15.03.2016 жыл 6-сыныпқа ашық сабақтың ҚМЖ пән мұғалімі: Кариева Гүлайым Хангереевна
5 практикалық жұмыс: «Өз өлкесінің ауа райы жайлы материалдарды өңдеу және талдау» Сабақтың мақсаты:
Жергілікті жердің ауа райын бақылай алады және талдай алады
Күтілетін нәтижелер:
А. Ауа райы мәліметтері туралы біледі.
В.мәліметтерді пайдалана отырып есептер жүргізеді,салыстыра алады.
С. Мәліметтерді саралайды,қортынды жасай алады,талдай біледі
Мұғалім оқушылармен амандасады, Психологиялық ахуал қалыптастырады. сергіту сәтін жасайды Жер шары - ұлы әлем
Қоршалған біздермен
Ауадан тыныс ап,
Өседі ырыс –бақ.
Сабақтың тақырыбына байланысты метерологиялық құралдардың суреттері бойынша топтарға бөледі
1.Оқушылар амандасады.
1-топ-«Барометр»
2-топ-« Термометр»
3-топ-«Флюгер»
СТО технологиясы жеке жұптық, топтық жұмыс (шығармашылық ), талдау, зерттеу, сұрақ- жауап , кері байланыс, диалог.
Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалау парақтары таратылады
АКТ,оқулық, үлестірме қағаздар (топшамалар), А3.
Еске түсіру
Сөздікпен жұмыс
Климат, ауа-райы, жауын-шашын, салыстырмалы ылғалдылық, абсолюттік ылғалдылық , атмосфералық қысым, жаңбыр, ауа массалары, бұлт
Ойын түрінде бір оқушы карточканы алып тақтада шартты белгімен кескіндейді, ал балалар шешуін табады
(Оқушылар ауызша жауап береді).
Топтық жұмыс
Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалайды
кеспе қағаздар
Мағынаны тану
1.Өз өлкеміздің климаты
Климат қалыптастыратын себептер:
*географиялық ендік
*географиялық орны
*жер бедері
*ауа массаларының әсері
1.Қазақстанның климатын мысалға ала отырып,климат қалыптастырушы себептерді талдау
Қорытынды: еліміздің климаты шұғыл континентті
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау
Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалайды
Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
Өз өлкеміздің климаты
Өздерің тұрған жер климатының сипаттамасы:
*климат
*ауа температурасы
*орташа жылдық жауын-шашын
*жыл ішінде соғатын желдер бағыттары
*климаттың шаруаш маңызы
Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
1- тапсырма бойынша
оқушылар жеке орындап, топта бір –бірін тексереді.
Сарамандық жұмыс-дәптерде орындалады
1.Мұғалім оқушыларды сарамандық жұмыстың жоспарымен таныстырады. Жоспармен танысып болған соң топтық жұмыс:
1.Өлке климатына есептер шығару
1- тапсырма бойынша
орындалатын жұмыстар:
1-топқа тапсырма
1-есеп: жергілікті жердің тәуліктік температурасын ала отырып, орташа тәуліктік температураны және ауытқу амплитуданы есептеу.
Түн- -2*С;
Таң- -3*С
Күндіз- -3*С
Кеш- -1*С
Шешуі: қосындысы: -9:4=-2,2
2-есеп .
Тау етегінде температура +22*С, ал тау шыңында температура – 18*С.Тау биіктігі қанша?
Шешуі:
+22-(-18)=40*6=2400м
3.Жел өрнегін тұрғызу.
Ай ішінде солтүстік желі 5күн,солтүстік –шығыс желі 4 күн, оңтүстіктен3күн,шығыстан 5күн,
солтүстік- батыстан 3күн соқты.
2-топқа жұптық тапсырма
1-есеп: жергілікті жердің айлық температурасын ала отырып, орташа айлық температураны және ауытқу амплитуданы есептеу
Шешуі:
2- есеп.
Ұшақ қанатында температура -30*С көрсетсе,жер бетінде температура +24*С болса,ұшақ қандай биіктікке көтерілген.
Шешуі:24-(-30)=60*6=3600м
3.Жел өрнегін тұрғызу.
Ай ішінде солтүстік желі 5күн,солтүстік –шығыс желі 4 күн, оңтүстіктен 3күн,шығыстан 5күн,
солтүстік- батыстан 3күн соқты.
3- топқа тапсырма
1-есеп:жергілікті жердің жылдық температурасын ала отырып, орташа жылдық температураны және ауытқу амплитуданы есептеу.
2-есеп
Жер бетіндегі температура +20*С болса,3 км биіктікте ұшып бара жатқан ұшақ бортының температурасын анықта
Шешуі:
Т -1(жер бет.) 20С
h- 3 км 1) 3*6=18
2) 20-18=2*
3.Жел өрнегін тұрғызу.
Ай ішінде солтүстік желі 5күн,солтүстік –шығыс желі 4 күн, оңтүстіктен3күн,шығыстан 5күн,
солтүстік- батыстан 3күн соқты.
