Урок на тему Өсімдік шаруашылығы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні 12.02.13ж.

Сабақ№ 43

Сыныбы 10

Сабақтың тақырыбы Өсімдік шаруашылығы

Сабақтың мақсаты

Білімділік Ауыл шаруашылығының негізгі саласы өсімдік шаруашылығының негізін

құрайтын дәнді-дақылдардың, техникалық дақылдардың түрлері, егіс алқабынан алынатын өнімнің мөлшері бойынша, алдынғы орын алатын мемлекеттердің орналасуы, баубақша және жеміс-жидек шаруашылығы туралы білім беру.

Дамытушылық Оқушыларға білім бере отырып, өсімдік шаруашылығы туралы білім

бере отырып, өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де, сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу

мәдениетін арттыру. Жауапкершілігі жоғары, еңбекқор, тәрбиелі жеке тұлға тәрбиелеу.


Болжамдап отырған нәтиже Өсімдік шаруашылығымен танысқан тұлға

Сабақтың типі аралас сабақ

Сабақтың түрі жаңа білім беру

Сабақтың әдісі

  1. Сұрақ-жауап.

  2. Әңгіме-дәріс

  3. Джексо

  4. Бағытталған оқу

  5. Тірек сигналдары

  6. Ораторлар турнирі

  7. Тізбе-Цепочка

Сабақтың көрнекілігі Дүние жүзінің саяси картасы, оқулық, кескін карта т.б.

Сабақтың жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Жылдам сұрақ-Экспресс опрос

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

1.Біртұтас сұрақ-Компакт опрос

ІҮ. Жаңа сабақты өтуге дайындық

  1. Әңгіме-дәріс

Ү. Жаңа сабақ

Джексо

1. Бағытталған оқу

2. Тірек сигналдары

VІ. Жаңа сабақты бекіту

  1. Ораторлар турнирі

ҮІІ. Жаңа сабақты қорытындылау

  1. «Тізбек» - «Цепочка»

VІІІ. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу

Ә) Оқушыларды түгендеу

Б) Сыныптың және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

В) Оқушылардың зейіндерін аудару

Оқушылар 4 топқа бөлінеді


1 топ 1 нөмерлі бірақ түстері төрт түрлі оқушылар отырады



2 топ 2 нөмерлі бірақ түстері төрт түрлі оқушылар отырады




3 топ 3 нөмерлі бірақ түстері төрт түрлі оқушылар отырады



4 топ 4 нөмерлі бірақ түстері төрт түрлі оқушылар отырады



Оқушылардың топ болып отырғандағы көрінісі


























ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Жылдам сұрақ-Экспресс опрос

1.Ауыл шаруашылығы халық шаруашылығының қандай саласына жатады?

2. Ауыл шаруашылығының салаларын ата

3.Дүние жүзі бойынша ауыл шаруашылығында қанша адам жұмыс істейді?

4. Дәстүрлі ауыл шаруашылығына түсінік бер

5. Тауарлы және жартылай тауарлы ауыл шаруашылығына сиапаттама бер

6. Жартыла маманданған ауыл шаруашылығы туралы не білесін?

7. ЭБХ дегеніміз не?

8. «Жасыл революция» дегенді қалай түсіндіресін?

9. Жеке қандай меншік түрлері тән?

10. Агралы қатынастардың қандай түрлерін білесіңдер?


ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

1.Бір тұтас сұрақ-Компакт опроос

Үй тапсырмасы бойынша 1-топ 1 сөйлем, 2-топ 2 сөйлем, 3 –топ 3 сөйлем,

4-топ 4 сөйлем айтуы керек.


ІҮ. Жаңа сабақты өтуге дайындық

1.Әңгіме-дәріс

Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларына дәнді дақылдар, техникалық және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы жатады.


Дәнді дақылдар

[pic]


Бидай

[pic] [pic]


Күріш

[pic] [pic]




Жүгері

[pic]



[pic]


Техникалық дақылдар


[pic]






Бақша және жеміс-жидек шаруашылығы


[pic] [pic] [pic] [pic]



Ү. Жаңа сабақ

Джексо

  1. Бағытталған оқу әдісін пайдалана отырып әр топқа жаңа сабақ мазмұнын бөлініп беріледі


1-топ

Дәнді дақылдар














Дәнді дақылдар

Ежелден-ақ өсімдік шаруашылығының негізін дәнді дақылдар құрайды. Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын алып жатыр. Олардың егістіктері іс жүзінде адамдардың қоныстану аймағына сәйкес келеді. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр. Дәнді дақылдар өнімділігі егіс көлемін ұлғайту есебінен емес, әрбір гектардан алынатын түсімді көтеру есебінен көбеюде. Дәнді дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15—20 ц/га болса, дамыған елдерде ол көрсеткіш 35—40 п/га. Дүниежүзі бойынша жылына дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азня елдерінде, 1/4-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын озған Қытай, 3-орында — Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т.б. өндіріс салаларына шикізат болып табылады. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл — бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып жатыр.[1]

