Ашық сабақ тақырыбы топырақ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Топырақ,топрақтың түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға топырақ және оның құрамы туралы түсінік беру. Топырақтың маңызын ұғындыру.

Дамытушылық: Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл-ойын, есте сақтауын дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрби беру.

Әдіс-тәсілдері: Топтастыру, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Тірек сызбалар, бейнетаспа, суреттер, Венн диаграммасы, қима тапсырмалар.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Кезекші мәліметін тыңдау.

3. Психологиялық дайындық. «Көңіл күй» жаттығуы.

4. Зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.

1. Кіріспе бөлім

Қызығушылығын ояту.

Бейнематериалды көрсету. Өзен жағасындағы табиғатқа, үлкен гранит тастарға , өзен жағалауындағы құмға, сазға, жарқабаққа көңіл аудару.

Тұжырым: Бұл жерде еш нәрсе өсіп тұрған жоқ. Өйткені, гратин, құм,саз, тау жыныстары. Таза тау жыныстарына ешқандай өсімдік өспейді.

Өзеннің жоғарғы бетінен не көрдіңдер? (Ағаштар, шөптер, гүлдер т.б.)

- Бұл жерде өсімдіктің өсуі неге байланысты?

Бұл жерде өсімдіктің өсуі топырақтың болуына байланысты.

ІV. Жаңа сабақ.

1. Яғни, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Топырақ». Оқушыларды сабақтың мақсатымен, міндеттерімен таныстыру.

2. Не білемін? Топырақ жайлы 2 – сыныптан не білеміз? (ортаға салады)

Қара шірік, Ауа, Құм, Саз, Су

3. Топпен жұмыс.

1 – топ: Топырақта ауа бар екенін қандай тәжірибе бойынша анықтадық? (оқушы қысқаша түсіндіреді)

2 – топ: Топырақта су бар екенін қалай анықтадық? (оқушы түсіндіреді)

3 – топ: Топырақ неден тұрады? (тәжірибені еске түсіреді)

4 – топ: Оқулықпен жұмыс.

а) Оқушыларға «Топырақ» тақырыбын оқып шығуды тапсырамын. Мәтінді оқып отырып, түртіп алу стратегиясы бойынша таныс емес сөздердің астын сызуды тапсырамын.

ә) Түсініктеме беру.

5. Дәптермен жұмыс.

Топырақ, қарашірік, құнарлық сөздерін жаздыру.

V. Бекіту. Не білдім?

Қарашірік

Топырақ қабаттарына қарай оның түсінің өзгеретіні.

Айырмашылығы – құнарлылығы.

Жер астында бунақденелілер, дернәсілдер.

- Топырақ дегеніміз не?

VІ. Қорыту.

1. 5 жолды өлең стратегиясы бойынша тақырыпты қорыту.

1. Не? Топырақ.

2. Қандай? Қара, бозғыл, құнарлы, борпылдақ.

3. Не істейді? Өседі, салынады, түзіледі.

4. Сөйлем. Құнарлы топырақ табиғатқа қажет.

2. Тұзды топырақта өсімдік аз өседі.

5.Синоним. қарашірік.

2. «Топырақ» сөзін топтастыру.

Су өткізгіш, Өседі, Ауа, Саз, Өнеді, Құм, Құрылыс, Су

VІІ. Бағалау.

Топ жетекшілері оқушы білімін бағалайды.

VІІІ. Үйге тапсырма




































Топырақ экологиясы

Қазақстанның барлық жер аумағы 2724, 9 мың км 2. Жер қорымыздың аумағы өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс игермеу салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, тақырларға айналу процестері күшейе түсуде.

235 млн га құнарлы жердің га - сы жарамсыз жерлерге айналып, оның 30 млн га - сы, топырақ эрозиясына, 60 млн га - сы тұздануға ұшырап, 10 млн га - сы химиялық және радиоактивті заттармен ластанған.

