Сабақ жоспары Қазақстанның ішкі сулары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


География 8-сынып


Тақырыбы: Қазақстанның ішкі сулары тақырыбын қайталау сабағы.

(дәстүрлі емес сабақ)

Мақсаты: Қазақстанның ішкі суларының өзен-көлдерінің тарихи атауларымен танысу.

Оқыту мақсаты: Қазақстанның жер-су аттарының тарихи атауларымен толық таныстырып, су ресурстарының адамзат өміріндегі маңызы мен рөлін анықтау.

Дамыту мақсаты: Оқушылардың өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту және топпен жұмыс жасауға, қосымша әдебиеттер оқуға баулау.

Тәрбиелеу мақсаты: Жас ұрпақты туған республикамыздың су ресурстарын ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

1)Қазақстанның физикалық картасы

2)Кескін карта

3)Арал теңізінің өзгеруі (плакат)

4)Асық

5)Киіз үй макеттері

6)Ребустар

Сабақтың (типі) түрі: Қайталау-жинақтау сабағы.

Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет, биология, ән.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс іздестіру әдістері.

1-сұрақ.

Қазақстанның ішкі сулары қандай алаптарға жатады? (бөлінеді)

Жауап:

1. Солтүстік мұзды мұхит алабы

2. Каспий теңізі алабы

3. Арал теңізі алабы

4. Балхаш-Алакөл алабы

2. Құрлықтағы су мен дүниежүзілік мұхит арасындағы үздіксіз су айналымына сипаттама беру.

2-сұрақ: Құрлықта су неше күйде болады?

Жауап: Үш: су буы, сұйық, қатты су (мұз,қар)

1. Үлкен су айналымы

2. Кіші су айналымы туралы айту. Асық алу, киіз үй макетін алу, этикет алу

3. Су туралы мақал-мәтелдер айту.

Біздің ата-бабамыздың ғылыми атағы сауатты болмаса да дана философ, дихан, шебер тәрбиеші болған, оған мысал ретінде жерге, суға, табиғатқа байланысты нақыл сөздер бар. Қане кім айтады?

Жауап:

Бұлақ көрсең көзін аш.

Су дүниенің басы.

Өрісін қарап мал өсер, өзенінен қарап тал өсер.

Өзен жағалағанның өзегі талмас.

Су-табиғат ажары.

Су ішкен құдығыңа түкірме.

Суы жоқ жер-өлі жер.

Міне бұдан, халқымыз даналық нақыл сөздеріне табиғатты қорғауға, сүйене білуге баулитын философиялық ой жатыр.

Есте сақтаңдар.

4.Тақпақ

Туған елдің оқып-үйрен картасын,

Өзен-көлін, биік-құзын, жартасын

Жақын жүріп білмейсің ғой қадірін,

Шетке шықсаң сағынарсың, тауы түгіл әр тасын.

5. Хор. Угай-ай.

1. Өзен көлін қырқасын

Оқимыз да білеміз

Ауасы мен даласын

Қайырмасы

Угай-угай әніміз

Қазақ елі сәніміз

Туған ел деп ән салсақ

Келіспей ме сәніміз

2. Қазақтың біз ұрпағы

Біз болармыз жеткіншек

Ата-баба аруағы

Қолдай берсін келешек.


Қазақстанның өзендері.

Жер-су атауларының арасында бөгде тілден енген сөздер көптеп кездеседі. Себебі: халқымыз мыңдаған жылдар бойы түрлі тарихи тағдырды бастан кешіп, алуан нәсілді жұртпен араласып тұрады. Осының нәтижесінде жер-су

Атауларында өзінің ізін қалдырды. Оның ішінде көбінесе маңғол тілінен алынған сөздер, сол сияқты түркі тілдері, араб, парсы тілдеріндегі сөздерінде де кездеседі. Қазір өздеріңіз куә боласыздар.

Әдеби монтаж. Қазақстанның өзендері.

