Бекітемін: Аудандық эксперттік комиссия
Ж.Кереев атындағы орта мектебінің ______________________________
Директоры: Салиев С.А.
____________________ ______________________________
Тақырыбы:
« Дүниежүзілік энергетика және саясат»
10 «а» сынып
Пән мұғалімі:
Даумова А.С.
2016-2017 оқу жылы
Ж.Кереев атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Даумова Анар Салимбаевнаның 10 сынып оқушыларына арнап дайындаған «Дүниежүзілік энергетика және саясат» таңдау курсына
ПІКІР
Мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілетін,зейінін және байқағыштығын,логикалық ойлауын және шығармашылық қиялын,есте сақтау, тілдік және көптілдік,пәндік оқыту,ғылыми және әдістемелік,мерзімді баспасөз басылымдардың,интернеттің,білім берудің сандық ресурстарының ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды. Қазіргі таңда жаһандану үрдісінде оқушының жан-жақты және де дүниетанымы кең, үнемшіл болып өсуіне үлес қосып отырға, арнайы Білім және ғылым министрлігі бекітіп отырған курстарды оқыту маңызды болып отыр. Әлем бойынша дамыған мемлекеттердің ресурстарының пайдалану және де оларды өңдеуде,өндіруде тиімді тәсілдерді жүзеге асырып отырған мемлекеттермен танысу баланың жан-жақтылығын дамытатыны сөзсіз. Аталған курста тек теориялық емес,сонымен қатар практикалық және тест жұмыстарының орындалуы, оқушылардың себеп-салдарлық байланыстарды көре білулері, әлем елдерінде болып жатқан өзегрістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын-ала байқай алу қасиеттерін үйретеді. Мектеп оқушыларына дүниежүзілік энергетика және саясат туралы білім беру қазіргі замандағы жағдаяттарға көзқарас қалыптастырумен байланысты. Білім беру саласындағы курсын зерделеу кезінде оқушы қоғамның,экономиканың және табиғаттың өзара байланысы туралы нақты көзқарас алулары тиіс. Әлемдегі жағдаяттарды танып-білген, болып жатқан уақиғаларға ашық көзқараспен қарай алатын тұлға дайындау, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын азаматтарды дайындау деп білемін.
Шұбарқұдық гимназиясының жоғары санатты
география пәнінің мұғалімі Дүсіпова К.Ә.
Түсінікхат
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі, негізінен, 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында ірі машиналық индустрияның, көліктің және әлемдік рыноктың дамуы нәтижесінде қалыптасты. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі саласы — өнеркәсіптердің Дүниежүзілік өнеркәсіпте 20 ғасырдың аяғында шамамен 350 миллионға жуық адам жұмыс істеді. Соңғы жүз жыл ішінде өнеркәсіп өндірісі 50 есе өсті, бұл өсімнің 3/4-і 20 ғасырдың 2-жартысына келеді. Пайда болу уақытына қарай өнеркәсіптің барлық салалары, әдетте, 3 топқа бөлінеді. Бірінші топқа “дәстүрлі” салалар: [link] , т.б.) негізделген энергетикаға біртіндеп көшу жүзеге асуға тиіс. Қазіргі дүние жүзінің саяси картасында 200-ден астам елдер бар, солардың 170-і егеменді мемлекеттер. Елдерді топтастырудың ең көп тараған түрі – олардың территориясының көлемі мен халқының санына қарай топтау. Территориясының көлемі жағынан әрқайсысының ауданы 3 млн шаршы шақырымнан астам ірі жеті ел бар, олардың бәрін қосқанда барлық құрлық жерінің жартысынан астамы болып шығады. Халқының саны жағынан әрқайсысында 100 млн-нан астам тұрғындары бар ең ірі он ел көзге түседі, осы елдердің халық санын қосқанда жер шарындағы халықтың 3/5-іне тең болады екен. Ал саяси картада орташа және шағын елдер саны басым түседі. Өте ұсақ, әдетте микромемлекеттер деп аталынатын мемлекеттер де бар. Елдерді географиялық орнына қарай топтастыру әдістері жиі ұшырасады. Топтастырғанда олар теңіз жағаларына, түбектерге, аралдарға, архипелагтарға орналасқан елдер болып бөлінеді. Елдер типологиясы: қоғамдық құрылыстағы ерекшеліктері, негізгі қоғамдық құрылыстағы өзгешеліктер. Осы тұрғыдан алғанда дүние жүзінің қазіргі саяси картасындағы елдерді төмендегідей бөлуге болады. Дамыған елдер. Солтүстік Американың, Еуропаның, Азияның, Африканың, Австралия мен Мұхиттық аралдардың 30 елі кіреді. Оның ішінде ірі жетілік АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Жапония, Канада көзге түседі. Қазіргі таңда Бразилия, Австралия мен Үндістан секілді елдер де дамып келеді. Еуропа мен Азия, Америкада орналасқан дамушы елдер. Олар бұрынғы “социалистік құрылысты” елдер. Үшіншісі экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай, Азия, Африка, Латын Америкасы мен мұхиттық аралдардағы нашар дамушы елдер. Сонымен экономикалық тұрғыдан алғанда;
Дамыған елдер;
Дамушы елдер;
Артта қалған немесе нашар дамыған елдер.