Солтүстік аймақтарда тың игеру науқанына байланысты бірегей бидай дақылын егу топырақ қарашірігінің 25 - 30 %- ын жоғалтады.

Кейбір аймақтарда топырақтың құнарсыздануы және шөлге айналуы Ертіс, Амудария және Сырдария өзендерінің су алабының азаюымен, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр.

Топырақтың ауыр металдармен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, әскери өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму зоналарында топырақтың ластануы ерекше жылдам жүруде.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Топырақтың маңызы

2. Топырақтың бұзылуы және ластануы

3. Топырақ эрозиясы және оның түрлері

4. Қазақстанның жер қоры және экологиялық жағдайы

2 - топ. Топырақтың эрозиясы және оның түрлері тақырыбында өздерінің дайындаған материалдарын астындағы слайдтарға сүйене отырып таныстырады

Топырақтың бұзылу (деградациялану) факторлары

Ашық әдіспен кен өнімдерін алу Топырақ эрозиясы

Шөлейттену және батпақтану Пестицидттер

Шектен тыс мал жаю Агротехникалық жұмыстарды дұрыс жүргізбеу

Қышқылдық жауын шашын

Топырақтың бұзылу түрлері

Батпақтану. Ылғалды жерлерде топырақтың батпақтануы байқалады. Батпақтану топырақтың органикалық қасиетін нашарлатып, ормандардың өнімділігін төмендетеді.

Шөлдену. Топырақ пен өсімдіктің қалпына келмес өзгеру үрдісі. Бұл жағдай биологиялық өнімділікті төмендету арқылы биосфералық потенциалдың толық бұзылуына әкеліп соғады да, территорияны шөлге айналдырып жібереді.

Тұздану деп – топырақ қабатында суда жеңіл еритін тұздардың өсімдікке уыттты мөлшерде шоғырланып жиналуын айтамыз.

Топырақтың негізгі ластаушылары

Пестицидттер Ауыр металдар Мұнай және мұнай өнімдері Минералдық тыңайтқыштар

2 - топ. Топырақтың эрозиясы және оның түрлері тақырыбында өздерінің дайындаған материалдарын астындағы слайдтарға сүйене отырып таныстырады

Эрозия - термині латынның «erodere»- бұзу деген сөзінен алынған.

Эрозия дегеніміз – топырақ жабынының су, не желмен шайылуы, бұзылуы.

Эрозияны тудыратын негізгі факторларға

Климаттық фактор

Жер бедерінің пішіні

Топырақ түзуші жыныстардың сипаты

Жер бетіндегі өсімдіктер жамылғысы

Адамның іс - әрекеті

Топырақ эрозияның түрлері

Су эрозиясы - топырақ бөлшектерінің сумен мүжіліп, шайылып әкетілуін айтады. Су эрозиясының түрлері: жазықтық, сызықтық, жылдамдатылған.

Жел эрозиясы – топырақтың жел әсерінен бұзылып, ыдырап, шаң болып ұшып, бүлінуі. Жел эрозиясының түрлері: күнделікті, шаң дауыл.

IV. Жаңа сабақты бекіту:

1. Эрозия Қарашірік құнарлық көзі.

2. Гумус Топырақтың бұзылуы.

3. Рекультивация Топырақ жабының су не желмен шайылуы.

4. Деградациялану Жалпы зиянды организмдерді жою

мақсатында қолданылатын • химиялық заттар (препараттар, дәрілер).

5. Гербицид Топырақтану ғылымының негізін қалаушы.

6. Пестицидтер Топырақтың беткі қабатында суда еритін

әртүрлі тұздардың көптеп жиналуы

7. В. В. Докучаев Топырақты қайта қопсыту.

8. Тұздану Мәдени өсімдіктердің өсіп дамуына кедергі

келтіретін арам шөптерді жоюға қолданылатын • химиялық заттар.

