер шарын айналу саяхаттарын және Қазақстанның Антарктиданы зерттеу жұмыстарына қатысуы жайлы;
Әр саяхатшылардың зерттеу нәтижелерін білулері тиіс.
6 сыныптың соңында:
Оқушылар:
Ұлы саяхатшылардың ашқан жаңалықтарынының мәнін;
Саяхатшылардың жорықтарын картаға белгілеуін;
Ұлы саяхатшылардың есімдері мен географиялық жетістіктерін;
Саяхатшылар мен зерттеушілердің өмірбаяндарын;
Жерді одан әрі зерттеу мақсатында саяхаттардың болжалды бағыттарын жоспарлай сипаттама бере алулары керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
Мұғалімдерге арналған:
Анучин Д.Н Избранные географические работы. Географгиз М,1954
Багров Л.С Карты Азиатской Росий,п,1974
Белов М.И. Русские мореходы, Главсевморпуть, л,М 1952
Борзов А.А Георафические работы, географгиз,М,1954
«Русские открытия в тихом океане и северной Америке в ХҮІІІ –ХІХ веках» Сборник материалов
Магидович И.П, Магидович В.И « Очерки по истории географических открытий» Москва «Просвещение» 1982
еверин Н.А Отечественные путешественики и иследователи Учпедгиз,М,1954
Оқушыларға арналған:
Берг Л.С Очерки по истории русских географических открытий, изд.2АН,СССР,М-Л 1974.
Борзов А.А Географические работы ,Географгиз, М, 1954
Баранского,Н.Н Никитина « Отечественние экономика –географы ХҮІІІ –ХХвв.»