Көлемі жөнінен екінші материк:
A) Евразия
B) Австралия
C) Оңтүстік Америка
D) Африка
E) Солтүстік Америка
Дұрыс жауап: D
Ең ежелгі бір тұтас материк:
A) Лавразия
B) Гоондвана
C) Пангея
D) Австралия
E) Евразия
Дұрыс жауап: C
Жаңа Зеландияны ашқан саяхатшылар:
A) Дж. Кук, Абель Тасман
B) В. Атласов, Р. Скотт
C) Р. Скотт, Дж. Кук
D) Ф.Ф. Беллинсгаузен, Лазарев
E) Н.Н. Миклухо-Маклай
Дұрыс жауап: A
Мұхиттық аралдардың табиғаты мен халқын зерттеген саяхатшы:
A) Н.Н. Миклухо-Маклай
B) Афанасий Никитин
C) Христофор Колумб
D) Фернан Магеллан
E) Джеймс Кук
Дұрыс жауап: A
Жер шарындағы материктер саны
А) 3
В) 6
С) 5
D) 4
Е) 7
Дұрыс жауап: В
Жер шары бетінің жалпы ауданы
А) 149,1 млн км2
В) 361,1 млн км2
С) 510,2 млн км2
D) 54 млн км2
Е) 30,3 млн км2
Дұрыс жауап: С
Құрлықты құрайтын материктер мен аралдардың көлемі
А) 361,1 млн. км2
В) 149,1 млн. км2
С) 53,3 млн. км2
D) 510,2 млн. км2
Е) 30,3 млн. км2
Дұрыс жауап: В
Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы
А) 361,1 млн. км2
В) 149,1 млн. км2
С) 53,3 млн. км2
D) 510,2 млн. км2
Е) 30,3 млн. км2
Дұрыс жауап: А
Жер бедерін қалыптастырушы ішкі күштер:
A) Мантиядағы заттар қозғалысы
B) Сулардың қызметі
C) Мұздықтардың жұмысы
D) Үгілу
E) Жел
Дұрыс жауап: A
Материктік және мұхиттық тақталар шектесетін аймақтардың жағалық бөлігі:
A) Қазаншұнқыр
B) Материктік қайраң
C) Материктік беткей
D) Шұңғыма
E) Су асты жоталары
Дұрыс жауап: C
Жер қыртысының түрлері
А) Литосфералық
В) Тақталық және қалқандық
С) Материктік және мұхиттық.
D) Теңіздік және материктік.
Е) Теңіздік.
Дұрыс жауап: С
Литосфералық тақталардың қалыңдығы шамамен
А) 5-15 км
В) 35-40 км
С) 70-80 км
D) 60-100 км
Е) 80-120 км
Дұрыс жауап: D
Жер қыртысының тегістелген, тұрақты бөліктері
А) Литосфералық тақталар.
В) Платформалар.
С) Геосинклинальдар.
D) Таулар.
Е) Жазықтар.
Дұрыс жауап: В
Ежелгі платформалардың қатты кристалды жыныстарының жер бетіне шығып жатқан бөлігі
А) Тақта
В) Геосинклиналь
С) Қалқан
D) Платформа
Е) Рифт
Дұрыс жауап: С
Платформалардың шөгінді жыныстар жауып жатқан бөлігі
А) Тақта
В) Геосинклиналь
С) Қалқан
D) Платформа
Е) Рифт
Дұрыс жауап: А
Жер қыртысының қозғалмалы белдеулері
А) Тақта
В) Геосинклиналь
С) Қалқан
D) Платформа
Е) Рифт
Дұрыс жауап: В
Пішіні, көлемі, жасы, биіктігі бойынша жер бетінің сипаты
А) Табиғат компоненттері
В) Жер бедері
С) Тік қозғалыстар
D) Сыртқы күштер әрекеті
Е) Үгілу
Дұрыс жауап: В
Жер бедері дегеніміз
А) Жер бетінің ойлы-қырлы сипаты
В) Табиғат компоненттерінің жиынтығы
С) Ішкі және сыртқы күштердің әсері
D) Ғасырлық тербелмелі қозғалыстар
Е) Үгілу өнімдерінің тасымалдануы
Дұрыс жауап: А
Мұхит табанының ең басты ерекшелігі ... болуы
А) Материктік қайраңдардың
В) Материктік беткейлердің
С) Су асты жоталарының
D) Ірі жазықтықтардың
Е) Терең ойыстардың
Дұрыс жауап: С
Белгілі климат зерттеуші ғалым:
A) Н.Н. Баранский
B) Б.П. Алисов
C) А. Вегенер
D) В.В. Докучаев
E) Қ. Сәтбаев
Дұрыс жауап: B
Жер шарында климаттық белдеулердің қалыптасу .... байланысты
А) Жер бетіне түсетін күн жылуының мөлшеріне.
