Сыныбы: 7 «А»
Тақырыбы: Солтүстік Американың физикалық-географиялық орны, ашылу және зерттелу тарихы.
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға Солтүстік Американың солтүстік жарты шарда орналасқандығын,мұхиттарменбайланысын,табиғатыныңөзіндік ерекшеліктерімен,материктің ашылу және зерттелуіне үлес қосқан саяхатшылардың өмірімен таныстыру.
Дамытушылық:Оқушылардың тапқырлығын,алғырлығын анықтау және сұрақ-жауап арқылы ойлау дағдыларын,дүниетанымын арттыру,табиғат ерекшеліктерімен таныстыра отырып,экологиялық тәрбие беру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Картамен жұмыс.
2. Әңгіме-дәріс.
3. Топтық,жұптық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Солтүстік Американың физикалық картасы,оқулық,атлас,кескін карта, электронды оқулық т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.
2.Топқа бөлу (түрлі-түсті қағазда бейнеленген материктермен топқа бөлемін)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Әр топтан екі оқушыдан шығарып,парта үстіндегі материк қиықтарын құратып,құралған материктер бейнесінің соңында сол материкке байланысты сұрақтар беріледі.
1.Аустралия материгі
1.Материктің географиялық орны? (Оңтүстік жарты шардың басқа материктерінен оқшау орналасқан,Аустралия жағалауларын Тынық және Үнді мұхиттарының сулары шайып жатыр.Ауданы-7,6 млн км)
2.Ішкі сулары? (Климатының құрғақ болуына байланысты материкте өзен көлдер аз.Ең ірісі Эйр көлі.Негізінен жер асты сулары және жаңбыр суларымен қоректенеді.Үнді мұхиты алабына Аустралияның ең үлкен өзен жүйесі-Муррей жатады.Муррей мен оның ең ірі саласы Дарлинг Үлкен Суайрық жотасынан басталып,Үнді мұхитына құяды )
2.Африка материгі
1.Африка атауының шығу тарихы? (Ғалымдардың пікірінше,ертеректе материктің солтүстігінде өмір сүрген тайпалардың бірі африги атымен байланысты)
2.Табиғатының ерекшеліктері?(Жер шарындағы ең үлкен шөл Сахара орналасқан,ауданы 7 млн км,Құрлықтағы ең ірі жануар-Африка пілі жабайы күйінде тіршілік етеді 7,5 тонна,Ең биік нүктесі шығыс африкадағы Килиманджаро жанартауы 5895 м,Ең төмен нүктесі Ассаль көлі -153 м,Ең ірі арал Мадагаскар 590 мың км,Ең ірі көл Виктория 68 мың,Ең терең көл Танганьика тереңдігі 1470 м,Ең ірі сарқырама-Тугела 933 м)
3.Оңтүстік Америка материгі
1.Материктің халқы және елдері? (О.Америкада қазіргі кезде 391 млн нан астам адам тұрады.Үндістер қазіргі халқының 10% ын құрайды.Табиғат жағдайларыны байланысты маерик Анд және Шығыстағы жазық елдеріне ажыратылады.Анд елдері-Колумбия,Эквадор,Перу,Боливия,Чили.Колумбия-атақты саяхатшы есімімен аталады
Мұнда алтын мен асыл тастардың мол қоры бар.Перу-ежелгі өркеиет елі,мәдени ескерткіштер сақталған.Жағалауы балыққа бай.Шығыстағы жазық елдері-Вэнесуала,Гайана,Суринам,Бразилия,Парагвай,Уругвай,Аргентина)
2.Жұмбақ сұрақ.Қорапта не жасырылған?
1.Бұл жемістің отаны О.Америка .Еуропалықтар О.Американы ашқан кезде «малс»деп атаған.Оны алғаш Еуропаға колумб әкелген.Оны Колумб испан короліне сыйға тартады.(жүгері)
2.Отаны Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары.Еуропаға 1565 ж әкелінген.(картоп)
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту.
