Өзiн-өзi тану пәні мен интеграцияланган(кіріктірілген) география сабағының жоспары
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы №201 мектеп-лицейдің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Жанашева Алтын Нағыметқызы, география пәнінің мұғалімі Ермаханова Гулдана Ақылдықызы
Тақырыбы: Гидросфера және оның құрамдас бөліктері,қасиеттері.
Су айналымдары
Құндылық: Сүйіпеншілік Қасиеттер: Мейрімділік,адалдық, қамқорлық
Сабақ мақсаты: Тақырыптың мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік жасау. қосымша материалдар арқылы тақырыптың идеясындағы мәселелерді кеңейте қарауға ой салу арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға гидросфераның құрамы, қасиеті, д.ж. су айналымы жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Мейрімділік,адалдық, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Сыртқы интеграция (өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)
5т ережесі, Тыныштық сәті«Орманға саяхат», дәйексөз,топпен ән айту)
Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұныныа интеграциялау)
Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәті. «Орманға ойша саяхат»
5 «Т» ережесін еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.
Топқа бөлу (Суреттер арқылы)
І топ: Гидросфера
ІІ топ: Атмосфера
ІІ топ: Литосфера
І Үйге берілген тапсырма
«Жедел жауап аялдамасы» Сұрақтарға жедел жауап беру.
1.Климат дегеніміз не? (Белгілі бір аумаққа тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығын климат деп атаймыз.)
Адамдардың мінез құлықтарының тұрақтылығымен байланыстыруға болады. Мінезі тұрақты адам дұрыс әрекет жасайды.Оның ойы, сөзі ,ісі бірлікте болады.
2.Ауа райы дегеніміз не? ( Ауа райы дегеніміз-атмосфераның төменгі бөлігінің белгілі бір уақыт аралығындағы жағдайын сипаттау.)
Ауа райы әр күні өзгеріп отырады. Адамның көңіл күйі де белгілі бір жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Егер ауа райы үнемі өзгерісте болса, халыққа тиімсіз. Сол сияқты адамның да көңіл күйі үнемі құбылып отырса, ортаға әсер етеді.Үнемі бірқалыпты болса, адамның бірқалыпты көңіл күйімен салыстыруға болады.Бұл адамның бойында жағымды қасиеттердің қалыптасуы.
3.Климатология деген не? Климатологияның қалыптасып,дамуын зерттеген ғалымдарды ата.(жер шарындағы климаттың қалыптасу заңдылықтарын,климат пен оның жіктелуін және антропогендік әрекеттің климатқа әсерін зерттейтін географияның аса маңызды саласын климатология деп атайды.Климатология ғылымының қалыптасып,дамуына орыс географы А.И.Воейков,неміс жаратылыс зерттеушісі,географы А.Гумбольд және орыс климатологі В.Кеппен зертеулері негіз болды).
4.Метеорология дегеніміз не? (Атмосфераның құрылысы мен құрамын,күннен келетін жылу мөлшерін,ауа массаларының циркуляциясын,ауадағы ылғал айналымын,жауын шашынның пайда болуымен мен жаууын,ауа райының өзгерісін зерттейді.)
Күн барлық тііршілік иелеріне жарық пен жылу береді. Күннің сүйіспеншілі мен қызметі риясыз. Өмірде күн сияқты мейрімді, қайрымды болуға тырысайық.
5. Циклон және антициклон дегеніміз не? (Циклон-атмосфераның ауа массаларықұйын тәріздес қозғалыста болатын төмен қысымды аймағы.Циклон орталық бөлігіне барғанда ауа массалары жоғары көтеріледі де,салқындайды.Соның нәтижесінде су булары қоюланып,бұлт түзіледі,жауын-шашын жауады). (Антициклон-атмосфера қысымы жоғары аймақ.қысым орталағанан шетіне қарай азая береді).
