ММ «Глазунов орта мектебі»
Солтүстік Американың климаты
ашық сабақ
Өткізген: Джангабулова Д.С
2016ж
Солтүстік Америка материгінің климаты
Мақсаты:
Білімділік : Оқушыларға Солтүстік Американың климат жағдайына түсінік бере отырып, олардың маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталу.
2.Дамытушылық : Оқушылардың картамен жұмыс жасау, температуралық графигін анықтау қабілетін дамыту. Шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын ояту, бәсекелестікке биік тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: ізденіс жұмыстары, шығармашылық;сайыс
Сабақтың тәсілі: топтық, жеке
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің белдеулер картасы, атлас , оқулық, суреттер, қосымша материалдар, кескін карта, презентация, видео.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу.
Барлығы ортаға қолын созып «мен бүгін осы сабақта» деген сөзді аяқтау керек. Ұстаз соңында « Ал енді бір біріңізден қол арқылы жылулық сезімін алып отырсыздар,енді бір біріне күлімсірей қарап, «сәттілік» тілеңдер. Жарайсыздар оқушылар. Олай болса, басы тәтті болсын деп «мына конфеттерді ала отырыңыздар»! Сөйтіп топқа бөлініп, отыра қойыңыздар! Мен бұл жерге термометрді іліп қойдым. Қазір топ арасында сайыс басталады. (2-3мин)
Үй жұмысын сұрау:10мин
1тапсырма: Сіздерге бөлшектенген кескін карта беріледі, сіздердің міндеттеріңіз оны құрастырып, ақ параққа жабыстыру, жоқ бөлігін картадан көрсету. Ол үшін сіздерге 1мин уақыт беріледі. Кім бірінші құрастырады. (өзара тексеріс жүргізіледі) 1балл
2-тапсырма: Пайдалы қазбаларды салу,1балл
3-тапсырма: лидерлер сайысы. Бір минут ішінде Солтүстік Америка тақырыбы бойынша өтілген тақырыптарға сұрақтардан нешеуіне жауап береді екен. Әр сұраққа бір балл
Ең үлкен арал (Грендландия)
Кордильераның ұзындығы (9000км)
Солтүстік Америкадағы Жер асты үңгірі (Флинт-Мамонт)
Грендландияның ауданы (2млн 176мың км)
Ең биік ағашы (секвоя)
Флинт-Мамонт үңгірінің ұзындығы (530км)
Ең биік толысу болатын шығанақ (Фпнди)
Ең биік толысу болатын Фанди шығанағының биіктігі (18м)
Солтүстік Американың ең биік шыңы (Мак Кинли)
Мак кинли шыңының ұзындығы (6193км)
Солтүстік Американың Ең ыстық жері (Өлім аңғары)
Өлім аңғарының температурасы (+57)
Өлім аңғарының тереңдігі (-86)
Солтүстік Американың ең суық жері (Грендландия)
Грендландияның максималды температурасы (-70)
Солтүстік Америкамен Оңтүстік Американы байланыстырады(Панама)
Евразия мен Солтүстік Американы байланыстыратын (Беринг бұғазы)
Х.Колумб саяхатын қай жылы бастады (1492ж)
Витус Беринг пен Алексей Чириков қай жерді зерттеді(Аляска мен алеут аралдарын)
Солтүстік Америка қандай платформада орналасқан (Солтүстік америка)
Жаңа тақырыпқа дайындық кезеңі.
Ойын әрі жалғасын табады. Бірақ ол үшін сіздер мына ребусты шешу керексіздер
Ребусты шешу. (1балл)
Сабақтың мақсатын айқындау.
Жаңа тақырып: 4-тапсырма: Картадан қарап, Солтүстік Америка қандай белдеулерде орналасқан, анықтап, картадан көрсетіңіздер. (1балл)
5-тапсырма
Олай болса, мен сіздерге мынадай мәтіндерді бөліп бөліп беремін. Сіздердің міндеттеріңіз бұл мәтін бойынша класстер құрастыру.(5мин) Оны қорғау максимум 2мин. (3балл)
6- тапсырма:
Солтүстік Американың климаттының маңызын анықтау.
Физ минутка жасау(ауа райы)
Жаңа тақырыпты меңгеру
Видео көрсету
7тапсырма: Зардаптарын көрсету. Қосымша мәлімет айту
Бекіту:
практикалық жұмыс
8-тапсырма Екі қаланың температуралық графигін салу
Деңгейлік тапсырма
Қорытынды: Топтық жұмыстардың қорытындысын шығару.
Рефлексия
Қосымша