Бидай — ең басты дақыл. Оның негізгі шыққан ошағы Алдыңғы Азия мен Жерорта теңізі аймағы. Оны академик Н. И. Вавилов анықтаған. Қазір бидай адам тұрақты мекендейтін барлық материктерде өседі. Бидай солтүстік жарты шарда көп өсіріледі. Дүниежүзінде 70-тен астам ел бидай өсірумен айналысады, бірақ оның жалпы өнімінің басым бөлігі тек бірнеше елге тиесілі. Алдыңғы үштікті Қытай, АҚШ, Үндістан құрайды. Кесте мәліметтері негізгі бес дақылды (күріш, бидай, қарабидай, жүгері, арпа) жинау көрсеткіштері негізінде құрастырылған. Бидайдың тауарлық өндірісі XIX ғасырдан бастап дала зонасы таралған материктерде қалыптаса бастаған. Қазір олар жоғары маманданған ірі шаруашылықтарға айналған. Ондай аудандарға АҚШ пен Канададағы Ұлы жазықтар, Ресейдің; Еуропалық, бөлігінің оңтүстігі, Украина, Қазақстан, Ұлы Қытай жазығы, Африканың оңтүстігі, Аустралияның оңтүстігі, Аргентина Пампасы сияқты басты астықты өңірлер жатады. Астықты өлкелердің бірі болып саналатын жер — АҚШ пен Канаданың Орталық жазықтары. Мұнда көбінесе жоғары сапалы нан пісіруге арналған қатты бидай өсіріледі. Виннипег каласын бидай астанасы деп атайды. [pic]

Күріш — тропиктік дәнді дақыл. Оның негізгі шыққан жері — Қытай. Бидай сияқты басқа жерлерге "қоныс аударған". Муссондық климат сипаты тән субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулерде қосымша қолдан суару арқылы өсіріледі. Егістік аумағы бидаймен салыстырғанда екі есе аз болғанына қарамастан, өнім мөлшері бірдей. Оның басты себебі климаттық жағдайға байланысты көптеген елдерде (Қытай, Үндістан, Жапония, Индонезия, Египет және т.б.) күріштен жылына екі рет өнім жиналады. Күріш — жылу мен ылғалды, күтімді көп қажет ететін дақыл. Сондықтан халық өте тығыз орналасқан аймақтарда басым өсіріледі. Қазіргі кезде күріш өсірумен 100-ге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік жалпы өнімінің 9/10-ы Азияның күріш өсіруші елдеріне келеді. Дүниежүзіндегі суармалы жердің 2/3-сін күріш алып жатыр [pic]

Жүгері (маис) - Америкадан Колумб саяхатынан кейін дүниежүзінін басқа аудандарына да таралды. Оның егістіктері көбінесе бидай егістігі мен қатар орналасады. Тек дән үшін ғана емес, мал бордақылауға аса қажет көк балауса алу үшін өсіру соңғы кезде оның таралу аймағын кеңейтті. Басты өндіруші елдер — АҚШ, одан кейін Қытай, Латын Америкасынан Бразилия мен Мексика және Батыс Еуропаның оңтүстігіндегі елдер. Дүниежүзіндегі жүгері өсіретін басты аудан — АҚШ-тың Ұлы көлдерінен оңтүстікке қарай орналасқан жүгері белдеуі. Бұл жер осы дақылды өсіруге ең қолайлы жер болып табылады. Жүгері өндіруден әсіресе Айова штатының даңқы шыққан. Дамыған елдерде жүгері мал азығы ретінде, ал дамушы елдерде азық-түлік дақылы ретінде өсіріледі. Өндірілетін астықтың дүниежүзілік нарыққа 10—15%-ы шығарылады. Астықты сыртқа шығарушы елдер қатарына астық шаруашылығы халықаралық мамандану саласы болып табылатын АҚШ, Канада, Франция, Аустралия, Аргентина жатады. Азық-түліктік астық өз астығы жетпейтін Египет, Қытай, Иран, Ресей сияқты елдерге, мал азықтық дақылдар Жапония, Батыс Еуропаның бірқатар елдеріне және Ресейге жіберіледі. ТМД елдерінің көпшілігі өсімдік шаруашылығының артта қалуына байланысты дәнді дақылдарды сырттан алуда, жыл сайын 30—40 млн т астық сатып алуға мәжбүр. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстанда ілгерілеу байқалады. Соңғы жылдары Қазақстан астықты сыртқа шығаратын елдер қатарына қосылды. Мысалы, 2009 жылы ұн сатудан ТМД елдерінде бірінші орынға шықты.[1] [pic] [pic]