1.Ақсу, Көксу, Сарысу

Бұл сумен түстеп танысу

Ырғыз, Торғай, Аягөз.

Сай-саланың бәрі су.

2. Есіп Есіл ағады

Жайылып Жайық жатады

Сылаң қақса Сыр Сұлу

Шу шулап атой салады.

3.Бұқтырма нұр боп шұлғиды

Каналға Ертіс су құяды

Қос теңізден қос артып

Жерімізге Іле жылжиды.

4.Салса ескі еркені

Судың да бар тентегі

Ойыл, Тобыл, Жем, Сағыз

Өрнектеп жатыр өлкені.

Каспий теңізіне жалпы сипаттама.

Каспий теңізі- Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан.

Дүние жүзіндегі ең үлкен тұзды көл. Жалпы көлемі 400 мың км кв. Өте үлкен болғандықтан, теңіз деп аталады. Көлдің су деңгейі дүние жүзілік мұхит деңгейінен 28 м төмен жатыр. Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі бөлігі онша терең емес. (200-300 м). Ең терең жері оңтүстігінде (1025 м) Солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созылған. Ені орташа 320 км. Климаты континентті. Теңіз суының тұздылығы әр келкі. Каспий теңізінен балық ауланады және жақсы дамыған.

Каспий теңізінің тарихы.

Каспий теңізі саяхатшылар мен ғалымдардың назарын өзіне ерте кезден аударған. Тарихи көне дәуірлерде Каспий жағалауын түрлі рулар мен тайпалар мекен еткен. Осыған байланысты олар өздерінше түрліше атаған. Ондай атаудың саны 50-ге жеткен.

Каспий туралы деректер алғаш грек және Рим ғалымдарының еңбектерінде кездеседі. Теңіз Каспий және Трикан деп аталған, Себебі: теңіз жағалауында Тиркания елі мекен еткен. Парсы тілінде Тиркания «қасқырлар жері» - «қасқырлар мекені» дегенді білдіреді. Шығыс зерттеушілерінің деректерінде «Абесн» - күн деп аталады. Араб саяхатшылары Хазер деп атап берген, себебі: бұл өңірде қуатты, айбынды Хазер мемлекеті 1000 жылдай өмір сүрген.

Одан кейін Хвалыш халқының атымен аталған.

XIII ғасырдың екінші жартысында атақты Венеция саяхатшысы Марко Поло өз еңбектерінде Алтын-Орда ханының астанасы Сарай атымен «Сарай» теңізі деп аталған.

Афанасий Никитин еңбектерінде Дербент аталса, Түрік саяхатшысы Ибн-Батутта теңізді Астрахань немесе Қажыртархан (түркі тілінде) атаған.

Кейіірек теңіз Харасан, Гилян,Ширван,Табристан, Иберий, Абишерон,Гурган, Ақ теңіз және т.б. деп аталған.

Ал қазіргі аты-ертеде грек тарихшылары мен саяхатшыларының жазба деректерінде парсылармен шекаралас жауынгер Каспий атты сарбаздар қылышпен., садақпен қаруланатын болған. Осы жауынгер-ержүрек халықтардың атымен «Каспий теңізі» деп атаған.

9. Каспий теңізіне келіп құятын Жайық өзені-ең ірі өзен, ол Орал тауларынан басталып Батыс Қазақстанды кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды. Өзеннің жалпы ұзындығы- 2428 шақырым, оның 1107 км-і қазақ жері арқылы ағады. Бұл өзенде бағалы бекіре балық, уылдырық шашады.

Ән:Еділ мен Жайық.

Ембі-Жем өзені.

Каспий теңізі алабына жататын өзендер Мұғалжар тауынан басталып, Каспий теңізіне құяды. Өзен сулары мұнай мен егін суаруға пайдаланылады. Көктемде тасиды. Ұзындығы 635 шақырым. Кейде Каспийге жетпей сорға сіңіп кетеді.

