«Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуы»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуы»

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның әртүрлі аймақтарында жауын-шашынның әркелкі таралуына әсер ететін факторлар туралы түсінік беру.

Білімділік: Қазақстанның географиялық орнына және табиғат зоналарының таралуына байланысты жауын-шашынның өзгеруіне, ылғалдану коэффициентіне сипаттама беру.

Дамытушылық: Сабақ барысында әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар, карталар арқылы оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасауға бағыттай отырып, ауызша сипаттама жасауға, ой-өрісін дамытуға көңіл аудару.

Тәрбиелік: Сабақ мазмұнына қарай оқушыларға экономикалық, экологиялық тәрбие бере отырып, дүниетанымын арттыру.

Сабақтың тегі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: Сұрақ жауап, мәтінді оқыту, картамен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау элементтері.

Сабақтың тәсілі: Жеке оқушымен, жалпы класпен

Көрнекіліктер: Электрондық оқулық, интерактивтік карта, атлас карта, Қазақстанның климаттық картасы

Пән аралық байланыс: Экология, физика, орыс тілі, экономика, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

а) Амандасу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Ой қозғау. «Полиглот»

(Сөздердің орысша аудармасын жасау)

  1. Ауа

  2. Жел

  3. Жауын – шашын

  4. Қар

  5. Жаңбыр

  6. Ауа температурасы

  7. Атмосфералық қысым

  8. Ай

  9. Тұман

  10. Бұлт

  11. Жер

  12. Күн

  13. Құрлық

  14. Мұхит

  15. Ылғал


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Қазақстан аумағында ауа температурасы неге әркелкі таралған?

  2. Ауа температурасын өлшейтін құрал.

  3. Изотермалар деген не?

  4. Қазақстандағы ең суық және ең ыссы жер?

  5. Қыста Қазақстан аумағына қандай ауа массалары әсер етеді?

  6. Температура инверсиясы деген не?

  7. Қыста орташа ауа температурасы солтүстікте және оңтүстікте неше градус болады?

  8. Шілденің орташа температурасы солтүстікте және оңтүстікте неше градус болады?

  9. Биік тауларда ауа температурасы қалай өзгереді?

  10. Ауа температурасының ауытқулары атмосфераның қандай қабатында болады?


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

(Электронды оқулық арқылы)

ЖЫЛДЫҚ ЖАУЫН-ШАШЫННЫҢ ТАРАЛУЫ

Жауын-шашынның мөлшері жер бедеріне байланысты болады. Жазықтар мен аласа таулы аудандарда жауын-шашын мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді. Солтүстікте жылына 400 мм-ден көбірек, орталық алапта 275 мм-ге дейін, ал оңтүстікте 130 мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Арал теңізінің солтүстік-шығысы мен Балқаштың батысында бар болғаны 130 мм жауын-шашын түседі, кейбір жылдары бұдан да аз. Биік таулы аудандар жазықтар мен аласа таулы өңірлерге қарағанда жауын-шашынды молырақ алады: оның ең көп мөлшері (1600 мм) Батыс Алтайда түседі. [pic]

Жауын-шашын мөлшері жыл мезгілдері бойынша біркелкі түспейді. Солтүстікте жауын-шашынның 70-80%-ы жылдың жылы мерзімінде түседі, ал оңтүстікте кей жылдары жазда 2-3 ай бойы мүлде жаңбыр жаумайды. Солтүстікте қыс айларында жауын-шашынның жылдық мөлшерінің 20-30%-ы, ал оңтүстікте 60%-ы түседі.


Қар жамылғысы

Картадан көрініп тұрғанындай, Қазақстан аумағында қар жамылғысының қалыңдығы мен жату ұзақтығы әркелкі болады. [pic]

Солтүстікте қар қалыңдығы 20-30 см болып, 125-165 күн бойы жатады, ал оңтүстікте оның қалыңдығы 10-15 см және 40-60 күн ғана сақталады. Таулы аудандарда қардың жату ұзақтығы мен қалыңдығы биіктікке қарай өзгереді. Мысалы, Іле Алатауындағы Мыңжылқыда (3036 м) қар қалыңдығы 90 см-ге жетіп, жату ұзақтығы 230 күнге созылады.


[pic]



ІV. Сабақты пысықтау.

А) «Тапқырлық» географиялық диктант.

  1. Қазақстанда жауын – шашынның аз мөлшерде түсуіне ... қашық жатуы және ... орталығында орналасуы әсерін тигізеді.

  2. Қазақстанда жауын – шашынның орташа жылдық мөлшері ... аралығында.

  3. Қазақстандағы жауын – шашын ең көп түсетін жер ... .

  4. Жауын – шашын аң аз түсетін аймаққа ... жатады.

  5. Жазық және аласа таулы бөліктерде жауын – шашын ... қарай кемиді.

  6. Республиканың шығыс және оңтүстік шығыс ... ылғалы мол өңір болып саналады.

  7. Жылдық жауын шашын мөлшерінің ... қатынасын ... деп атайды.

  8. Ылғалдану коэффициенті бірге тең болса, ылғалдану .... деп есептеледі, ал бірден аз болса ылғал ... деп есептеледі.

Ә) «Кім жылдам?» сайысында аталған заттың не екенін тез атау керек.

  1. Барометр ( )

  2. Термометр ( )

  3. Гигрометр ( )

  4. Тұран ( )

  5. Қазақстан ( )

  6. Елек ( )

  7. Каспий ( )

  8. Алтай ( )

  9. Қарағанды ( )

  10. Темір ( )

  11. Сайқан ( )

  12. Маңғыстау ( )

  13. Қоңыржай ( )

  14. Тропосфера ( )


Б) «Мені түсін!»


Су буы (грамм)



-30°

-20°

-10°

+10°

+20°

+30


0,5

1

2

5

9

17

30




V. Қорытындылау.

VІ. Оқушыларды бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма.

Мәтінді оқып, түсінік айту. Жауын-шашын картасы кескін картаға түсіру, дәптерге өзі тұрған жердің ауа райына сипаттама жазу.











34 орта мектебі




Ашық сабақ



Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы

8 класс


Тақырыбы: «Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуы»



Пән мұғалімі: Айжарыкова А.Қ.









Ақтөбе қаласы 2011 жыл