АҚШ-тың туристік нысандары. Сыртқы экономикалық байланыстары 11 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ: 42 Күні: 10.03.2016 ж. Сынып: 11 «А»

Сабақтың тақырыбы: АҚШ-ТЫҢ ТУРИСТІК НЫСАНДАРЫ. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ



Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушыларға АҚШ - тың туристік нысандары мен сыртқы экономикалық байланыстары соның ішінде Қазақстанмен байланысы туралы түсініктер бере отырып, бұрынғы сыныптарда алған білімдерін одан әрі толықтыру.

дамытушылық: интерактивті тақтаны пайдалана отырып практикалық тапсырмалар орындау, картамен жұмыс жасау арқылы оқушылардың шығармашылығын, дүниетанымын дамыту.

тәрбиелік: географиялық білімдерін тереңдете отырып саяси тәрбие беру, табиғатты түсіне білуге, аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, Атлас 11 сынып, презентация, бейнекөріністер.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу

  • Сынып оқушыларын түгендеу,

  • Сабаққа дайындығын қадағалау,

  • Топқа бөлу (Сан-сан, Чипиттс, Босваш)


«Бес» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Жер шарын танып білуге,

АҚШ-ты шарлап барамыз.

Қазір барлығымыз Қазақстаннан сонау алыста мұхиттың арғы жағындағы АҚШ - тың дүние жүзіне әйгілі Нью – Йорк, Чикаго, Флорида штатындағы Майамиге курорты қалаларына саяхат жасаймыз.

Кезеңдері: /СЛАЙД 1/

І. «Кім жылдам?»

ІІ. «Сандар сөйлейді»

ІІІ. Географиялық есептер. Координата табу

IV. Уақыт айырмасы.

V. Ауа температурасы

VI. Орталықтарын табу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

І. «Кім жылдам?» /Мәскеу/ /СЛАЙД 2/

  1. АҚШ - тың экономикалық аудандары? 4 (Солтүстік-Шығыс, Орта-Батыс, Оңтүстік, Батыс)

  2. Бұл аудан «Ұлт шеберханасы» деп атайды? солтүстік-шығыс ауданды

  3. Мал шаруашылығымен және мұнай байлығымен әйгілі штат (Техас)

  4. Атланта қаласында ХІХ ғасырдың 70 - жылдарында жергілікті дәріханашы ойлап тапқан сусын ( Кока - кола)

  5. Дүниежүзі бойынша АҚШ өнеркәсіп өнімдерін шығару жөнінен нешінші орында? (1)

  6. Ұлы көлдер (Мечиган, Эри, Гурон, Жоғарғы Онтарио)

  7. Мулат (еуропалық+негр нәсілі)

  8. Пидмонт (батыстағы қыраттар мен жазықтар арасындағы өтпелі жер)

  9. Субурбандалу (қаланың орталық бөлігінде тұратын адамдардың қала сыртына жаппай көшуі)

  10. «3 авангард» (металлургия, химия және машина жасау)


ІІ. «Сандар сөйлейді» /СЛАЙД 3/

4 – жер көлемі, (Ресей, Канада, Қытай)

1872 ең алғашқы үлттық парк Йеллоустон ұйымдастырылған
1776 - жылы Тәуелсіздігін алды

125 - қаласында автомобиль шығарады

57,7 - ең ыстық жер Өлім аңғары, жауын-шашын аз түсетін жер 100 мм

10 000 - жауын-шашын көп түсетін жер, Гавай аралы мм

1492 -жылы Х.Колмуб алғаш келген мерзімі

14,2 - туу, 8,6 өлім =5,6 табиғи өсім

48+2 – 50 штат

75 - Ер адамның өмір сүру ұзақтығы, Әйел – 80 жас

18 - орын 1 км² -ге 28 адам

600 - 1000 адамға автокөліктен келеді, яғни 10 адамға 6 автокөлік


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру

  1. Туризм деген не?

Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытындағы [link] ауданында жағажайлары, тарихи ғимараттар мен дүкендер әлемдегі ең сәнді жерлерінің бірі ретінде танымал. Майами «дауыл зерттеу ғылыми орталығы» және Орталық және Оңтүстік Америка әскери операциялар үшін жауапты АҚШ Қарулы Күштерінің кеңсесінің негізгі базасы. Майами - басты теледидар орталықтардың бірі. Аралда «бай және атақтыларды» (Star аралы) көруге мүмкіндік бар. Особняки Глория Эстефан, Элизабет Тейлор, Филипп Аяз, Хулио Иглесиас, Наоми Кэмпбелл мен басқа да атақты көресіз. /СЛАЙД 12/


ІV. Жаңа сабақты бекіту

Географиялық есептер. /СЛАЙД 5/

І. Қалаларының географиялық координатасын табу

І топ - Нью-Йорк 40 с.е. 73б.б

ІІ топ - Лос-Анджелес 42 с.е.83 б.б

ІІІ топ - Детройт 34 с.е. 118 б.б


ІІ. Уақыт айырмасы. /СЛАЙД 7/

а) 81° ш.б. орналасқан Семей қаласында сағат 16.00 болғанда, 74° б.б орналасқан Нью – Йоркта сағат неше болады?

Жер шары 360° : 24 сағ. = 15

1º - Х мин.

15 - 60 мин.

1° х 60 мин.

Х = = 4 мин.

15°

1° = 4 мин.

Семей 81° ш.б. сағ. = 16.00

Нью – Йорк 74° б.б. сағ. = ?

81° ш.б. + 74° б.б. = 155°

155° х 4 мин. = 620 мин.

620 мин. : 60 мин. = 10 сағ. З0 мин.

16.00 – 10 сағ. 30 мин. = 5 сағ. 30 мин.

Жауабы: Нью – Йоркта таңғы сағ. 5.30.

ә) Семей қаласында 10 қыркүйектегі таңғы сағат 8.00 болғанда, 117° б.б Сан – Диего қаласында қай күннің қай уақыты болады?

117° б.б. + 81° ш.б. = 198°

198° х 4 мин. = 792 мин.

792 мин. : 60 мин = 13 сағ.

Жауабы: 19.00 (кешкі сағат 7), 9 қыркүйек

б) Семей қаласында 10 қыркүйектегі кешкі сағат 22.00 болғанда, 118° б.б. орналасқан Лос-Анжелес қаласында қай күнгі қай уақыт болады?

118° + 81° = 199°

199° х 4 мин. = 796 мин.

796 мин. : 60 мин. = 13,2 сағ.

22.00 – 13,2 сағ. = 8.08

Жауабы: таңғы сағат 8.08


ІІІ. Ауа температурасы/СЛАЙД 9/

АҚШ-қа келген туристер материктің табиғатын тамашалап отырып, ең биік нүктесіне шығуға мақсат етті, бірақ ондағы ауа температурасын анықтайтын құралдары болмады. Турстер сізден таудың шыңына шығуына көмек сұрайды. Сұрақ: ең биік нүктесіде шығуға мүмкінділік бар ма, онда ауа температурасы қанша? Тау етегінде температура 26°С.


ІV. Орталықтарын табу /СЛАЙД 11/

  1. 2002 жылғы қысқы олимпиада Солт - Лейк - Сити

  2. Елдің қаржы орталығы және “экономикалық астанасы” (Нью - Йорк)

  3. химиялық астанасы” деп те атайды? (Хьюстон)

  4. Қала маңында Голливудты “кино фабрикасы” деп атайды (Лос - Анджелес)

  5. АҚШ - тың басты ғылыми және әскери – өнеркәсіп орталығы (Калифорния)

  6. Автомабилдер астанасы – ( Детройт )

  7. . Ғарыштық техника жасау орталығы – ( Лос-Анджелес )

  8. «Боинг» фирмасының алғашқы авиациялық зауыты – ( Сиэтл )

  9. «Мұнай химиясының астанасы» - ( Хьюстон )

  10. Автомобиль штаты – Мичиган

  11. АҚШ-тың полигон штаты Невада


V. Экономикалық байланыстары: /СЛАЙД 13/

І топ – АҚШ-ң ірі сауда серіктестері

ІІ топ – Қазақстан мен АҚШ арасындағы қауіпсіздік салалары

ІІІ топ – АҚШ-тың Қазақстандағы ірі компаниялары


V. Бағалау

VІ. Қорытынды

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына

Дарындылық пен тапқырлық

Жеткізеді сіздерді

География сырына дей отырып, сабағымызды аяқтаймыз.


VІІ. Үй жұмысы

1. «АҚШ менің көзіммен» тақырыбына эссе жазу.

2. АҚШ-тың ең көрікті туристік объектілері туралы мағлұмат жинап, Қазақстанның туристік аймақтарымен салыстыру. Отанымызда туризм саласын дамытуға болатындығын баяндау.