А.Левшиннің жазбалары бойынша бұл өзен орта ғасырда Гем деп аталған, одан ол қазақ тілінде бұрмаланып Жем, орыс тілінде Эмба деп аталған екен. Түркі халықтарының тілінде Хем,Кем деп аталған, бұның бәрі де «Өзен» деген мағына береді.

Әдеби монтаж.

Жем бойында өтті менің жас күнім,

Көргенім жоқ бірақ оның тасқанын

Жатады тек көк жібектей судырап,

Маңдайынан сипап жердің жас құмын.

Қашпайды ел көшіп жүрген жұмақтан,

Жұақты өзі әуел бастан ұнатқан.

Өз қайнары бір басына жеткен соң

Дәметпейді басқа мөлдір бұлақтан.

Лепірмейді жер құлатып, тас ұрып,

Көктемде де көрген емес асығып.

Сен толқынсың, тоқиын,-деп бірге мен

Жатқан емес көк теңізге асылып.

Арал теңізінің алабы.

Арал теңізі-Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, көлемі жағынан екінші көл. Дүние жүзілік мұхит деңгейінен 53 м. Биіктікте орналасқан. Жалпы ауданы 64,5 мың шаршы шақырым. Ең ұзын жері 428 км. Теңіздің климаты-континетті. Теңіз суының азаюына байланысты тұздылығы артып келеді.

Теңізге екі өзен құяды. Әмудария мен Сырдария. Бұл екеуінің де суын ауыл шаруашылығына пайдалану салдарынан теңіз тартылып мынадай құрып кту қаупіне ұшырап тұр. Арал деңгейі 13 м. Төменде көл екіге бөлінеді, көлдің 26 мың км кв су (Арал теңізінің көлемінің өзгеруі деген плакат көрсету) табаны құргап орнына 2 мың га жететін сортаң пайда болды. Көл суы жағалаудан 100 км. Қашықтан көптеген тұз алқаптары пайда болуда. (Арал экологиясы туралы айтып өту)

Арал теңізіне құятын Сырдария өзен.

Тянь-Шань тауынан басталады. Туран ойпаты арқылы ағып Аралға құяды да арал теңізі алабына жатады. Жаңбыр, қар суымен қоректенеді. Ағысы жай, көктем-жаз айларында тасиды. Бастауында – мұздықпен, қар суымен қоректенетін тау өзені және орта, төменгі ағысы жазықпен ағатын-жазық өзен. Суын ауыз су мен ауыл шаруашылығына пайдаланады.

Іле атауы қалмақтың (манғолдың) жалтыраушы, жарқыраушы деген сөзі.

Ханқа-маңғол тілінде іл (ил)- ашық.

Іле (Илэ)-ашық, айқын деген сөз. Іле сөзі «ашық өзен» деген ұғым береді.

Түркі тілінде «Иле» сөзі «ылғал», су мағынасында қолданылады.

Әдеби монтаж.

Толқыннан әсем ән тыңдап,

Жаныма жарқын түсті рең.

Кешкі күн қойып алтындап,

Келеміз Іле үстінен.

Ағысы қатты Іленің

Құйғанша асық Балқашқа,

Шаттықтан шалқып күлеміз,

Сыр айтып кербез халқыма.

22. Ән-күй.

Солтүстік Мұзды мұхит алабы- бұған жататын өзендер-Сауыр-Тарбағатай, Алтай тауларынан, Сарыарқадан және Оңтүстік Орал тауының оңтүстік шығысынан басталады. Ең ірі өзені-Ертіс-Қытай жеріндегі Маңғол Алтайы тауының батыс беткейінен Қара Ертіс деген атпен ағып шығып, Зайсан көліне құяды. Өзеннің жалпы ұзындығы 4248 шақырым, ал Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1750 шақырым. Өскемен қаласынан төмен Ертіске-Үлбі Оба өзендері келіп құяды. Семей қаласы тұсында нағыз жазықта ағады. Өзен аралас қоректенеді тау мұзымен жер асты суларымен жауын-шашынмен қоректенеді. Сондықтан суы мол. Сарыарқа өлкесін тұщы сумен қамтамасыз ету үшін Ертіс-Қарағанды каналы салынған, ұзындығы 450 шақырым. Ертіс өзенінде балықтың түріне байланысты (шоқыр, бекіре, аққайран, шортан, сылан, алабұға т.б.) (суретін көрсету).

