Тақырыбы: «Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар»
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Көрнекілігі: тақырыпқа сәйкес әзірленген дидактикалық материалдар.
Барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің сөзі :
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары! Сәлеметсіздер ме! Отырыңыздар! Біздің бүгінгі ашық сабақтан тыс іс-шарамыздың тақырыбы – «Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар» атты пікір алмасу сабағымызға қош келдіңіздер!
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.
Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды.
9 - 11 класс оқушыларының алдында тұрған басты мәселе - болашақ мамандығын таңдау. Ал мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі.
Тренинг
Әр оқушы орнынан тұрып өз тілектерін айтады, яғни осы оқушылардың айтылған жақсы тілектері сыныбымызға, сыныбымызға қатысып отырған адамдарға жақсы көңілмен таралады деп білеміз.
Мамандықты таңдау туралы не білеміз?
Мамандық таңдау дегеніміз не? Осы сұраққа жауап беру үшін біз бүгінгі пікір алмасу сабағымызды ұйымдастырып отырмыз.
Сабағымыз 7 кезеңнен тұрады,
1. «Менен сұрақ, сенен жауап».
2. «Мамандық әлемі».
3. «Мен мамандық әлеміндемін» ойыны.
4. «Ең жақсы» ойыны.
5. «Қазіргі заманның әрі тапшы, әрі табысты мамандары»
6. «Мамандықты таңдау» практикумы. Профессиограмма.
7. Талдау.
1. «Менен сұрақ, сенен жауап».
Әңгімелесу
1. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадыңыздар ма?
2. Сен ол мамандық туралы не білесің?
3. Мамандық таңдамауыңның себебі неде?
4. Сенің мамандық таңдауына кім әсер етті?
5. Қай жақта оқығанды ұнатасың?
6. Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласын ба?
7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қысқа талдау жасалады.
Балалар, қазіргі кезде мектеп бітіруші түлектердің ең жиі таңдайтын мамандықтары мынандай екен:
• заңгер
• аспазшы
• аудармашы
• мұғалім
• менеджер
• ветеринар
• программист
• инженер
• банк қызметкері
• дизайнер
• экономист
• дәрігер
• психолог
• тәрбиеші
• бизнесмен
• құрылысшы
Статистикаға сүйенсек, Қазақстанның ЖОО бірінші студенттерінің
28% өз таңдауларына көңілдері толмай, сол мамандықты таңдағанына өкінген екен. Сұрастыра келе, мамандықты таңдауда олардың:
1. 30% - ата - анасының, мұғалімдердің кеңесіне сүйенген екен;
2. 44% - үйеріне жақын аймақты таңдаған екен;
3. 12% - қазіргі таңда «модно» деген мамандықтары таңдаған;
4. 14% - мамандығын ең соңғы сәтте таңдағандары белгілі болыпты.
- Сондықтан да, құрметті оқушылар дәл қазір дұрыс таңдау жасау мәселесіне көңіл бөлейік. Мұқият тыңдап, сұрақтарың болса, түртіп отырыңдар. Сабақ соңында туындаған сұрақтарды талқылайтын боламыз.
2. «Мамандық әлемі».
Статистикалық зерттеулер бойынша, әлемде 40 мыңға жуық мамандық бар көрінеді.
Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:
1. «Адам - Табиғат» аймағы
2. «Адам - Техника» аймағы
3. «Адам - Адам» аймағы
4. «Адам - Белгілер жүйесі» аймағы
5. «Адам - Көркемдік бейне» аймағы
Осы мамандықтар әлемінде дұрыс таңдау жасай алуы үшін балаларды «Мамандық таңдау формуласымен» таныстырады.
Талдау, қорытындылау:
«Қалаймын», «Қолымнан келеді» және «Қажет» - осы үшеуін бір - бірімен үйлестіре алсаң, сенің кәсіби таңдауың өте сәтті болмақ.
Сенің міндетің – келесі талаптарды орындайтын мамандықты таңдау:
• Сен үшін мамандығың қызықты және тартымды болуы қажет;
• Сенің қабілеттеріңе сәйкес келуі қажет;
• Еңбек нарығында сұранысқа ие болуы қажет.
3. «Мен мамандық әлеміндемін» ойыны.