Әр топ тапсырмаларды жұппен орындайды да тексереді
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау
Оқушылар
1-тапсырманы топпен орындап, кейін әр топ бір –бірін тексереді
Табыс критерийі:
*Есеп толық шығарылған
5 ұпай
*Есеп жартылай шығарылған
3 ұпай
*Шығарған бірақ қатесі бар
1 ұпай
Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
2-тапсырма сәйкестендіру тест
1.Жел А.Тәулік ішінде бағытын 2 рет өзгертетін жел
2.Желбағар Ә.Ауаның қысымын өлшейтін құрал
3.Бриз Б.Тәулік ішінде бағытын 2 рет өзгертетін жел
4.Муссон В.Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал
5.Гигрометр Г.Желдің бағытын өлшейтін құрал
6.Барометр Д.Ауаның горизонталь бағыттағы орын ауыстыруы
Сәйкестендіру тестсін әр топ жеке орындап,бір – бірін топта сағат тілінің бағытымен тексереді.
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау
Бағалау критерий
6 сұрақ - 5 ұпай
5 сұрақ -4 ұпай
3-сұрақ - 3 ұпай
Кеспе қағаздар
Сергіту сәті
Жел соқты гу-гу
Жаңбыр жауды тырс-тырс
Жаңбыр басталды
Күн ашылды. Жел улейді у-у
Құйын келіп билейді зу-зу
Қатты, қатты жел соқты гу-гу
Жапырақтар қол соқты ду-ду
3-тапсырма
«Қатені тап!»
1. Ауа райының элементтері топырақ, су, теңіз,мұхит,өсімдік болып табылады.
2. Барлық атмосфералық құбылыстар стратосфера қабатында болады.
3. Ауа райына тән қасиет - тұрақтылық.
4. Ауа райы тек 1 жылда ғана өзгереді.
5. Ауа райы болжамы телефон арқылы көпшілікке хабарланады.
6. Ауа массаларының қасиеті ең алдымен белдеулік орнына байланысты.
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау
4-тапсырма тест
1.Атмосфера дегеніміз-
А)Жердің сыртқы ауа қабаты В)Жердің су қабаты
С)Жердің тас қабаты Д)Жердің тіршілік қабаты
2.Ауанық құрамындағы оттегінің мөлшері-
А)21 В)39 С)57 Д)78
3.Атмосфера құрамындағы тіршілікке ең қажеттісі:
А)Азот В)Көмір қышқыл газы С)Оттегі Д)Аргон
4.Биіктігі 50-55 км-ге дейінгі атмосфера қабаты:
А)Стратосфера В)Тропосфера С)Тропопауза Д)Атмосфераның жоғарғы қабаты
5.Ең жылы ай мен ең суық айдың орташа температуралардың арасындағы айырмашылық:
А)Өзгеріс В)Тәуліктік ауытқу
С)Ауа температурасының жылдық ауытқу Д)Жылу
6.Жер бетінен 100 м-ге көтерілген ауа температурасы:
А) -60*С төмендейді В) +60*С -ге көтеріледі
С) 100*С төмендейді Д)0,6*С-ге төмендейді
7.Алғаш барометрді ойлап тапқан:
А)А.Гумбольдт В)М.Поло С)Торричели Д)А.Никитин
8. «Жеңіл жел» деген мағынаны беретін француз сөзі:
А)Барометр В)Бриз С)Градус Д)Процент
9. Шарбы бұлттар пайда болады:
А)4 км-дегі биікте В)5 км-де
С) 6 км-ден аса биікте Д)10 км-де
10.Жауын-шашынның қатты түрі:
А)Жаңбыр В)шық С)қар Д)тұман
Слайдтағы дұрыс жауаппен салыстырып,бағалайды
тест жұмысын жеке орындап бір – бірін топта сағат тілінің бағытымен тексереді.
Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Бағалау критерийі
10-9 сұрақ «5»
8-7- сұрақ «4»
6-4-сұрақ «3»
Шығармашылық жұмыс
Ауа райын алдын ала болжау адамзатқа не үшін қажет?(барлық жүргіншілер үшін (ұшақ, теңізші,көлік түрлері) және ауыл шаруашылығының еңбекшілері үшін өте маңызды.)
1-топқа:алдағы күннің ашық болатынына болжам жасайды
2-топқа:ауа райы бұзылар алдында қандай белгілердің байқалатынына болжамдар келтіреді
3-топқа:жыл мезгілдеріне
Көшбасшылық, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау
Бағалау
Бағалау парағындағы ұпайларды санау топ басшыларына тапсырылады
ОүБ және оқуды бағалау
Рефлексия
Сабаққа қатысушы мұғалімдерге де
2 жұлдыз бір тілек жазу стикер таратылады.
оқушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазады.
Үйге тапсырма
§38
1.Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды аяқтап келу.
2.Алдағы екі күндік ауа райын біліп,салыстырмалы түрде айту.
Сабақтың соңы:
Қол ұстасып тұрайық,
Жарты шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жарық,
Сау - саламат, болайық!