6.Жылыжай эффектісіне анықтама бер. (Күннің қарқынды сәуле шашуы,геомагниттік өріс әсерінің күшеюі,атмосфераның жалпы циркуляциясындағы ғасырлық өзгерістер,соңғы ғасыллардағы адам әрекетінің ерекше қарқын алуы және т.б себеп болуда.Климат өзгерістері Жер шары бойынша жылдық орташа температураның жоғарылауынан (0,5°С-1°С ),жылыжай эффектісінің белең алунан,кейбір аудандарда жауын-шашын мөлшерінің күрт артуынан немесе керісінше күрт азаюынан байқалады.)
7.Эль-Нинью құбылысына сипаттама.(Эль-Нинью құбылысы шамамен 4-6,12-15 жыл аралатып, Тынық мұхиттың Перу суық ағысы өтетінОңтүстік Америка жағалауында қайталанады.Бұл құбылыс желтоқсан-қаңтар айларындағы Рождество мерекесіне тұспа-тұс келетіндіктен,жергілікті халық оны Эль-Нинью,Рождество кезінде туған нәресте деп атаған).
8.Климаттың жалпы жылынуы. (Климаттың жалпы жылынуы мұздықтардың жалпы еруіне,қар сызығының жоғарылауына әсер етеді.дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуіне,су тасқындарының жиі қайталануына себепші болады).
9.Ауаның температурасы 0°С,салыстырмалы ылғалдылық 30%,абсолюттік ылғалдылықты анықта. Х=(5х30):100=1,5 гр
10.Ауаның температурасы +20°С,абсолюттік ылғалдылық 15 гр,салыстырмалы ылғалдылықты тап. Х=(15х100):17=88,2%
11.Жел атаулары:Сипаты жағынан баку маңындағы-норд желі,Францияның жерорта теңіздік жағалауындағы- мистраль желі,Мексика шығанағы жағалауындағы- нортсер желі.
Желдің де пайдасы бар екенін білеміз. жел сияқты тез ашуланатын адамдар болады. Бірақ олар ашуын ақылға жеңдіріп, ар-ұждан даусына құлақ түріп, жүректі тыңдайтын болса, әрекеттері дұрыс болады. Өйткені жел күшті, қайратты. Дұрыс әрекет құндылығы.
12.Сары теңіз бен Филлиппин аралдары маңында қалыптасатын циклондар тайфун,Кариб алабының маңындағы пайда болатын циклон ураган,Аустралияның солтүстік-батыс жағалауында пайда болатын циклондар вилли-вилли .
ІІ “Қызығушылықты ояту” «Жұмбақ жасыру»
А. Аяқсыз - ақ жорғалайды, жүреді.
Ауызы да жоқ, сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ,
Айтыңдаршы, осыны кім біледі?
Б. Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады.
В. Көзге көрінеді
Ұстасаң қолға ілінбейді.
Жұмбақтың шешуі: Судың үш күйі – мұз, бу, су.
Судың үш күйін үш тілде айтайық.
Су-вода-water
Қатты-твёрдый,жесткий-solid
Сұйық-жидкий-liguid
Бу-пар-vapour
Жаңа сабақ.
Тақырыбы: Гидросфера және оның құрамдас бөліктері,қасиеттері. Су айналымдары
Қызықты ақпарат: Су — өмір, адам үшін де, барлық тірі жандар үшін де. Адам тамақсыз 30 күн өмір сүре алады, ал сусыз 3 күн ғана. Ендеше, су — адам үшін өте қажет.- Алма ағашы бір жазда 40 литрден көп су сіңіреді.
Су дене температурасын тұрақтандырады, ағзада азықты, оттегіні тасымалдайды. Су - қанның қоюлануына жол бермейді. Егер адам ағзасына 2 пайыз су жетіспейтін болса, ондай жағдайда адамның ойлау мен жұмыс жасау іс-әрекеті 20 пайызға төмендейді. -Қызанақ 90 пайыз судан тұрады. -Қарбыз 92 пайыз судан тұрады.-Сиырға 1 литр сүт беру үшін 5 литр су ішу керек.-Ер кісінің ағзасы шамамен 70 пайыз судан тұрады.-Ғалымдар судан шыққан дыбыстың, ауадан тараған дыбыстан гөрі жылдам тарайтынына көздері жеткен.