Жақсы оқушылар,ендеше біз бүгінгі жаңа тақырыбымызға көшпес бұрын,жаңа сабағымыздың тақырыбын анықтап алайық,ендеше мен сендерге азғана өлең шумақтарын оқимын.
Мен өзім үшбұрышқа ұқсас жермін,
Қазірде әл ауқатты бірнеше елмін
АҚШ бар,Канада бар,Мексика бар
Даңқымен таңқалдырған барлық елді
Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай
Маккензи,Миссисипи суым қандай
Винипег,Ұлы көлдер,тұзды көлім
Тамаша көрген адам таң қалғандай!
2.Мағынаны тану кезеңі
Электронды оқулықтан мәліметтер көрсетіледі.
3.Ойлан,топтас,талқыла әдісі.
Бұл кезеңде әр топқа жеке мәтінмен,басқа да ақпарат көздерін пайдалана отырып постер қорғайды.
1 топ – Географиялық орны
2 топ – Ашылуы,зерттелу тарихы
3 топ – Табиғат ерекшеліктері
(оқушылар өздеріне берілген тапсырманы топта талқылап,ортақ пікірге келіп постерлерін қорғайды)
4.Электронды оқулықпен жұмыс.
1 топ – Солтүстік Американың географиялық орны (материктің географиялық орнын сипаттайтын географиялық нысандарды дұрыс орналастырыңыз)
[pic]
[pic] 1.Атлант мұхиты
2.Марьято мүйісі
3.Мерчисон мүйісі
4.Принц Уэльс мүйісі
5.Сент-Чарльз мүйісі
6.Тынық мұхиты
2 топ – Картаға Солтүстік Америка материгін зерттеген саяхатшыларды ретімен орналастырыңыз
[pic]
1.Л.Загоскин
2.Р.Амундсен
3.Э.Кортес
4.Л.Эриксон
5.Х.Колумб
6.А.Чириков
7.В.Беринг
8.Д.Кабот
9.М.Льюис,У.Кларк
3 топ – Кескінмен жұмыс,кескін картаға материктің «ең-ең» деп атауға болатын жерлерін белгіле
5.Материкке саяхат.
Сізге жазда Солтүстік Америкаға жол жүру керек болады:
А)Аляска түбегіне
Ә)Калифорния түбегіне
Б)Ванкувер аралына
Осы сапарға қажет болатын киімдер мен заттарды чемоданыңызға салыңыз.
(оқушыларға сурет беріледі)
IV. Қорытындылау,жаңа сабақты бекіту.
Тест тапсырмалары бойынша бекіту.
1.Солтүстік Америка ауданы жөнінен дүние жүзінде нешінші орында?
А) 1 Ә) 2 Б) 3
2.Ең ұзын жер асты үңгірі?
А) Панама Ә) Флинт-Мамонт Б) Фанди
3.Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп жатқан бұғаз?
А) Беринг бұғазы Ә) Магеллан бұғазы Б) Аляска
4.Панама каналы қай ғасырда салынды?
А) 19 Ә) 20 Б) 21
5.Аляска түбегін зерттеген ғалымдар?
А) Эрнан Кортес Ә) Генри Гудзон Б) Витус Беринг
6.Кордильераның биік шыңы?
А) Эверест Б) Мак-Кинли В) Аконкагуа
7.Х.Колумб экспедицияны қай жылы бастады?
А) 1492 ж Б) 1493 ж Б) 1494 ж
8.Батысындағы шеткі нүктесі?
А) Мерчисон Б) Принц Уэльс В) Стип пойнт
9.Дүние жүзіндегі ең биік ағаш секвойя қай мұхит жағалауында өседі?
А) Тынық Б) Атлант В) Үнді
10.Гренландия аралының ауданы?
А) 2 млн 176 мың Б) 2 млн 800 мың В) 3 млн
Қорытындылау.
Әр топтан жеке жаңа тақырып бойынша 1.2 сөйлемнен 1 оқушыдан тұрып 3 топ қазақ ,орыс,ағылшын тілінде қорытындылайды.
V. Рефлексия, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: 1.Солтүстік Американың географиялық орны, зерттелуі
2.Кескінмен жұмыс