Ашық сабақ
«Жердің өз осінен айналуы»
География пәні мұғалімі Аяган Медет Ерланулы
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жердің өз осінен айналуы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Жердің өз осінен айналуы, Күн мен түннің
ауысуының Жер бетіндегі тіршілік үшін, адамдар үшін
маңызы туралы таныстыру.
Коррекциялық мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Ауызекі сөйлеу,
логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру. Асықпай, анық
сөйлеуге, дәптерлеріне де ұқыпты, таза жазуға дағдыландыру.
Оқушылардың өзара сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдысын
жетілдіре отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру,
негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Туған жерге, елге деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа,
адамгершілікке, тәрбиелеу, рухани байлығын қалыптастыру,
ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру, қоршаған
ортаға құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа баулу.
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Мәтінмен, көрнектіліктермен, сұрақ-жауап, өткенді еске түсіру, картамен,
глобуспен, өз бетімен, шығармашылық жұмыстар.
Көрнектілігі: Глобус, карталар, шам, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- оқушыларды түгендеу
- оқу құралдарын түгел шығарып, ынталарын сабаққа аударуын қадағалау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Географиялық карта дегеніміз не?
Географиялық карталар мазмұнына қарай қалай бөлінеді?
Физикалық картада жер бедері қалай бейнеленеді?
Географиялық карталар пайдалануына қарай қалай бөлінеді?
Масштаб дегеніміз не? Масштаб нешеге бөлінеді?
Сызықтық масштаб дегеніміз не?
Сандық масштаб дегеніміз не?
Атаулық масштаб дегеніміз не?
Үй тапсырмасын қорытындылау.
Сергіту. Көзге және тыныс алу жаттығуларын жасау.
Оралған қағазды үрлеп ашып, бір-біріне жақсы тілек айтады.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспары: 1. Жердің өз оінен айналуы
2. Тәулік
3. Күн мен түннің ауысуы
4. Уақыттың Гринвич меридианынан есептелінуі
Жердің өз оінен айналуы
Жер шары өз білігінен сағат тіліне қарсы бағытта батыстан шығысқа қарай
24 сағатта бір айналып шығады. Сол себепті де 24 сағатты 1 тәулік дейміз.
Жер өз осінен айналуы нәтижесінде күн мен түн ауысады.
Тәжірибе жасап көрсету: Глобус пен шамды алып айналдырып, Жер шарының бір жағына жарықтың түсетінін, яғни – күндіз, Жер шарының екінші жағына жарықтың түспейтінін, яғни – түн болатынын көрсету.
Бұл уақыт Гринвич меридианынан немесе 0 – яғни бас меридианнан есептелінеді. Әр вертикаль сызықтарының арасы бір сағатқа тең.
Батысқа қарай бағыт алғанда әр сағаттық белдеуде сағаттың тілін бір сағат артқа жылжыт.
Шығысқа қарай бағыт алғанда әр сағаттық белдеуде сағаттың тілін бір сағат алға жылжыт.
Шығыс жарты шарда күндіз болса, батыс жарты шарда түн болады.
Ойланып жауап бер! Жаңа жылды Жер шарының қай бөлігі бірінші қарсы алады? Батыс па, әлде шығыс па?
Жердің өз білігінен айналуы кезінде оның бетіндегі барлық денелер
қозғалысында ауытқулар п.б. Бұл ауытқуды тудырушы құбылыс – Кориолис
күші (француз ғалымы Г.Кориолис есімі бойынша) д.а. Кориолис күші әсерінен СЖШ-ғы жер бетімен қозғалатын барлық денелер оңға, ал ОЖШ-ғы денелер солға бұрылады. Әсіресе бұл қозғалыстар желдер мен беткі ағыстардан айқын байқалады.
Экватор маңында Кориолис күші әлсіз, керісінше полюстерге қарай күшейеді. Кориолис күшінің ықпалын есепке алу әсіресе жел бағытын анықтауда ерекше маңызды, себебі өте күшті дауылдар туғызатын тропиктік циклондар қозғалысын білудің қашан да маңызы зор.
Күн мен түннің алмасуы табиғаттағы тәуліктік ырғақтылықты туғызады, ол жарық пен жылудың өзгерісіне байланысты жүзеге асады. Адамның әлеуметтік өмірі де тәуліктік ырғақтылыққа сәйкес келеді.
IV. Бекіту. Бейне сұрақтар.
Жер өз осінен қай бағытта айналады?
Жердің өз осінен айналуына қанша уақыт кетеді?
Тәулік дегеніміз не?
Жер өз осінен айналуы нәтижесінде қандай құбылыс болады?
V. Дәптерлеріне «Тәулік, Күн мен түннің ауысуының» анықтамаларын жазу.
VІ. Өз бетімен жұмыс: 1. Адамның күнделікті өмірінің тәуліктік ырғақтылыққа
байланысты екеніне мысалдар келтіру.
Географиялық диктант.
Жердің өз осінен айналуына кеткен уақыт ... сағатқа тең. (24).
Жер өз осінен айналуы нәтижесінде ... мен ... ауысады. (Күн, түн).
Жердің өз осінен айналуына кеткен уақытты ... дейміз. (Тәулік).
Бір тәулікте ... сағат бар. (24).
Шығыс жарты шарда ... болса, батыс жарты шарда ... болады. (күндіз, түн).
Жаңа жылды Жер шарының ... бөлігі бірінші тойлайды. (шығыс).
VІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
Бағалау.
VІІI. Үйге тапсырма §11. 29-30 бет оқу. Қосымша материалдарды пайдалана
отырып, «Жердің өз осінен айналуына» материалдар тауып, оқып, танысу.