Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы тақырыбына ашық сабақ 9 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы

Сабақтың мақсаты:

Танымдылық:Орталық Қазақстанның экономикалық байланыстары ,даму перспективаларын қарастыру.Оқушыларда географиялық ойлауды қалыптастыру.

Дамытушылық:Оқушылардың сөйлеу –логикалық және бейне тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалыптастыру,картографиялық сауаттылығының қалыптасуына ықпал ету.

Тәрбиелік:Рухани –адамгершілік тәрбиесін беру,отансүйгіштікке тәрбиелеу,қоршаған ортаны сақтауға баулу, жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.

Сабақ түрі:жаңа білімді меңгерту және есте сақтау.

Сабақты ұйымдастыру формасы:сабақтық-сынптық.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,планшет,ноутбук,Қазақстанның физикалық картасы,атластар,кескін карталары,үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

-Сабақтың тақырыбы және мақсаттарын анықтау.

(Құрманғазының «Сарыарқа» күйі ойналады).Оқушыларға планшет арқылы слайдтарды тамашалау ұсынылады.

-Балалар ,біздің тыңдаған музыкалық туынды Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйі.Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы.

Сабақтың мақсаты:экономикалық ауданның бейнесін сипаттау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Кім жылдам?» ойыны

1.Экономикалық аудан дегеніміз ол –шаруашылығының даму деңгейі және мамандандырылуы жағынан ерекшеленетін және еңбектің аудандық бөлінуінің нәтижесінде қалыптасқан мемлекеттің жеке бөлігі.

2.Қазақстанда неше экономикалық аудан бар?/Бес/

3.Орталық Қазақстанның құрамына қанша облыс кіреді?/Біреу –Қарағанды облысы.

4.Ауданның табиғат қорлары қандай?Климаты шұғыл континентальді,жазы-ыстық, құрғақ,шаң дауылдары жиі соғады.

5.Су ресурстарымен қалай қамтамасыз етілген?/Тұщы су қоры тапшы /

«Кім жылдам?» ойнынын қорытындылау.

Атласпен ұжымдық жұмыс.Біздің міндетіміз картадан Орталық Қазақстанды белгілеп,онымен шекаралас аудандарды анықтау.Оқушылардың субъективті тәжірибесін айқындау.

«Дұрыс таңдау» ойнынын ұйымдастыру.Оқушыларға пайдалы қазбалар белгілері бар кеспе қағаздар ұсынылады.

Интерактивті тақтада сұрақтар ұсынылады:

1.Шахталық тәсілмен өндірілетін пайдалы қазба?/тас көмір/

2.Бұл пайдалы қазба қоры жөнінен Қазақстан ТМД елдерінің ішінде 3 орын эәне әлем бойынша 8 орынға ие.Қарағанды облысында Кентөбе,Қаратас кен орындары бар. /темір/

3.Бұл пайдалы қазбадан картон,қағаз ,өрт сөндірушілерінің қорғаныс киімдері жасалады?/асбест/

4. Бұл пайдалы қазбаның ең ірі кен орны –Жезқазған кен орны болып табылады.ТМД елдерінің ішінде 1 орынға ие/мыс/

5. Бұл пайдалы қазбаның ең ірі кен орындарына Орталық Қазақстанда орналасқан Атасу,Жезді кен орындары жатады/мырыш/

6.Бетон және құрылыс ерітінділерін жасауға пайдаланатын негізгі құрылыс материалы/цемент/

7. Бұл пайдалы қазбаның қоры бойынша Қазақстан әлемде 1 орынға ие ,өзі қиын балқитын,иілімділік қасиеті жоғары ,жарық бергіш құралдарын жасауда пайдаланатын металл /вольфрам/

8.Бұл кен орындарының бағалы компоненттерінен құрайтындар –қорғасын және мырыш ,мыс қоспалары ,алтын ,күміс және басқа да металдар.Соңғы жылдары Орталық Қазақстан бай кен орындарының бірі болып отыр /Қызылкеспе,Қасқайғыр/

Оқушылар карта бойынша бағдарлайды.Пайдалы қазба түрлерін дұрыс таңдаған жағдайда «Сарыарқа » сөзі шығады.

4.Жаңа тақырыпты оқу кезеңі .

Оқушыларға үлестірмелі тірек схемалары ұсынылады.Оқулықпен жұмыс істеу арқылы схемаларды толтыру керек.

Мұғалім:Қара металлургия республиканың өндірістік өнімінің 12,5 % көлемін өндіреді.Темір рудасының қоры бойынша Қазақстан әлемде 8 орынға ие.Әлемқорларындағы үлесі 6% құрайды.

Теміртауда өндірілетін темір рудасының 70% экспортқа шығарылады.Теміртау қаласының қосалқы аты-«Қазақстандық магнитка».Бұл қала қандай тұлғаның есімінен байланысты оқушылардың жауабы.

Әрине ,Қазақстан Республикасының президенті –Н.Ә.Назарбаевпен байланысты.1958 ж Н.Ә.Назарбаев Қарағанды облысы Теміртау қаласның құрылыс басқармаларының біріне жұмысшы ретінде орналасады.Сол жылы украинаға –днепродзержинск қаоласына металлургиялық мамандықты игеруге оқуға жіберіледі.Оқуын аяқтағаннан соң ,бір жарым жыл мерзімінде Қазақстанға оралып ,1960-1969 жж Қарағанды металлургиялық комбинатын да еңбек етеді.

Мұғалімнің қорытындысы сөзі.Қара металлургия презентациясы ұсынылады.

Қара металлургия:

Оқушыларға берілетін тапсырма :Мәтін және қосымша ақпаратты пайдалану арқылы тірек схемаларын толтыру

1 қатар –жылу –энергетикалық кешен

2 қатар –түсті металлургия

3 қатар –химия өнеркәсәбі.

1.Жылу энергетикалық кешен



КӘСІПОРЫНДАРЫ ЖЭК ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ЖЕРІ



ІРІ ЭЛЕКТРСТАНЦИЯЛАРЫ







Мұғалімнің қорытынды сөзі . «Арселор Миттал Теміртау» видеоролигін тамашалау.

2.Түсті металлургия

3.Химия өнеркәсібі.

Мұғалім:Біз шаруашылықтың негізгі салаларымен таныстық,ал енді қосалқы салаларды ,оның ішінде ауыл шаруашалығын қарастырайық .Орталық Қазақстанның климаты қандай?Құрғақ.Сол себепті ауылшаруашылық жерлерінің көбі табиғи жайылымдар болып табылады,ауданды сумен қамтамасыз ету үшін Ертіс-Қарағанды каналы салынған.

Орталық Қазақстанның көлік шаруашылығы .

Жеңіл көлік жолдары және темір жолдары .Қарағанды Теміртау ,Қарағанды –Балқаш,Қарағанды –Балқаш- Алматы.Ұзындығы 1205 км Трансконтинетальді темір жолы кесіп өтеді.

Картамен жұмыс жасау арқылы Орталық Қазақстанда қандай қалалар орналасқандығын анықтаңдар:Жезқазған,қарағанды,Теміртау,Балқаш.Қарағанды қаласының оқушылармен сұхбаттасу (веб-камера арқылы он-лайн режимінде сұхбаттасу).

5.Бекіту кезеңі

Тест орындау.

6.Үй тапсырмасын беру кезеңі :

1.Параграф 21,оқу.

2.Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындау.

7.Рефлексия .Сөйлемді аяқта:

Мен бүгін таныстым...

Маған оңай болған жоқ...

Менің есімде қалғаны...