Экономиканың негізгі салаларының бірі – отын-энергетика кешені. Соңғы екі жүз жылдықта дүниежүзілік отын-энергетика өнеркәсібі өзінің дамуында басты екі кезеңнен өтті. ХІХ ғасырдың өн бойында және ХХ ғасырдың бірінші жартысында көмір кезеңі созылып, онда дүние жүзілік отын-энергетика балансының құрылымында көмір отыны басым болды. Одан кейін екінші, мұнай-газ кезеңі келді. Онда мұндай сәйкестік жойылды. Дүние жүзілік капиталистік шаруашылықтың мұнай өнеркәсібі географиясының негізгі ерекшеліктерін мұнай қорының 9/10-ы және оны өндірудің басым көпшілік бөлігі дамушы елдерде шоғырлануында болып табылады. Мұның ең алдымен басты “Мұнай шүмегі” қызметін атқарушы Таяу және Орта Шығыс аймағына қатысы бар. Халықаралық саудаға бүкіл өндірілетін мұнайдың 1/3-нен астамы түседі. Оның басты экспорттаушылары дамушы елдер, бәрінен бұрын МЕЭҰ мүшелері болып келеді. Нәтижесінде дүниежүзілік капиталистік шаруашылықта мұнай өндіру мен тұтыну негізгі аудандарының арасында басқа ешбір салада кездеспейтін орасан зор территориялық алшақтық пайда болады. ҒТР дәуірінде, әсіресе электрондандыру және кешенді автоматтандыру дамыған сайын электр энергиясын өндіру жоғарғы қарқынмен өседі. Энергетиканың ішінде ЖЭС басты орын алады. Дегенмен су энергетикасының даму болашағы да аз емес. Қазіргі кезде атом энергетикасы және электр энергетикасы өнеркәсіптің маңызды бағыттарының біріне айналды. 80-жылдардың аяғында АЭС дүние жүзінің 30-дан астам елінде жұмыс істеді немесе салынып жатты. Дәстүрлі емес энергия көздері: мұнайдың қымбаттауы, энергия ресурстарының ғылыми әдебиетте дәстүрлі емес энергия көздері деген ат алған жаңа көздеріне ықыласты арттырады. Геотермальды энергия ыстық жылумен ыстық сумен қамтамасыз етеді, сондай-ақ ГеоЖЭС салу үшін ертеден пайдаланып келеді. Оны қолдану жөнінен Исландияның, Италияның, Венгрияның, Ресей халықтарының үлесіне тиеді. Осы дамыған елдердің энергияны өндірудегі жетістіктерін пайдалана отырып, білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту қажет. Курс бойынша академиялық лексика қалыптастыру үшін сабақта әр түрлі терминологияны қолдану бойынша жұмысты әрдайым жүргізіп отыру қажет. Оқушылардың алған мәліметтерін дұрыс пайдалану үшін ауызша және жазбаша тапсырмалармен жұмыс жасалады.
«Дүниежүзілік энергетика және саясат» курсы аптасына 1 сағатқа 10 сынып оқушыларына негізделіп жасалған. Курсты оқыту барысында оқушылар тақырыптық, топографиялық, жалпы географиялық, атлас, кескін карталармен жұмыс, практикалық, номенклатурамен,әдістемелік нұсқау хатта көрсетілген арнайы веб-ресурстармен, қосымша әдебиеттермен де жұмыстар қарастырылған.
Бағдарламаның мақсаты: Білім алушыларға дүниежүзілік энергетика,саясат, энергетиканың басты және балама түрлерімен таныстыру. Дүниежүзілік саясаттың атқаратын қызметі мен оны жүргізудің жолдары тура Бағдарламаның міндеттері:
Оқушылардың географияға,оның ішінде саясатқа деген қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше веб-ресурстармен және сыртқы ақпаратпен жұмыстана алуға дағдылау;
Оқушылардың картаны шапшаң, әрі сауатты оқуға үйрету.
