«№21 жалпы орта білім беретін мектеп»мемлекеттік мекемесі
[pic]
«Атмосфералық қысым» тақырыбы бойынша есептер
[pic] 1/ А нүктесінде атмосфералық қысым 780 мм, ал В нүктесінде 750 мм болса, екі нүктенің арақашықтығы қандай болғаны?
[pic] 2/ Тау басында атмосфералық қысым 530мм, ал тау етегінде атмосфералық қысым 760мм болса,таудың биіктігі қанша?
[pic] 3/ А нүктесінде атмофералық қысым 780мм, ал В нүктесінде оған қарағанда 300 мм төмен болса, екі нүктенің арақашықтығы қандай және В нүктесіндегі атмосфералық қысым нешеге тең?
[pic] 4/ Ұшақ алаңында атмосфералық қысым 775 мм болып тұрған кезде ұшақ көтерілген биіктікте барометр 520мм-ді көрсетті.Ұшақ қанша метр биіктікке көтерілгенін анықтаңыз
[pic] 5/ Таудың биіктігі 3км ,ал тау басындағы атмосфералық қысым 492мм болса, таудың етегінде атмосфералық қысым қанша болады?
[pic] 6/ Ақан достарымен тау басына шыққанда атмосфералық қысымның 50мм-ге төмендегенін байқады. Тау етегінде атмосфералық қысым 755 мм болатын. Сонда Ақан достарымен қандай тауға шыққан және оның биіктігі қандай болғаны?
[pic] 7/ Саяхатшылар тау басына шыққанда атмосфералық қысым 300мм болды.Таудың биіктігі 4 км болса , тау етегінде атмосфералық қысым нешеге тең болғаны?
8/ Екі дос таудың биік шыңына шығып табиғатты тамашалап отырғанда біреуінің кенет жүрегі қысылып, басы айналып ауыра бастады. Ол неліктен деп ойлайсыз?
[pic] 9/ Атмосфералық қысым төбенің етегінде 790мм,ал төбенің басында 680мм болса, төбенің биіктігі қандай болғаны?
[pic] 10/ Сынып бөлмесінің ұзындығы 7м, ал ені 5м болса, бөлмедегі ауаның салмағын табыңыз.
[pic] 11/ Бөлменің ауданы 40м2 болса, бөлмедегі ауаның салмағы қандай болғаны?
[pic] 12/ Мектеп спорт залының ені 15м,ал ұзындығы 20м болса, спорт залындағы ауаның салмағы қанша?