Сабақ жоспары Қызыл кітап

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бекітемін. Уразалиева Н.И.

Пән мұғалімі: Ізмағанбетова Ә.Ш.

Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы.

Күні: 16.05.2016 жыл.

Сыныбы: 8 «а», «ә», «в».

Сабақтың тақырыбы: «§56.Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңы.Қазақстанның «Қызыл кітабы».

Сабақ мақсаты:

Қоршаған ортаны қорғау әр адамның міндеті екенін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

1.     Білімділік:  Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оны көзінің қарашығындай сақтау жайындағы халық дәстүрімен таныстыру, тақырыптың негізгі идеясын ашу, сөздік қорын молайту.

2.     Дамытушылық: Оқушылардың  танымдық қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін, сабаққа деген қызығушылықтарын, білімге белсенділіктерін арттыру, тақырыпқа байланысты сөйлеу дағдыларын дамыту.

3.     Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу, экологиялық мәселені көтеру, табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ / білім, білік, дағдыны  қолдану сабағы \.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері:  Түсіндірмелі,сұрақ-жауап,баяндау.

 Көрнекілік: Оқулық,Қазақстанның физикалық картасы,кескін карта,атлас.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылармен амандасу;

-Түгендеу;

-Оқушылар назарын сабаққа аудару;

- Сабақтың тақырыбымен таныстыру, жұмысқа белсендіру. 


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1.Экологиялық проблемалар нешеге бөлінеді?

2.Арал теңізінің экологиялық проблемасы?

3.Каспий теңізінің экологиялық проблемасы?


II. Жаңа сабақ:

  Балалар, табиғат біздің  қоршаған ортамыз, байлықтың көзі. Бізідің еліміздің табиғаты бай екенін, сол табиғатты қорғау екенін білеміз.  бүгінгі сабағымыз осы табиғатта құрып бара жатқан аңдар, құстар, өсімдіктер жайында болмақ.

Табиғатты қорғау.Адамдардың шаруашылық қызметінің әсерінен табиғи қорларды пайдалануда экологиялық жағдай нашарлады: Арал теңізі өңірі, Семей полигоны, Балқаш көлі, Каспий теңізі, Байқоңыр және тағы басқа жерлер. Осы жағдайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1996 жылы 30 сәуірде «Қазақстан Республикасының экологиялық тұжырымдамасын» бекітті. Бұл тұжырымдама бойынша Қазақстан табиғатты қорғау проблемаларын дүние жүзіндегі ынтымағы бір елдермен бірлесе, ақылдаса отырып

шешпекші. ҚР Конституциясының  38- бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті»,  6-бабында: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер сондай–ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін».

  Біздің елде «Қызыл кітап»  1978 жылы ұйымдастырылғын. Мұнда аңның  21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың   8 түрі көрсетілген. Оларды сақтап қана қоймай, санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген  жануарлар мен өсімдіктердің түрлері елде «Қызыл кітаптан» алынған.                                     Еліміздегі табиғатты қорғаудың ең басты саласы – мемлекеттік қорықтар. Қорық деп – барлық табиғи байлықтары кешенді түрде қатаң қорғалатын, арнайы белгіленген аумақты айтады. Қазіргі дүние жүзінде 2600 – ге жуық қорықтар бар. Қазақстан жерінде  9 мемлекеттік қорық ұйымдастырылған. Олар: Ақсу-Жабағылы,Алматы, Барсакелмес, Наурызым, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт, Батыс-Алтай, Алакөл.                                                            

Табиғат – халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғауымыз қажет, сондықтан да табиғатты қастерлеп, оған сүйіспеншілкпен қарап, қамқорлық жасау қажет. Соған байланысты біздің елімізде ,,Халықаралық табиғат қорғау қоғамы,, құрылды. Оның басты мақсаты- саны сиреп бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты ,,Қызыл кітап,, деп атайды. Оның қызыл және сары беттері болады. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң, құстар, өсімдіктер жазылады.

Кітап 1974 жылы шықты.

  

ІҮ.Бекіту:

1-сұрақ: Қазақстандағыбатыс бөлігі тұщы, ал шығысындағы бөлігі тұзды көл қалай аталады? (Балқаш) 

2- сұрақ: Қостанай облысындағы реликтілі қарағай тоғайлары қорғауға алынған қай қорық? (Наурызым)

3- сұрақ: Адамның парықсыз әрекеті салдарынан көп жапа шеккен көлді ата? (Арал)

4- сұрақ: Реликтілі ускуч майқап балығы мекендейтін, оны сақтап қалу үшін әдейілеп қорық жасалған көл қалай аталады? (Марқакөл)

5- сұрақ: Қазақстанның ең байырғы қорығы  қалай аталады? (Ақсу-Жабағылы)

6- сұрақ: Гербінде алма бейнеленген қай қала? (Алматы)            

                                                      

Y. Сабақты қорытындылау:

-         Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

-         Табиғатты қалай қорғау керек ?