[pic]
Тапсырмалар:
Адам-табиғат 100
«Адам – табиғат» бағытының еңбек объектілері (жануарлар, өсімдіктер, жер бедері, ауа, су, т.б.)
Адам-табиғат 300
Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен өзараәрекеттестігін зерттейді. Бұл бағыттың кейбір мамандары тірі организмдер туралы білімді толықтыру мақсатында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Басқалары бұл білімді қолданабалы мақсатта қолданады: жаңа дәрі-дәрмектер жасау, егінді көтеру, қоршаған орта жағдайын жақсарту үшін. (агроном)
Адам-табиғат 500
Үй, спорттық және лабораториялық жануарларға қомқор болады, сонымен қатар адамдарды жануарлардың жұқпалы ауруларынан қорғайды. Ол медициналық мәселелерді, сыртқы жарақаттарды анықтайды, операция жасайды, рецептілер жасайды, жанауарларға түрлі аурулардан егу жасайды. Жануарлардың иесіне оларды күту бойынша кеңестер береді. (ветеринар)
Адам-техника 100
Ол ұзақ және күрделі полиграфиялық үрдісті аяқтайды. Ол басылған беттерді соңғы өнімге, яғни кітапқа, журналға, каталогқа айналдырады. Мұндай мамандық мамандары кітап фабрикаларында, типографияларда және көбейту аппараттары бар мекемелерде жұмыс істейді.(редактор)
Адам-техника 300
бұл мамандық адамы механикалық шеберханаларда, жөндеу цехтарында, техникалық қызмет көрсету және жедел жөндеу станцияларында еңбек етеді. Олар автокөліктердің техникалық жағдайын бақылайды, ақауларды жойып, жөндеу жұмыстарын жүргізеді.(автомеханик)
Адам-техника 500
Нан өндіру кәсіпорындарында жұмыс істейді. Ол арнайы құралдарды қолдану арқылы нан, нан өнімдерін пісіреді. Сонымен бірге қамыр жасау және қамыр бөлу машиналармен жұмыс жүргізеді, қамыр илейді, қамырдың, өнімнің дайын болуын анықтайды. (технолог)
Адам-адам 100
Оның негізгі міндеті – азаматтардың және ұйымдардың заңды қызығушылықтары мен еркіндіктерін, құқықтарын қорғауды жүзеге асырады. Ең алдымен ол – құқық білгірі. Адамға кез келген жағдайда заңгердің кәсіби кеңесі қажет болғанда ол осы маманға жүгінеді.(заңгер)
Адам-адам 300
Негізгі міндеті – жасөспірімдердің бақылаусыз қалуын және құқық бұзушылығын алдын алу, оларға қосымша әсер ету. Жұмысының мағынасы – жасөспірімдерді өз уақытында жаман қылықтардан алдын алу, қоғам алдында өз жүріс-тұрысына жаупкершілігін арттыру. (инспектор)
Адам-адам 500
Жаттықтырушылар іс-әрекеті түрлерінің ерекшелігі бойынша оларды балалар, жасөспірімдер және ересектер спорты деп бөледі.Бірінші деңгей адамдары спорт мектептері мен секцияларда жұмыс істейді.Екінші деңгей –республикалы, қалалық құрама командалары үшін спортсмендерді дайындаумен айналысады.Үшінші деңгей – чемпиондар мен рекордсмендер, яғни жоғары санаттағы спортсмендермен жұмыс.(жаттықтырушы)
Адам-белгілеу жүйесі 100
Бұл маманның міндеті оған артылатын жауапкершілікке байланысты. Ол қоңырауларға жауап береді, қажетттілігінше анықтамалық ақпарат береді, басшыға қажетті мәліметтерді қабылдап, өз уақытында ақпаратты жеткізеді, келіссөздерді ұйымдастырады,отырысқа дайындық бойынша әкімшілік жұмысты атқарады және т.б.(хатшы)
Адам-белгілеу жүйесі 300
Олар қоғамның экономикалық дамуын талдау мақсатында мәліметтер жинағын жасайды.Олар қолдану саласына байланысты экономикалық жоспарлаудың түрлі әдістері мен процедураларын жасайды.(экономист)
Адам-белгілеу жүйесі 500
Адам кез-келген ұйымға жүгінгенде құжаттар қажет. Ал кейбір мәселелерді барлық қажетті құжаттары болғанымен адам өзі шеше алмайды. Мысалы,сіз басқа адамға пәтерді ауыстыру немесе өз жалақыңызды алу құқығын бергіңіз келеді, немесе отбасылық құндылықты мұражайға сыйлағыңыз келсе. Мұндай актілер заңды күшке ие болу үшін олар заңды түрде бекітілуі тиіс.Құжаттарды заңды түрде рәсімдеумен кім айналысады? (нотариус)