Оқушылардың ғылыми ізденісін қалыптастырып, ой-өрісін дамыту.
Мамандыққа бағдар беру: Мемлекетіміздің замануи даму барысында, әлемдік саясатта өз орнын алған елімізге көзі ашық мамандарымыздың қажет екені белгілі. Мектеп жасынан әлемдегі жағдаяттарды толық түсініп және де кейбіреуінің алдын алу үшін сауатты мамандар дайындау мектеп қабырғасынан басталады. . Осы курсты пайдалана отырып, сұраныс туғызатын кез келген мамандықта алған білімдерін қолданысқа енгізе алу керек.
Курсты жүзеге асыру формалары: Әр түрлі географиялық әдістер мен тәсілдерді, номенклатурамен жұмыс, кескін картамен практикалық жұмыс жасау арқылы және ғаламтордан алынған веб-ресурстармен берілген мәліметті меңгеру;
Күтілетін нәтиже: Саяси сауаттылықты дамыту, есептеуге арналған практикалық жұмыстарды орындау, карталармен, сызбалармен, кестелермен, графиктермен, диаграммалармен жұмыс істеуді үйренеді. Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер тәжірибелік дағдыларды дамытушы және қалыптастырушы болып табылады. Жер бетінде таралған ресурстарды игеру,өңдеу,өндіру,тасымалдау туралы ақпарат алады.
Мазмұны
Кіріспе. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің дамуы.
Тақырып. Дүниежүзілік шаруашылықтың салалары.
Дәстүрлі салалар.
Жаңа салалар
Ғылыми-зерттеуді көп қажет ететін «Жоғары технология» салалары
Тақырып. Отын-энергетика кешені.
Көмір өнеркәсібі
Мұнай өнеркәсібі
Газ өнеркәсібі
Тақырып. Энергияның балама көздері.
Жел энергиясы
Су энергиясы
Күн энергиясы
Атом энергиясы
Тақырып. Саясат - мемлекетті басқару өнері.
Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.
Халықаралық қатынастардың түрлері.
Күнтізбелік жоспар
Сағат саны – 34, аптасына 1 рет
- Дәстүрлі салалар.
03.10
5
Жаңа салалар
10.10
6
«Жоғары технология» салалары
17.10
7
Практикалық жұмыс
24.10
8
Тест жұмысы
07.11
9
Отын-энергетика кешені.
14.11
10
Көмір өнеркәсібі
21.11
11
Практикалық жұмыс
28.11
12
Мұнай өнеркәсібі
5.12
13
Практикалық жұмыс
12.12
14
Газ өнеркәсібі
19.12
15
Тест жұмысы
26.12
16
Энергияның балама көздері.
09.01
17
Жел энергиясы
16.01
18
Су энергиясы
23.01
19
Күн энергиясы
30.01
20
Атом энергиясы
06.02
21
Жылу электр станциялары
13.02
22
Практикалық жұмыс
20.02
23
Тест жұмысы
27.02
24
Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.
06.03
25
Экономикалық халықаралық ұйымдар
13.03
26
Халықаралық қатынастардың түрлері.
20.03
27
Геосаясат
03.04
28
Ішкі саясат
10.04
29
Сыртқы саясат
17.04
30
Демографиялық саясат
24.04
31
Әскери саясат
24.04
32
Қорытынды семинар
15.05
33
Практикалық жұмыс
15.05
34
Тест жұмыс
22.05
Күтілетін нәтиже:
«Дүниежүзілік энергетика және саясат» курсы бойынша оқушылар төмендегідей білімдерді меңгеріп шығуы тиіс:
Дүниежүзі шаруашылық туралы түсінік қалыптасып, салаларын білу;
Дүниежүзінің отын-энергетика кешенін талдай білу;
Картамен жұмыстанып, отын-энергетика кешенінің елдерін ажырата білуге;
Дүниежүзі елдерінің ұстанатын саясатын ажырата білу;
Саясат туралы толық мәлімет алу;
Саясат түрлерін ажырата біліп, оның оның қоғамға әкелетін тиімді және тиімсіз жақтарын болжай білулері қажет.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Dauys.qamshy.kz
Surak.szh.kz
Magkaznu.com
Stud.kz
Страны,хозяйства, люди. Просвещение,1988
Балалардың жаңа энциклопедиясы. Алматыкітап,2012
Современный атлас мира. Москва,2008
Экономическая и социальная география мира. Алматы. Просвешение-Казахстан 2003