Су мөлдір, таза. Адам да су сияқты мөлдір таза болса адалдықтың , тазалықтың белгісі. Су –сүйіспеншілік құндылығы. Адамға су қаншалықты керек болса, сүйіспеншілік те соншалықты керек. Ал сүйіспеншілік риясыз болу керек. Сондақтан өмірде жер сияқты қайырымды,су сияқты мөлдір таза болуға тырысайық.Яғни су таза риясыз сүиіспеншіліктің белгісі. Таза сүйіспеншілік барлығы үшін ортақ.
Су керемет қасиеттерге ие, түссіз,дәмсіз, иіссіз, кіршіксіз таза,әрі мөлдір. Тірі организмдер судан құрлыққа өткен. Осылайша, дүние жүзінде алты құрлық қалыптасты.
Бір отбасынан тараған алты ұрпақ секілді бір- бірімен ықтымақтастықта, ауыз бірлікте қарым-қатынас жасайды. Оларды тұңғиығы терең мөлдір шексіз су айдыны байланыстырады. Адамдардың ең ізгі қасиеттерінің бірі - бір – біріне қамқорлық жасау болса, мұхит суы да құрлықтар үшін, ондағы адамзат үшін шексіз байланыстырушы мейірім иесі Көптеген өзендер мұхитқа құяды. Сол сияқты сенімдер мен діндер де мұхитқа құятын көптеген өзендер сияқты ең ақырында жалғыз сол ақиқатқа келеді. Өзен қай жерден ақса да , адамдарға , өсімдіктерге , жануарларға пайдасын тигізеді. Біз қайда болсақ та жолымызда кездесетіннің бәріне пайда келтіруіміз керек. Біз әрқашан да сүйіспеншілікке толы болып, басқалармен оны бөлісуіміз керек.
ІV. «Ойтолғаныс». Бекіту тапсырмалары
1- Топ:Географиялық диктант
2- Топ:Географиялық есеп
3 -Топ:«Ұшқыр болсаң ойлан» (халықтық мақал – мәтелдердің жалғасын тап )
Дәйексөз
Су анасы бұлақ ,
Сөз анасы құлақ. Мақал -мәтел
Дәйексөзді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар пікірі)
Судың қасиеттері. Бейне ролик. Оқушылар өз ойларымен бөліседі.
Сұрақтар:
1.Бейнебаяннан қандай ой түйдіңдер?
2. Судың бойындағы қасиеттерді адам қасиеттерімен байланыстыруға бола ма?
3. Неліктен су молекулалары өзгереді?
4. Судан нені үйренуге болады?
Үй тапсырмасы "Судың да сұрауы бар" тақырыбына эссе жазып келу.( Су тапшылығын қалай шешуге болады?)
Сабақтың қорытынды сәтінде Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі.
Бағалау. Критериалды бағалау жүргізіледі.
Топпен ән айту.
«Өмір өзен»(Заман тобының орындауында қосылып айту)
1.Асып-тасып, төгілетін,
Алқынып ұшатын көңіл-ай,
Өзгерместей көрінетін,
Баянсыз бес күндік өмір-ай.
Тасқын болып, тасып тұрған
Жастық шақ алдады таңдамай.
Әлденеге асықтырған
Қызығы басылмас жалған-ай.
Қайырмасы:
Өмір-өзен ағады, әттең,
Өкініштің алауы
Жанымды жеп барады.
Өмір-өзен ағады, әттең,
Менің жаным жаралы.
Қай жағада қалады?
2. Дүниеге алданады
Қомағай көзіміз тоймаған.
Бірақ соның бар ма мәні,
Тек оңаша үнсіз ойланам.
Өткізермін өмірімді
Шабытты оздырып сағатқа,
Жүректегі сенімімді
Сөндіре көрмеші, Жаратқан.
Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
Бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды бойларыңызға сіңіріп жүрегімізде сақтайық. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!