Биологиялық диктант

Термин сөздер: Гербицидтер ПестицидтерТұздануГумусБатпақтануЭрозияДеградатциялануРекультивация

Экологиялық дағдарыстан шығу жолдары

1. Топырақты өңдеуде агротехникалық шараларды тиімді пайдалану.(ауыспалы егіс).

2. Топырақтың эрозиясына жол бермеу.(ормандағы ағашты кеспеу).

3. Химиялық тыңайтқыштарды тиімді пайдалану.(пестицид, гербицид).

4. Топырақтың ластануына жол бермеу.(өнеркәсіп қалдықтарын тастамау).

5. Бүлінген жердің топырағын қайта қалпына келтіру. (рекультивация).

6. Ғарыш кеңістігіне ұшқан зымырандардан сұйық отындар төгілмесе.( гептил).























6-сынып 14.03.16.

Сабақтың тақырыбы: Топырақтану туралы ұғым. Топырақ түрлері.

Біімділігі:Оқушыларды Қазақстан аумағындағы топырақ түрлерінің қасиеттері мен топырақтың негізгі түрлеріне анықтама беруге үйрету.

Тәрбиелілігі: Топырақты қорғау жұмыстарымен адамдардың шаруашылық қызыметін топырақтың құнарсыздануы, одан сақтау жолдары мен өңдеу шаралары туралы түсіндіру.

Дамытушылығы: оқушылардың өй өрістерін дамыту.

Көрнекілік: Қаз физ. атлас картасы. Оқулық. Кескін карта карандаш

Сабақтың барысы: оқушылармен амандасу, үй тапсырмасын тексеру.

I.Ұйымдастыру:

II.Үй тапсырмасын тексеру Қазақстан топырағы.

III.Үй тап.қорытындылау:

1) Топырақ дегеніміз не? (топырақ дегеніміз – Су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен, тау жыныстардың үгілу нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым.

2) Топырақ құраушы факторларды атаңдар? (су, ауа, жылу, өсімдік,тірі ағзалар әсері, тау жыныстарыңың үгілуі)

3) Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады? ( топырақтың механикалық құрамыына топырақтың ірілі және кішілі минерал бөлшектерінің жиынтығы жатады.)

4) Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады? (жануарлар дүниесі өздерінің тіршілік әрекетінің нәтижесінде топырақты байытады да шірінді мөлшерін көбейте түседі)

5) Құрылымды топырақ қандай топырақ? (шірінді мен кальциге бай және құрылымы кесек топырақтарды құрылымды топырақ)

6) Құрылымы жоқ топырақ қандай топырақ? ( Құрылымында түйіршіктері ұсақ топырақты құрылымы жоқ топырақ дейді)

Жаңа сабақ жоспары:

1. Топырақтың түрлерімен танысу

2.Топырақтың пайда болу жағдайы.

3.Топырақтың негізгі қаиеттерімен және топырақты қорғау шаралары танысатын боламыз.

IY.Жаңа сабақ

Еліміздің топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі.Жалпы топырақ табиғат зоналары бойынша таралады және айқын байқалады. Негізінен 3 топырақ зоналарына бөлінеді.

1- Қара топырақты зона (52⁰ с.е. солтүстігінде)

2- Қара қоңыр топырақты зона (52⁰ – 48⁰с.е. аралығында)

3- Қоңыр сұр қоңыр топырақты зона (52 ⁰– 48⁰ с.е. аралығында)


1)Қара топырақты зона – Еліміздің сол –гінде таралған. Бұл зонаға Сол – к Қаз-н облысын түгелімен , Қостанай обл, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Орал облыстарының сол –к бөлігін қамтиды. Қара топырақты зона Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5% – ын) алып жатыр. Бұл топырақ зона 3 зона аралығына бөлінеді: 1 – сілтісізденген қара топырақ – орманда дала табиғат зонасының оңтүстігінде азғана бөлігін алып жатыр. 2 – кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы – дала зонасына тән. Құнарлығы жағына келсек 2 зонаныңда гумусы (қара шіріндісі) мол 6- 8% ал оңтүстігінде қара топырақтың шіріндісі аздау 4 -6%. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған. Бұл топырақты зона республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.