Адам-көркем бейне 100
Оңың шығармашылығының объектісі -– үй бөлмесінен қаланың орналасу жүйесіне дейінгі түрлі масштабтағы кеңістіктер болып табылады. Іс-әрекеттің негізгі түрі – жобалау. Жобалау сыртқы түрін, көлемді – кеңістіктік пішіні мен бейнесін ғана қамтып қоймайды, сонымен бірге, функционалдық жағдай, конструктивті сапа бойынша сұрақтарға шешеді.(архитектор)
Адам-көркем бейне 300
Журналдар, кітаптар мен газеттерге басып шығару үшін адамдарды және оқиғалар жағдайын суретке түсіреді.(фотограф)
Адам-көркем бейне 500
Үш өлшемді кеңістіктегі жұмысты жобалайды. Әр түрлі пішінді құяды, жапсырады.Әр түрлі материалдарды қолданады: саз, шыны, сымдар, гипс, пластик, металл. Немесе ағаштан және тастан пішіндер қияды.Кейде әр түрлі материалдар қоспасын жасайды.(скульптор)
4. «Ең жақсы ойыны».
Ең ақшасы көп ...................(банк қызметкері, экономист).
Ең жасыл ............................(эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші).
Ең тәтті ...............................(аспаз, кондитер).
Ең күлкілі ...........................(клоун, карикатурашы).
Ең жауапты ........................(сот, бухгалтер).
Ең салмақты .......................(мұғалім, заңгер).
Ең қарым-қатынасы күшті ...............(биснесмен).
Ең қиын мамандықтар …....... ( өрт сөндірушілер, ұшқыштар, теле- және радиожүргізушілер, мұғалімдер, медицина және әлеуметтік қызмет саласының мамандары, шахтерлар, жедел жәрдем қызметінің диспетчерлері, мереке ұйымдастырушылар мен әуе диспетчерлері)
Ең қажет етілетін мамандар (инженерлер, IT саласының мамандары, нанотехнология саласының мамандары, маркетологтар, қызмет көрсету бойынша мамандар, логистер, экологтар, дәрігерлер, химиктер)
Ең қызықты мамандар …... ( гольф алаңыда доптарды жинап, ойынға қайта қосушы, жиһаз сынаушы шебер, пингвин бұрушы мамандығы, ми алушы, қолтық иіскеуші)
5. «Қазіргі заманның табысты мамандары».
Жүргізуші: Біз оқушылар еліміздің Тәуелсіздігінің тұғыры мықты болу ушін өз үлестерімізді қосуымыз қажет мектепті жақсы аяқтап қазіргі заманға лайықты мамандық иесі болуымыз қажет.
Аниматор – суретке жан бітіруші. Мультипликатор – мультфильмдерге арналған суреттер салушы. 3D-аниматор – үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.
Витражист – көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.
Декоратор – түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірімдеріне арнайы сурет, графика. Сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінде біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған. Ал шетелдік тетрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.
Интерьер дизайнері – үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.
Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп атауға болады. Бұл бірлікке қоюшы-суретші кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет-бейнені жасап, режисермен тығыз байланыста жұмыс істейді.
6. «Мамандықты таңдау» практикумы. Профессиограмма.
Профессиограмма дегеніміз не?
- Профессиограмма дегеніміз - ол өзіне негізгі талаптарды енгізу арқылы жеке тұлғаның мамандыққа деген қасиеттерінің ашылуына жағдай жасайтын мамандықтың сипаты.
Профессиограмма:
-Мамандық аты.
-Еңбек түрі (қол еңбегі, автоматты, интеллектуалды, механикалық)
-Пән және еңбек түрі.
-Еңбек ету үшін білім мен дағдының болуы.
-Жұмысқа қойылатын шарт.
