Ашық сабақ географиядан Қоныстану түрлері.Урбандалу(10 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сынып:10Б Күні: 14-желтоқсан 2015жыл

Сабақтың тақырыбы: Қоныстану түрлері.Урбандалу.

Сабақтың мақсаты:қоныстанудың түрлерімен танысады.Урбандалу,мегаполис,агломерация ұғымдарымен танысады.

Күтілетін нәтиже:1.Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.

2.Қызығушылықтары орнайды.

3.Статистикалық мәліметтермен жұмыс жасай алады.

Сілтеме:бейнеролик,атластар,кескін карталар.

Білу



4-минут

Бүгін біз «Дүние жүзінің халқы» тарауын әрі қарай жалғастырамыз.Өткен сабағымызды қорытындылау мақсатында 3 топқа тапсырмалар беріледі.

1-топқа: Төменде берілген мемлекеттердің қайсысы ислам дінін ұстанады.

2-топқа:Төменде берілген мемлекеттердің ұстанатын діндеріне қарап,ажырату.

3-топқа:Төменде берілген мемлекеттердің ішінен ұлттық діндер кең таралған

Дүние жүзілік дін туралы тақырыпты қорытындылау.



Топпен ақылдасып тапсырмаларды орындайды.

Түсіну




20 минут

«Дүние жүзінің халқы» тарауын әрі қарай жалғастыру үшін жаңа тақырып өтеміз. Жаңа тақырып «Қоныстану түрлері.Урбандалу »

Сабағымыздың мақсаты мен жоспарымен танысайық. Мақсаты:қоныстанудың түрлерімен танысады.Урбандалу,мегаполис,агломерация ұғымдарымен танысады.

Жоспары:1.Қоныстану түрлері

2.Урбандалу,даму кезеңдері.

3.Ауыл халқы

4.Қалалар және қоршаған орта.

9-сыныптан алған білімімізді есімізге түсірейік. Сұрақтар: Урбандалу деген не? Жеке елдердің урбандалу деңгейіне қандай факторлар себепші болады ? Урбандалу деңгейіне қарап елдің даму дәрежесін бағалауға бола ма?


Қоныстану дегеніміз-халықтың белгілі бір аумақта таралып,орналасуын және елді-мекендер жүйесінің қалыптасуы. Қоныстану түрлері: 1.Отырықшы

а.қала

ә.ауыл-топтасып,шашыраңқы ферма,ранчо.

2.Көшпенді.


Дарынды оқушыларға үйге тапсырма ретінде презентация жасау тапсырылды.

Бейнефильм: «Қалалар тарихы»


Есіңе сақта!

Урбандалу-қалалардың өсуі мен қалалық өмір салтының кеңінен таралуын, экономикалық қуаттың қалаларда шоғырлануы.

1.Оқулық мәтінін және қосымша кестені пайдаланып,жеке аймақтардағы урбандалу ауқымын анықтау.

2.Қосымша кестені пайдаланып,дүние жүзінің урбандалу деңгейін анықтау.

3.Урбандалудың негізгі сипаты.




Жаңа тақырыпты,оның мақсаты мен жоспарын дәптерге түсіреді.








Сұрақтарға жауап береді.






Слайдтағы қоныстану түрлерін дәптерлеріне түсіреді.


Алдын-ала тарих пәнінен алған білімдерін пайдаланып,2 оқушы:

1.Қалалардың пайда болу тарихы.

2.Қазіргі қалалар тақырыбындағы презентация қорғайды.

Қолдану.



10 минут

Агломерация-

Мегополис-

Дүние жүзінің ірі қалалары атты картаны пайдаланып:1.Жер шарының қай аймақтарында ірі қала агломерацияларын көруге болады?

2.10 ірі қала агломерацияларын көрсет.

3.Ең ірі мегополистерді атап ,картадан көрсет.

Терминдерді дәптерлеріне жазады.


Картамен жұмыс.

Талдау

5-минут

1 «Көк тіреген үй»

2.Нью-Йорк қаласы теракт болғанға дейін және кейінгі қала

Осы фотоларға қарап өздеріңе қандай ойлар келді?

Оқушылар сыни ойлау арқылы өз ойларын білдіреді.

Жинақтау

«Миға шабуыл»

Урбандалу-бұл жақсылық па, әлде жамандық па?

Оқушыларға қаланың жағымды және жағымсыз белгілері таратылады,соны тақтадағы кестеге орнату.


Оқушылар қиындыларды алып,мәліметті кестенің дұрыс жағына орналастырады.


Бағалау

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.


Үйге тапсырма

Сөзжұмбақ құрастыру «Миллионер-қалалар»






















Чкалов атындағы орта мектеп















Қоныстану түрлері.Урбандалу

Ашық сабақ

10-сынып









Өткізген: Багитова Нұртолқын

география пәнінің мұғалімі











2015 жыл