География пәнінен сабақ. Тақырыбы:Сарыарқа 8-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ

Тақырыбы: «Сарыарқа»

Мақсаты:

а) оқушылардың өткен білімдерін еске түсіре отырып, жаңа сабақты салыстырмалы түрде меңгеру;

ә) Сарыарқа физгеографиялық аймағының табиғи ерекшеліктерін оқушылармен бірлесе, қосымша мәліметтерді пайдалана отырап талдау;

б) оқушыларды шығармашылық ізденіске, туған өлке табиғатын қастерлей білуге, ойларын тиянақты талдап жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, фотосуреттер, видеоматериалдар, қосымша әдебиеттер, шығармашылық жұмыстар. Ақын-жазушылар шығармалары.

Номенклатура: Ұсақ шоры, Ақсораң, Қызыларай, 1939 жылы Нью-Йорк, «екінші Швейцария», «Жұмбақтас, Жеке батыр, Оқжетпес, Бурабай, Ертіс – Қарағанды, т.б.»

Әдіс – түрі: Дәстүрлі емес. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалана отырып, шығармашылақ ізденіске баулу.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Ауызша сұрақтар.

  1. Солтүстік Қазақ жазығының негізгі атауы қандай және не себепті аталған?

  2. Солтүстік Қазақ жазығының жер бедері қандай?

  3. Қандай табиғат зонасында орналасқан?

  4. Топырағы қандай, шарушылықты қай түріне қолайлы?

  5. Қандай экологиялық проблемалары бар?

Тест.

Топтастыру: Жазық, Аласа тау, Биік тау ...

Аласа тау – Мұғалжар, Үстірт, Сарыарқа ...

Күйтабақтан «Сарыарқа» күйін тыңдау.

ІІІ. Мағынаны тану.

пайдаландық.

Куәгерлер әңгімесі. Интернет арқылы «Сарыарқа» жеріне саяхатқа барып келген оқушылардың суреттеп баяндауы. Фото, бейнематериалдарды

Оқулықпен, қосымша әдебиеттермен жұмыс.


Жигсо әдісімен топқа бөліне талдау. 1-топ: Географтар – географиялық орны, геологиялық құрылысы.

2-топ: Геоморфологтар – жер бедері, пайдалы қазбалары.

3-топ: Климатологтар, гидрологтар – климаты, өзен көлдері.

4-топ: Биологтар – табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары.

5-топ: Экологтар мен шаруашылық министрі – шаруашылық маңызы мен қорғалатын аймақтары.

Дәптермен, атласпен жұмыс.

Автор орындығы. Қосымша суреттерді пайдалана отырып, жалпы сыныпқа талдау жұмысы.

Сурреттер: Ұлытау, Биші қайыңдар, Қарқаралы тауы. Тас құрбақа көрінісі, Шыңғыстау.

Сауал менен, жауап сізден ...

  1. Неліктен Сарыарқаны «Қазақтың ұсақ шоқысы» деп атайды?

  2. Неге Көкшетау «екінші Швейцария» атанған?

Қосымша мәліметтер:

  • Көлемі 1 млн. шқ2

  • Сарыарқа сөзіне түсінік беру.

  • 1939 жылы Нью-Йоркте өткен халықаралық көрмеде Бурабай жүлделі орынға ие болған.

  • Ертіс-Қарағанды каналы 1962-1974 жылдар аралығында салынған.

ІV. Толғаныс.

  1. Ақындар арнауын талдау, өлеңдер бойынша табиғатының әсемдігін сипаттау.

  2. Жұмбақ сөз шешу. Тақырыпқа қатысты сөздердің әріптеріндегі орындарын ауыстыру арқылы жасырын сөзді табу:

АРАЛ, ҚАР ЫҚ, ОР САҚ АҢ, КЕШ ӨК УАТ.

  1. Болмасаң да ұқсап бақ ... табиғат сұлулығын баяндайтын бір шумақ өлең құрастыру.

V. Қорытынды: «Ой толғаныс»

Сабақты қорыту кезеңінде «Сарыарқа» тақырыбына төмендегідей сызба арқылы жинақтауға болады


Сарыарқа




VІ.Бағалау парағы

VІІ. Үйге тапсырма.

  1. §43 оқу.

  2. Шығармашылық тапсырма: Сарыарқа сұлулығын баяндайтын эссе жазу.

  3. «Шың» кітабынан 111-бетті оқу.

  4. Кескін картаға жер бедері мен пайдалы қазбаларын түсіру.

Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, оларды білімге қызықтыру-біздің міндетіміз. Білім беру кезінде бала білім алады, сана сезімі өседі, жақсы әдет-ғұрыпқа, мәдениетке, әдептілікке, үлкен –кішіні сыйлауға үйренеді. Сабақтың қызық өтуіне көптеген факторлар әсер етеді. Ең қажеттісі, мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі. Сол үшін мұғалімге қажет үлкен қасиет-өз ісін сүюі және балаларды сүюі.





Қолданылған әдебиеттер:

1.Қазақстан мектебі 6/2009ж

2. «Дауыс пен көрініс» Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау туралы ұлттық журнал №1 «5» 2001, №2/2002ж.

3. «География және табиғат» Ғылыми педагогикалық журнал 6/2010