2 –топ

Техникалық дақылдар













Техникалық дақылдар

Өсімдік шаруашылығының маңызды саласының бірі — техникалық дақылдар. Олар әр түрлі өндіріс салаларына шикізат ретінде өсіріледі. Аса маңызды техникалық дақылдарға майлы дақылдар, қант өндірілетін дақылдар, талшықты, крахмалды, сергітпе және дәм-татымдық дақылдар жатады. Олардың өзі азық-түліктік маңызы бар және азық-түлікке жатпайтын деп ажыратылады.[1]

Майлы дақылдар- Жер шары халқының тамақ құрамында дәнді дақылдардан кейін 2-орын алады. Маңызды түрлері: қытайбұршақ, жержаңғақ, зәйтүн, күнбағыс. Бүкіл пайдаланылатын майдың 2/3-сі осы өсімдіктерден алынады. Қытайбұршак өндіруден АҚШ 1-орында, одан кейін Бразилия мен Аргентина. Жержаңғақ өсіруден Үндістан, зәйтүннен Италия, ал күнбағыс өсіруден Ресей алдыңғы орында. Азия, Латын Америкасы елдерінде пальмалардан, мақта өсіретін елдерде мақта майын алу жолға қойылған. [pic]

Қантты дақылдардың да азық-түліктік маңызы зор. Олардан жыл сайын 100 млн т-дан астам қант өндіріледі. Оның 60%-ы қант құрағынан, ал 40%-ы қант қызылшасынан алынады. Екеуі де еңбекті өте көп қажет ететін дақылдар, бірақ таралу аймағы мүлде бөлек. Қант құрағы — шөптесін, көпжылдық өсімдік. Оңтүстік-Шығыс Азиядан шыққанымен қазір Латын Америкасы елдерінде және басқа материктердің тропиктік, субтропиктік белдеулерінде көбірек өсіріледі. Негізгі өндірушілері — Бразилия, Үндістан, Қытай. Қант қызылшасы коңыржай белдеудің дақылы, оның басты өндірушілері — Франция, АҚШ, Ресей, Украина және т.б., яғни коңыржай белдеу елдері. [pic]

Талшықты дақылдардың ең маңыздысы — мақта. Ол жылу мен ылғалды аса көп қажет етеді. Мақта талшығының дүниежүзілік өндірісі 20 млн т-ны құрайды. Мақта егісінің алқабы мен мақта жинау жөнінен 1-орынды ежелден мақта өсірушілер — Азия елдері, 2-орынды — Америка, 3-орынды Африка елдері иеленеді. Олардың ішінен Қытай, АҚШ, Үндістан елдері ерекшеленеді. Көпшілік елдер қысқа талшықты мақта егеді, өте бағалы ұзын талшықты мақта өсіруден Египет ежелден-ақ танымал. Басқа талшықты дақылдар — зығыр мен джуттың таралу аймағы анағұрлым шектеулі. Дүниежүзілік зығыр өндірудің 3 4 бөлігі Ресей мен Беларусь Республикасына, ал джут өндіру Үндіста мен Бангладештің үлесіне тиеді. Табиғи каучук беретін гевея ағашының плантациялары алғаш XIX ғасырда Оңтүстік Америкада қолға алынған болатын. Кейіннен ол Азияға ауысып, қазір Азия елдері табиғи каучук өндірісінің басты ауданына айналып отыр. Әсіресе Таиланд, Индонезия мен Малайзия ерекше көзге түседі.

Крахмалды дақылдардың ішіндегі маңыздысы да, көп таралғаны да — картоп. Картоптың отаны Оңтүстік Америка, бірақ, қазір коңыржай белдеу дақылына айналып отыр. Картоп жинаудан 1-орынды Ресей, 2-орынды Польша, 3-орынды Қытай алады.

Сергітпе дақылдарға шай, кофе және какао жатады. Олар, әдетте, тропиктік (шай субтропикте де) белдеулерде өсіріледі және таралу аймағы айтарлықтай шектеулі. Шайдың отаны — Қытай. Дүниежүзінде жиналатын шайдың 4/5-ін Үндістан, Қытай және Шри-Ланка өндіреді. Ал субтропиктерде шай Грузия жерінде өсіріледі. Кофенің отаны — Африка, қазір оның түсімінін; 2/3-сін Латын Америкасы елдері, әсіресе Бразилия мен Колумбия береді. Какао, керісінше Америкадан шыққан, қазір оның негізгі өндірушілері Африканық Гвинея жағалауындағы елдер. Жетекші елдер қатарына Кот-д-Ивуар, одан кейін Бразилия, Гана, Индонезия мен Нигерия жатады.

