Гоерафия пәні 8-сыныпТянь-Шань тауы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Тянь- Шань.

Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы биік таулы өлке- Тянь- Шаньның таулы жүйесінің өз еліміз аумағына кіретін таулы жоталарды анықтап,оларды өзара салыстыру,ерекшеліктерін білу.Солтүстік, Орталық ,БатысТянь-Шань таулы жоталарына кіретін тауларды анықтап картадан көрсету,табиғат жағдайын талдау.

Сабақтың типі: Сайыс сабақ.(Жаңа тақырыпты өз бетімен зерттеу)

Сабақтың әдіс –тәсілдері: түсіндіру,анықтау,зерттеу,картамен, оқулықпен, топтық жұмыс, тест тапсырмалары

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы,слайдтар,

Сабақты ұйымдастыру: І. Оқушылармен амандасу, түгендеу

Cабақтың барысы:

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру( сұрақ-жауап)

1-тапсырма:

  1. Сауыр-Тарбағатай тауының географиялық орны қандай?

  2. Сауыр-Тарбағатай тауының жер бедері қандай?

  3. Бұл тау жоталарының ерекшеліктері неде?

  4. Сауыр-Тарбағатай тау жасалу қатпарлануының қандай кезеңде пайда болған?

  5. Сауыр-Тарбағатай тауының климат ерекшеліктері қандай?

  6. Таудан басталатын өзендердің ерекшеліктерін ата.

  7. Сауыр-Тарбағатай тауларына қандай табиғат зоналары тән?

2-тапсырма:

«Адасқан нысанды тап»

Сарыарқа Мұзтау

Алтай Тастау

Сауыр Ақсораң

Тарбағатай Сары шоқы

3-тапсырма:

«Сандар сөйлейді»

2739м, 2992м, 3816м, 6995м

Шаттық шеңбері

ІІІ. Оқушылар ортаға шығып, бір-біріне сәттілік тілейді. «қарлы кесек» ойыны арқылы топқа бөлінеді.

І топ: Алтай ІІ топ: Сауыр ІІІ топ: ? (Тянь-Шань)

ІҮ. Қызығушылықты ояту (Жана сабақ)

  1. Азиядағы биік таулардың бірі, оның кейбір бөліктері Қазақстанға енеді, ол қандай тау? ........

  2. Ол таудың ең биік нүктесі қалай аталады? ................

  3. Шыңның биіктігі қанша метр?....................

(интерактивті тақтамен жаңа тақырып түсіндіріледі.)

Бейнеролик көрсетіледі. (Қазақстан таулары-Тянь-Шань)

Мағынаны тану (оқулықпен жұмыс). Постер арқылы қорғайды.

  1. Алтай тобы: Географиялық орны, жер бедері, пайдалы қазбалары, ірі тау жүйелері.

  2. Сауыр тобы: Климаты, өзендері, мұздықтары.

  3. Тянь-Шань тобы: Табиғат зоналары, өсімдіктері, жануарлары.

Топтық жұмыс: Кескін картамен жұмыс

  1. Алтай тобы: Географиялық орны, жер бедері, пайдалы қазбалары, ірі тау жүйелері.

  2. Сауыр тобы: Климаты, өзендері, мұздықтары.

  3. Тянь-Шань тобы: Табиғат зоналары, өсімдіктері, жануарлары.

Сергіту сәті

Ой қорыту (3 топқа сұрақтар беріледі)

Бекіту сұрақтары