-         Ол үшін не істеу керек ?  / сұрақтарға жауап алу/


YI. Оқушыларды бағалау.

Бүгінгі сабаққа белсене араласқан оқушыларды журналға және күнделіктеріне бағалау.


ҮІІ.  Үйге тапсырма:  

1. «§56.Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңы.Қазақстанның «Қызыл кітабы».

2. «Табиғатты қорғау үшін менің қолымнан не келеді ?»

    шағын әңгіме /






Бекітемін: Уразалиева Н.И.

Пән мұғалімі: Ізмағанбетова Ә.Ш.

Пәні:

«Қазақстанның физикалық географиясы»

Күні:17.05.2016 жыл.

Сынып : 8 «а», «ә», «в»

Сабақтың тақырыбы:

«§54,55.Ерекше қорғалатын аумақтар, қорықтар, үлттық саябақтар, қорықшалар және басқалар».

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстандағы ерекше қорғалатын аумақтар, қорықтар туралы оқып біледі, ондағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау, келешек үшін маңызы бар екенін оқушылар кеңінен түсінеді.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сұрақ-жауап,топтық,түсіндірмелі.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар Қазақстандағы ерекше қорғалатын аумақтар, қорықтар туралы біледі, ондағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау шараларының қажеттілігін сезінеді.

Сабақ жоспары:








І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Амандасу.

2.Түгендеу.

3. Сынып назарын сабаққа аудару.


Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті



1. Қызығушылығын ояту:

  • Үй тапсырмасын сұрайды.

1.«Қазымыр оқушы» ойыны.


1.Оқушылар үй тапсырмасы бойынша бір-біріне сұрақтар қояды, кім көп сұрақ қойса сол «Қазымыр оқушы» атанады.


2. Мағынаны тану:

  • Ой қозғау.

  • «Галереяны шарлау»

Қорық- ерекше қорғауды қажет ететін,тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорықтары-бұл табиғатты қорғаудың ең негізгі формасы.Көптеген ғалымдардың еңбектері VI-VIIIғғ қазақ жерінде ерекше қорғалатын жерлер болғанын жазады.

Дүние жүзінде қанша қорық бар және оның ең үлкені қайда орналасқандығын айту. Қәзіргі таңда дүние жүзінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әртүрлі, сондықтан қорғауға ажыратылған жерлерді қорықтар,қорықшалар,резерваттар,ұлттық парктер,табиғат ескерткіштері деп бөлінеді.Қазір дүние жүзінің 124 елінде 2600- дан артық ірі қорық бар екен.Олардың ішіндегі ең үлкені Греландия ұлттық паркі. Оның жер көлемі 7 млн.гектар.

Біздің республикамызда жалпы көлемі 784,1 мың гектар жерді алып жатқан 10 қорық бар.50 дей аңшылық қорықша,42 зоологиялық және ботаникалық бақтар мен, 3 табиғат ескерткіштері бар.Алдағы жылдарда олардың санын 15 ке жеткізу көзделген. Ал Ұлттық парктердің қорықтардан айырмасы бар. Ұлттық парктерде өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әрі бағалы түрін сақтаумен қатар, адамдардың мәдени демалысын ұйымдастыратын, туризммен шұғылдануға мүмкіндік жасайтын орындар бар. Қазақстанда алғаш рет ұлттық пак Баянауыл таулы орман алқабында ұйымдастырылды. Мұнда 40-қа тарта аңдардың, 50-ден аса құстардың түрлері қорғалады. Олардың көпшілігі "Қызыл кітапқа" енген.

         Табиғат ескерткіштері деп сирек, құрып бара жатқан, желдің, судың әрекетінен мүжіліп, бұзылып жатқан ғылыми, тарихи және мәдени жағынан құнды табиғат обьектілерін айтады.

 Табиғат ескерткіштерін қорғау – бұл жанды табиғатқа тән затты қорғау деген сөз. Табиғат ескерткіштері дүние жүзінің көптеген елдерінде бар. Қазақстанда қазір 24 табиғат ескерткіші бар. Олардың ішіндегі аса маңыздыларына "Жетісу маржаны", "Шың түрген" шыршасы, Павлодардағы "Жыл құстары" табиғат ескерткіштерін жатқызуға болады. Ұлттық табиғи саябақтар

Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық


3. Оқушылардың білімін бекіту:




                              Сәйкестендіру

1.Баянауыл                                                        Шайтанкөл                  

2. Іле Алатауы                                         Ақмола облысы

3.Қарқаралы                                            алғашқы саябақ

4.Алтынемел                                            ауданы-199,7мың.га

5.Көкшетау                                                        Алматы облысы


4.Бағалау:


5.Үйге тапсырма:

Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.


Үй жұмысы қорықтаршалар оқу,кескін картаға салу.