-Медициналық тексеру.
-Адамға талап қою.
-Мамандық алу жолы.
7. Талдау:
- Таңдаған фигураңа сәйкес психологиялық сипаттамалар саған қаншалықты келеді деп ойлайсың?
- Әр топтағы мамандықтарға ортақ не?
- Өзің туралы жаңа не білдің?
Балалар өз ойларымен бөлісіп, талқылау жүреді.
Мұғалімнің сөзі:
• Ж. Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген екен.
• “Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Мамандық таңдаудың 7 қадамы
1 қадам Байыппен бағдарлай біліңіз
Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандық қызықтыруы мүмкін. Біреулер«туғаннан маңдайына жазылған» ата-анасының жолын қуады. Біреулер жоғары оқуорнына ең жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, аленді біреулер үйіне жақын оқу ғимаратына құжат тапсыруға асығады.
Мамандықтаң дауадам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен былайша атүсті қараужеңілтектіктің белгісі. Сондықтан бұл мәселенің шешімін мүмкіндігіңіз шеаса мәнберіп, байыппен қабылдаңыз.
2 қадам Дұрысшешімөзқолыңызда
Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шығаалмай қалмаңыз, олар не айтсада, бұл– сіздің тағдырыңыз.
3 қадам Бейімділігіңізді ескеріңіз
Бастапқыда өз қалауыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Мектеп бағдарламасынан қай пән ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Сіздің бейміділігіңізге көп нәрсе байланысты.
4 қадам Өзіңізді сынақтан өткізіңіз
Бәрінен бұрын өзіңізді өз ой елегіңізден өткізіңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан мен нені қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп нәрсе білуге тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерін іс барысында көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын мекемелерге экскурсияға шығыңыз. Программист болғыңыз келсе, компьютерлік ойындарды ғана қанағат тұтпай, ең болмаса бір қарапайым бағдарлама жазып көріңіз. Дайындық курстарына жазылсаңыз тіпті жақсы. Ең дұрыс тәсіл жазғы каникул кезінде өзіңізді қызықтыратын саланың ең кіші қызметкері болып жұмысқа тұрсаңыз, таңдауыңыздың дұрыс-бұрыстығына көзіңіз анық жетер еді.
5 қадам Сұранысты да назарда ұстаңыз
Болашақ мамандығыңыздың еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білуде пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған конкурстарда, интернеттің еңбекке орналастыру сайтында қандай мамандықтарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы бар. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызды қай жоғары оқу орнында қалай даярлайтынын анықтаңыз. Дегенімен, нарық қажеттілігі құбылмалы. 3-5 жылдан кейін мүлдем басқаша болуы мүмкін. Демек, жүрегіңіздің таңдауына жүгінгеніңіз абзал.
6 қадам Мамандар не дейді?
Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде мектеп психологы немесе психолог-кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тесттер де бар.
7 қадам Қорытынды шешім
Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңіз ұнаған негізгі 5-10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңызды екі бөлікке бөліп, плюс және минус жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтынын сызып тастаңыз. Тізімде 3 пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп – ең соңғы шешім қабылдаңыз.
1-оқушы:
мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдерінің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандық таңдауда оқушылар белгілі жазушы, ғалым Жүсіпбек Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегінен де жақсы ақыл кеңестер алуға болады.
2-оқушы:
Автор «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұнын кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.
3-оқушы:
Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады. Психолог мамандардың айтуынша, кез келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келетін мамандықты армандағаннан гөрі алға өмірлік мақсат ретінде қойып жоспар құра білгені жөн.
4-оқушы:
мамандық таңдау – белгілі бір еңгейде моральдық мәселе. Сондықтан әркім өзінің көңіл қалауына ерік беруі керек. Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдау да қиынға соғатыны тағы бар. Өз ісінің бүге-шігесін толық меңгерген кәсіби маман болу үшін икем қабілет және мінез қажет.
5-оқушы:
сондай-ақ енді-енді өзін тұлға ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызметтері бар. Міне, адамның мамандыққа, мамандықтың адамға сай болуы, қоғамның сұранысы, тұлғаның қабілеті, осы үш фактор мамандық таңдауда бірін-бірі толықтырады.
6-оқушы:
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындеқтарға кездеседі.