Ертіске Республика шетінен шыққаннан кейін екі өзен құяды. Есіл, Тобыл, Есілдің ұзындығы 2450 км, Тобылдың ұзындығы 1591 км.

Ертіс өзенінің тарихы туралы.

Ертіс өзені-Эртіш-Махмут сөздерінде кездеседі. Бұл екі атаудан тұрады.

1-ші Йир (Йір) түркі тілінде – ер мағынасында

2-ші бөлігі кеб тілінде «өзен су» мағынасын береді.

Тес, Теш сөздерінен жасалып, «иір өзен» деген ұғым береді.

Ән.

«Қара Ертіс деп аталып»

Шығыстан шыққан өзегім

Өскемен,Семей,Кереку

Бәрі де менің өз елім

Еркем, еркем, еркем-ай

Еркелеген Ертіс-ай

Бүгін болған мол суың

Болсын тағы ертең-ай

Сарыарқаның жерінде

Тобыл,Есіл салам бар

Шипалы суға қанатын

Кең жазира далам бар.

Сарыарқа-ән, Сарыарқа күй болып төгіліп жүрек елжіретері бәрімізге мәлім. Осы өлкенің бірнеше өзенінің өз ерекшеліктері бар, соның бірі С.Сейфуллин жырлаған Нұра өзені.



Әдеби монтаж


Cағынып Нұра мен келдім,

Бұрынғы кең-байғұсың.

Айрылған сенен көп елдің

Жатырсың көрмей қайғысын.

Жазғытұрым болғанда,

Ұжмақтай гүлің жайнаған,

Бұтаққа құстар қонғанда

15. Сырдария өзенінің тарихы

Сырдария өзенінің аты-жөніндегі көптеген пікірлер, зерттеулер бар. Өзен аты тарихи дәуірлерде бірнеше өзгерген.

Өзеннің алғашқы аты- «Яксарт» - иран тілінде «Нағыз інжу» деген мағынаны білдіреді.

Қытай жазбаларында «Чжень-Чжу-Хе», «Нағыз інжу өзен» дегенді білдіреді.

Сил- көне түркі тілінде-інжу сөзімен мағыналас, сондықтан Сил өзені кейіннен Сыр болып өзгерген, деп топшылады.

Ән : Сыр сұлуы.

1.Жайраңдап жазда ағатын еді,

Есімде қайран Сыр сұлу.

Таңертеңисонда баратын еді,

Толқынға құмар бір сұлу.

Қайырмасы:

Аңсатса Сыр өңірін

Ән тербеп жүрегімді,

Өзіңнен туған ұлың айналсын

Жайқалған ақ күрішің

Жаралған шаттық үшін

Қайран сол Сыр сұлу қайдасың.

2.Тұрғандай қарап толқынды Сырға,

Бір сұлу әсем жан сыры.

Сәуле боп ойнап жатқандай суда,

Көзіңнің ерке жарқылы.

Қайырмасы:

3. Қайта ма сол қыз жайраңдап сырдан

Толқынды шашын күн бағып...

Қалама қарап жағада тұрған

Күріштің басы ырғалып.

Қайырмасы:

4.Сыр бойы түгел сол қызды мақтап,

Жігіттер әнін шертеді.

Тізілген тісі күріштен аппақ,

Сырдан да жаны ерке еді.

Қайырмасы:

(қоңыр асық) Балқаш-Алакөл алабы.

