Урок по географии на тему Мировой океан

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері
Сабақтың мақсаты: Мұхит бөліктері мен олардың маңызы туралы түсінік беру.
Ойларын жинақтай білуге, ойлау қабілеттерін дамытуға, негізгі объектілерді картадан тауып сипаттай білуге дағдыландыру.

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Теңге ілу» ойыны (теңгелердегі жасырын сұрақтарға жауап беру)
1. Гидросфера дегеніміз не? (су қабығы)
2. Гидросфераның құрамына нелер жатады? (мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, жер асты сулары, батпақтар, мұздықтар, бу, бұлақ, қайнар )
3. Табиғатта су неше күйде кездеседі? (үш күйде)
4. Физикалық картадан гидросфераның қандай бөліктерін көруге болады? (өзен, көл, мұхит, теңіз, мұздықтар)
5. Мұхит суының қандай басты қасиеттері бар? (температурасы мен тұздылығы)
6. Судың мұхиттан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін не деп атайды? (дүниежүзілік су айналымы)
- Мұхит деп нені айтады? Мұхит деп жер бетінің 34 бөлігін алып жатқан орасан зор суды айтамыз, егер глобусты шыр айналдырып қарасақ көгілдір түстің басым екенін көреміз. Ол дүниежүзілік мұхит деп аталады, оның үлесіне бүкіл жер бетінің 361млн. шқ. тиеді. Дүниежүзілік мұхит бір - біріне жалғасып жатқан жеке - жеке төрт мұхиттан тұрады. Дүниежүзілік мұхиттың кез – келген нүктесінен келесі нүктесіне құрлыққа аяқ баспай жетуге болады.
- Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлықты материктер немесе континенттер деп атайды. Дүние жүзінде алты материк бар.
(оқушылар материктерді атайды)
- Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған бөлігі арал деп аталады. (картадан Гренландия, Мадагаскар, Исландия аралдарын табыңдар)
- Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігін түбек деп атайды.
Мұхиттардың атауы.

- 1520 – 1521 ж. ж. Ф. Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде алғаш рет Тынық мұхитын жүзіп өткен, сол сапарында ешқандай дауылға, цунами толқындарына ұшырамағындықтан, оған «Тынық мұхит» деп ат қойған. Шын мәнінде ең тынышсыз, дауыл жиі болып тұратын мұхит.
- Ежелгі еуропалықтар өздерінен батыста орасан зор құрлық бар деп есептеген, қиялдарынан шыққан бұл құрлықты Атлантида деп атаған және оны су астына батып кетті деп болжаған, ал Атлантида құрлығы батқан су айдыны Атлант мұхиты деген атқа ие болып қалған деген болжам бар.
- Ал Үнді мұхитының атауы португалдық теңізде жүзуші Васко да Гаманың тұңғыш рет осы мұхитты жүзіп өтіп Үндістанға баруымен байланысты.
- Солтүстік мұзды мұхитының аты айтылып тұрғандай солтүстікте орналасқандықтан және бетін мұз басып жататындықтан осылай аталған.

Мұхит бөліктері.
- Бұғаз деп мұхиттың тар енсіз бөлігін айтады. Бұғаз арқылы мұхиттар мен теңіздердің суы бір бірімен араласады. Бұғаздардың ені әр түрлі.
ІҮ. Сабақты бекіту.

1. Семантикалық карта.
Объектілер
Калифорния - шығанақ
Тынық - мұхит
Аляска - шығанақ
Сары - теңіз
Лабрадор - түбек
Мадагаскар - арал
Гибралтар - бұғаз
Аравия - түбек
Кіші Азия - түбек
Мозамбик – бұғаз, арал
Отты Жер – арал.

2. Ең, ең, ең...
Ең үлкен материк - Еуразия
Ең үлкен мұхит - Тынық
Ең терең шұңғыма - Мариан
Ең үлкен арал - Гренландия
Ең үлкен түбек - Араб
Ең үлкен ішкі теңіз - Жерорта теңізі
Ең үлкен шығанақ - Гвинея
Ең үлкен бұғаз - Дрейк

Ү. Қорытынды.
Жаратылыстары адам қайран қаларлық таңғажайып тіршілік иелері мұхит астында өмір сүруде. Асқан ақылдылықпен, ғажайып шеберлікпен жаратылған бұл дүниені ғалымдар енді ғана ашқан мұхит суларының араласпау құпиясын біле отырып, әлемнің әлі ашылмаған жұмбақ сырлары, ғажайып құпияларының көптігін байқаймыз.