Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Госплемстанция жалпы орта білім беретін мектебі
география- биология пәнінің мұғалімі
Альмуханбетов Габит Сабитович
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның экологиялық проблемалары.
Қазақстанның экологиялық проблемалары осы уақытқа дейін жинақтаған (БАҚ-тан, теледидардан, пән бойынша) білімдерін
тиянақтау, жүйелеу.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушылардың Қазақстанның экологиялық проблемалары туралы алған білімдерін тиянақтау, ғаламдық деңгейге дейін көтерілген Қазақстан экологиясы туралы тақырыпты тереңірек меңгерту. 2) Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жете айта білуге, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан-жақты ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту. Саяхат сабақ арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3) Тәрбиелік: Қоршаған ортаның қазіргі таңдағы аянышты жағдайына жауапкершілікпен қарайтын,әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: Топпен және жұп жұппен жұмыс
Сабақтың негізгі идеясы: Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.
Сабақтың пәнаралық байланысы: экология,медицина
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның экологиялық жағдайы картасы, интерактивті тақта, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген кескін картадағы Адам экологиясы. Адам экологиясы үшін қолайлы және қолайсыз аудандарды көршілерімізбен алмасып талқылау.
ІІІ. Қызығушылықты ояту. Еуразия материгін таныстыру туралы тақпақ оқып, тақырыпты ашу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
-Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған? (Еуразия)
-Еуразия материгінің қандай ерекшеліктерін білеміз? (Ерекшеліктерін атап интерактивті тақтаға «өрмекшінің торын» құрайды)
[pic]
[pic] [pic]
[pic]
[pic] [pic]
[pic] [pic] [pic]
ІІІ. Жаңа тақырып. Материкке шолу.
Жаңа сабақты бастамас бұрын сыныпты екі топқа бөліп аламыз. Бөліну үшін дорбадағы асықтарды алып оңқай және солақай болып бөлінгеніне қарап топты құрайды. Топты бағалау үшін тәуелсіз сарапшы болуы керек( мұғалім немесе жоғарға сынып оқушысы)
-Бүгінгі сабағымыз Еуразияның ең биік жері Гималай тауының ең биік шыңы Эверест (8848м) шыңына саяхат жасаймыз. Оған шығуда жолымыздағы кедергілер бар екен, одан өту үшін Еуразия материгіне байланысты тапсырмаларды орындауымыз керек. Саяхатқа дайынбыз ба?
1-тапсырма
Кескін картаға Еуразияның шеткі нүктелерін белгілеу. ( Әр бала өзінің кескін картасымен жұмыс жасайды)
2-тапсырма
Еуразия материгінің зерттелу тарихы бойынша кестені толтыру. (Еуразия материгін зертеушілердің туған жылы, атын, зертеген жерлерін кестеге түсіру)
Зерттеушілердің аты-жөні і
Ашқан және зерттеген жерлері
1839-1888
Н.М.Пржевальский
1827-1914
П.П.Семенов- Тян-Шанский
1835-1865
Ш.Уалиханаов
3-тапсырма
Еуразия жеріне адамдардың ең бірінші қалай орналасқандығы жөнінде кескін картаға түсіру.
( екі топқа да бірдей кескін карта таратылады, бір бала шығып қорытады)
4-тапсырма
Интерактивті тақтадағы картадан Еуропа мен Азия елдерін ажырату. (Екі топтан бір бір оқушыдан шығып тақтадағы елдің қай бөлікке жататынын көрсету керек. Солай топтағы бүкіл бала тақтаға шығады.)
5- тапсырма
Екі топтан белсенділігі жоғары бір-бірден бала шығып алдын-ала дайындаған Шоқан.Уалихановтың жүріп өткен жолдары тақырыбындағы баяндамасын оқйды.
6-тапсырма
Оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін сұрақтар қою.
1.Қазақстанның Еуразия материгінің ортасында орналасқандығының қандай тиімді жағдайы бар.
2.Немесе Қазақстанның Еуразия материгінің ортасында орналасуының қандай тиімсіз жағдайы бар.
( осы жерде балаларды сергіту үшін Еуразияның көрікті жерлерін бейнеклиптен көрсету)
ІV.бөлім. Бекіту.
Екі топқа флипчарт таратылып Еуразия материгі туралы өз түсінгенін сурет арқылы білдіру.
V.бөлім. Рефлекция.
V. бөлім. Қортындылау.
Әрбір оқушыға не білдім, не білгім келеді, бұрын білгенмін деген парақша таратылады. Әр оқушы өз ойын ашық жазады.
VІ. Бөлім. Бағалау.
Оқушыларды бағалау үшін ортаға бағалаушы шығып екі топтың жинаған ұпайын белсенділіктерімен қоса айтып кетеді. Ең белсенді болған топқа Қазақстанның туын береді, туды алған топ тау шыңын бағындырған болады.
VІІ. Бөлім. Үй тапсырмасы.
Белсенділігі төмен екі оқушыға кескін картаға Еуразияны түсіріп келуге тапсырма беріледі.
Қалғандарына «Еуразия материгіне бір күндік саяхат» тақырыбында шағын шығарма жазу.