17.Балқаш— көлемі жағынан Қазақстандағы үшінші көл. Қазақстанның оңтүстік – шығысында орналасқан. Көлдің ауданы 18,2 мың шаршы шақырдым. Көл ендік бағытта созылып жатыр. Ұзындығы  605 шақырым, ені тар жерінде 8 шақырым. Жыл мезгіліне байланысты суының деңгейі өзгеріп отырады, ең терең жері 27 м. Теңіз деңгейінен  342 м биікке орналасқан. Солтүстік жағалауы тік, оңтүстік жағалауы жайпақ, мүйістер, түбектер бар. Балқаш көліне Іле, Қаратал; Ақсу, Лепсі, Аягөз, Бақанас, Тоқырау, Мойылды өзендері құяды. Климаты континентті. Жылдық жауын-шашын мөлшері

120 м.

18. Балқаш көлінің тарихы

Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз, Жұмбақ көл деп атаған. Ақ теңіз деп-батысын, Жұмбақ көл деп-шығысын атайды, себебі: көлдің 75 проценті тұзды. Ортасында ұзын арал бар, екеуінің арасын қосып тұрады.

Қазіргі атына байланысты аңызды ертеректе көлдің жағасында мекендеген бір байдың Балқия деген қызы болыпты. Ол әрі әдемі, ақылды, сүйкімді екен, содан бүкіл жұрт оны Балқаш деп атап кетіпті.

19. Іле өзені-ұзындығы жөнінен Қазақстандағы үшінші өзен. Жалпы ұзындығы 1439 шақырым. Қазақстан жеріндегі ұзындығы 815 шақырым. Суы егін суаруға, арзан электр энергиясын (Қапшағай СЭС) өндіруге пайдаланылады. Суы ұзақ тасиды. Қар , мұздың суымен қоректенеді. Ағысы қатты, ірі СЭС-ры бар.

20. Іле өзенінің тарихы.

Мың құбылып сайраған.

28. Нұр өзенінің тарихы.

Нұра-маңғол тілінде жыра дегенді білдіреді.

Қорытынды-Сусыз өмір жоқ,

Су жердің сүті

Адамзат сол сүттен қорек алады.

Географиялық диктант болады.

Үйге тапсырма-Қазақстанның ішкі суларының экологиясы туралы шығарма жазып келу.

Соңында айтылады-(бәрі әнмен) аяқтау керек.

Табиғаттың тарылтпасын мөлдір кәусәр тынысын

Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Географиялық диктант

1. Яксарт

2. Эмба

3. Бұқтырма

4. Террас

5. Көл

6. Арал

7. Каспий

8. Ертіс

9. Жайық

10. Балқаш

11. Қапшағай

12. Карженевский

1) Бастауы не сағасы жоқ табиғаттағы судың түрі
2) Орал өзенінің бұрынғы тарихи аты
3) Қазақстандағы көлемі жағынан екінші бөген
4) Дүние жүзіндегі ең үлкен көл

5) Жем өзенінің орысша аты

6) Суының тұздылығына байланысты екіге бөлінетін Қазақ стандағы көл.

7) Сырдария өзенінің алғашқы аты

8) Өзеннің ескі арнасы

9) Жер қыртысының тектоникалық майысуының нәтижесінде пайда болған теңіз.

10) Махмұт Қашқари еңбектерінде кездесетін өзен аты.

11) Қазақстандағы ең үлкен су электр станциясы

12) Жер асты суының жер бетіне шығатын жері

Жауабының кілті

1 - 5

2 - 9

3 - 11

4 - 7

5 - 2

6 - 10

7 - 1

8 - 4

9 - 6

10 - 8

11 - 12

12 – 3














Тақырыбы: Қазақстан қорықтары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың сөздік қорын моайту, ойларын байланыстырып сөйлеу, дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін , пәнге деген қызығушылықтарын, білімге белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу, экологиялық мәселені көтеру, табиғатты аялап қорғауға, Отанды сүюге, патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, сөйлету, жаттықтыру, атау, айқындау, пікір айту, қарым-қатынасқа түсу.