2) Қара қоңыр топырақ зонасы – қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан топырақ зонасы. Бұл қара қоңыр топырақты зона Орталық Қаз- нның көп жерін , Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қаз –н облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын 90,6 млн гектар немесе (34% – ын алып) жатыр.Бұл қара қоңыр топырақ зонасы да 3 зона аралығына бөлінеді:1 –қуаң даланың күнгірт қара қоңыр топырақтыөңірі,

2 – қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі;

3 – шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі. Бұл топырақ зонасының құнарлығы оңтүстікке барған сайын кеми түседі.күнгірт қара топырақ пен кәдімгі қызыл қоңыр топырақтың гумусы 4,5 – 3,0%, ал шөлейт ашық қызыл топырақтың гумусы азырақ 3,0 – 2,0%. Қара қоңыр топырақ зонасының сол – гінде астық өндіру мен ал шаруашылығымен айналысады. Өйткені мұнда ылғал аз түседі. Осы топырақ зонасының оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді. Бұл топырақтың гумусы аз сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіс қана тиімді.

Топырақты эрозиясы және топырақ эрозиясы ; Топырақтың құнарлығын кемітетін табиғаттың бір апаты - топырақ эрозиясы. Еліміздің 70 млн гектардан астам жерлері эрозияға бейім жерлер болып келеді.Соның 52млн гектары жел эрозиясына бейім, 17 млн – нан астамы су эрозиясына бейім

Топырақ эрозиясының түрлері

Топырақтың жел эрозиясы

Таудағы эрозия Топырақтың су эрозиясы

Жел эрозиясының басым болуы , біріншіден Қазақстан жерінің көп бөлігінің жазық және ашық болуы, екіншіден күшті желдің соғуы, үшіншіден топырақтың құрылымы бос немесе механикалық құрамы жеңіл топырақтардың молдығы. Сондықтан бұндай жерлерді игеру өте жауаптылықты қажет етеді. Су эрозиясы – топырақты шайып кету және жыра эрозиясы деп екіге бөлінеді. Көктемде қар ерігенде, нөсер жаңбыр жауғанда ағыл - тегіл су топырақты шайып, құнарлы қабатты ағызып әкетеді.Егер топырақ бетінде өсімдік мол болса , топырақ қабаты аз шайылады.

Топырақтану институтында топырақ эрозиясы бөлімі ашылып оңтүстік және сол –к аймақтардың жел , су эрозияларын зерттеп , күресу шараларын ұсынды. Жалпы эрозиядан сақтану жолдары төмендегідей жұмыстар жүрілуі қажет:

1. Егістік маңына ағаш отырғызу

2. Агротехникалық шаралар жүргізу

3. Ауыспалы егіс айналымын сақтау

4. Қар тоқтату, тыңайтқыштар себу

5. Жерді аудармай жырту

6. Тау беткейлерінен көлденеңінен сатылай жырту

7. Селге қарсы құрылыстар салу.

8. Құм тоқтату

9. Бұл шаралар топырақтың жел, су эрозиясына ұшырауларын азайтады.

V. Жаңа сабақты қорытындылау

1) Қазақстанда қандай топырақ түрлері бар? Өз облыстарыңның топырағы қанадй?

2)Топырақтың гумусы деген не және ол оңтүстікке барған сайын неге азая береді?

3) Топырақ эрозиясы деген не?

4(Топырақ эрозиясымен күресу шаралары барма?

5) Өздеріңнің тұрған жерлерінің ауыл шаруашылық мамандары эрозияға ұшыраған топыраққа қандай шаралар қолдануда болса айтып бер

6.Үйге тапсырма.

VI.маз.Кескін картаға топырақ зоналарын түсіру.

VII.Бағалау