Дәм-татымдық дақылдар (қалампыр, бүрыштар, тмин, лавр, күнжіт, корица, ваниль, кардамон, түрлі жаңғақтар) субтропиктік, тропиктік аймақтарда жаппай өсіріледі. Жоғарыда аталған дақылдардың барлығы дерлік халықаралық сауданың маңызды тауарлары болып табылады.[1

3-топ

Баубақша шаруашылығы














Бақша және жеміс-жидек шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларының бірі — бақша шаруашылығы, дүниежүзі елдерінің барлығына дерлік тән. Жылдық өнімділігі 600 млн т, оның 70%-дан астамын Азия шаруалары өсіреді. Жоғары маманданған бақша шаруашылықтары ірі қала маңдарында шоғырланған. Ал жеміс-жидек шаруашылығы табиғат жағдайлары колайлы және көлік түрлерімен жақсы қамтамасыз етілген жоғары маманданған арнаулы аудандар құрайды. Бақша сияқты бұл да көп еңбекті қажет етеді. Субтропиктік (жерортатеңіздік) және тропиктік белдеулерде көбірек таралған. Жылдық өнімділігі 430 млн т, оның 2/5-сін Азия елдері жинайды. Жеміс-жидекті көп өндіретін елдер қатарына Қытай, Үндістан, Бразилия, АҚШ, Италия жатады. Жүзім өсіру Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде ерекше дамыған. Жүзім жинаудан Италия, Франция, Испания және АҚШ көзге түседі. Цитрус өсіру де АҚШ, Бразилия, Испания, Италия, Қытай мен Жапония сияқты субтропиктерде орналасқан елдерге тән. Банан — азиялық жеміс, бірақ қазір тек Азияда ғана емес, Орталық және Оңтүстік Америка, Африка елдерінде де көптеп өсіріледі. Жетекші елдерге Үндістан, Эквадор, Бразилия, Филиппин және Мексика жатады. Соңғы жылдары гүл өсіруге маманданған шаруашылықтар жаппай белең алуда.[1] [pic]




4-топ

Картамен жұмыс











4-топ (жасыл)

Оқулық мәтінін пайдалана отырып , өсімдік шаруашылығын өндіруден 1-3 орынды иеленетін елдерді көрсететін кестені толтыру

2. Тірек сигналдары

1-3 топ оқушылары өздері оқыңан мәліметтерін дәптерлеріне тірек –сызбалар арқылы немесе конспектілеуі тиіс.

4-топ. Кесте арқылы өсімдік шаруашылығын өндіруден алдынғы орын алатын елдердің орналасуын кескін картаға түсіріңдер

Кеудесіндегі түсі отырған тобының түсімен сәйкес келетін оқушылар орындарына

қалсын, ал қалған оқушылар өз түстері сәйкес келетін топқа барып отырады

Оқушылардың топ болып отырғандағы көрінісі өзгереді және бір тақырыптың мазмұны бір топқа бірігеді.


























Оқушылар өз нөмерлерімен кезек бойынша оқығанын түсіндіреді

VІ. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Ораторлар турнирі

Әр топ өз топтарының арасынан оратор болуға лайық деп санайтын оқушыны таңдайды, сол оқушыға мұғалім тарапынан тапсырма беріліп оқушы сол тапсырма бойынша ораторлық қабілетін көрсетеді.


ҮІІ. Жаңа сабақты қорытындылау

  1. «Тізбек»- «Цепочка»

Мұғалімнен жаңа сабақты қорытындылау мақсатында жаңа сабақ мазмұнына

байланысты бір сөйлем айтады ал оқушылар тізбектелген бойынша жалғастырады.


VІІІ. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.

38. Өсімдік шаруашылығы

1-тапсырма. Кескін картаға өсімдік шаруашылығының таралуын түсіру

2-тапсырма. Мәтіндегі кестемен халық саны мәліметін пайдалана отырып , кестеде берілген елдердің жан басына шаққанда дәнді дақылдармен қамтамасыз етілу мөлшерін есептеңдер.



Пайдаланған әдебиеттер

  1. География.10-сынып. Жаратылыстану-математикалық бағыт

  2. Оқыту үрдісінде қолданылатын интерактивті әдістер. П.Б. Таңатарова

  3. Ғаламтор мәліметтері

  4. География және табиғат журналы.