В) Қысымның таралуына.
С) Жауын-шашынның таралуына.
D) Ауа қозғалысына.
Е) Жердің өз білігінен айналуына.
Дұрыс жауап: А
Ауа массалары дегеніміз
А) Атмосфералық қысым.
В) Жел.
С) Жауын-шашын.
D) Бір текті қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауа.
Е) Температура.
Дұрыс жауап: D
Жер шарындағы Б.П.Алисов ажыратқан климаттық белдеулер саны
А) 10
В) 11
С) 12
D) 13
Е) 14
Дұрыс жауап: D
Тұрақты желдердің қалыптасуы ... байланысты
А) Қысым белдеулеріне.
В) Жер бедеріне.
С) Биіктікке.
D) Ағыстарға.
Е) Климаттық белдеулерге.
Дұрыс жауап: А
Ауа массаларының негізгі түрлері
А) Субарктикалық, қоңыржай, субэкваторлық, экваторлық.
В) Арктикалық, қоңыржай, тропиктік, экваторлық.
С) Тропиктік, субэкваторлық, экваторлық.
D) Қоңыржай, тропиктік.
Е) Субтропиктік, арктикалық, субэкваторлық.
Дұрыс жауап: В
Пассаттар дегеніміз
А) Экватордан екі жарты шарға соғатын желдер.
В) Солтүстік шығыстан соғатын желдер.
С) Экваторға қарай 30-шы ендіктердегі жоғарғы қысым белдеуінен соғатын желдер.
D) Оңтүстік жарты шарда соғатын желдер.
Е) Оңтүстік батыстан соғатын желдер.
Дұрыс жауап: С
Белгілі бір жерге тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанатын құбылысы
А) Ауа райы
В) Атмосфералық құбылыс
С) Климат
D) Ауа температурасы
Е) Атмосфералық қысым
Дұрыс жауап: С
Картада температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар
А) Изотерма
В) Изобара
С) Изогиста
D) Изосызық
Е) Горизонтальдар
Дұрыс жауап: А
Картада қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтар
А) Изотерма
В) Изобара
С) Изогиста
D) Изосызық
Е) Горизонтальдар
Дұрыс жауап: В
Картада жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтар
А) Изотерма
В) Изобара
С) Изогиета
D) Изосызық
Е) Горизонтальдар
Дұрыс жауап: С
Негізгі климаттық белдеулерді белгіле
А) Экваторлық, субтропиктік
В) Субэкваторлық, тропиктік
С) Тропиктік, қоңыржай
D) Субарктикалық, субтропиктік
Е) Арктикалық, субэкваторлық
Дұрыс жауап: С
Өтпелі климаттық белдеулерді белгіле
А) Экваторлық, субтропиктік
В) Субэкваторлық, тропиктік
С) Тропиктік, қоңыржай
D) Субарктикалық, субтропиктік
Е) Арктикалық, субэкваторлық
Дұрыс жауап: D
Дүниежүзілік мұхит суының алабы(млн.км²) :
A) 149
B) 510
C) 361
D) 250
E) 300
Дұрыс жауап: C
Атлант мұхитының ең терең жері:
A) Зонд шұңғымасы
B) Мариан шұңғымасы
C) Пуэрто-Рико шұңғымасы
D) Өлі теңіз
E) М. Ломоносов атындағы шұңғыма
Дұрыс жауап: C
Дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғары тұздылық (‰) :
A) 34
B) 36
C) 33
D) 41
E) 45
Дұрыс жауап: D
Дүниежүзілік мұхиттың балыққа ең бай аудандары:
A) Полюс маңы
B) Қоңыржай ендіктер
C) Экватор маңы
D) Тропиктер
E) Поляр шеңбері
Дұрыс жауап: B
Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты суық ағыс:
A) Гольфстрим
B) Куросио
C) Оңтүстік Пассат
D) Батыс желднр ағысы
E) Бенгал
Дұрыс жауап: D
Мұхит суының басты қасиеттері
А) Мұхит суының құрамы
В) Температурасы мен тұздылығы
С) Буланушылық
D) Жауын-шашын мөлшері
Е) Ендік бойынша өзгеруі
Дұрыс жауап: В
Мұхит суының тұздылығы дегеніміз
А) Суда еріген тұздар мен газдар
В) 1 л суда еріген тұздың мөлшері
С) Мұхит суының құрамы
D) Органикалық заттар
Е) Табиғи минералдар
Дұрыс жауап: В
Мұхит суының орташа тұздылығы /% есебімен/
А) 33
В) 34
С) 35
D) 36
Е) 37
Дұрыс жауап: С
Мұхит суының қату температурасы
А) 0°
В) -1°
С) -2°
D) -3°
Е) -4°
Дұрыс жауап: С
Дүниежүзілік мұхиттың мұздар басып жатқан ауданы
А) 10%
В) 12%
С) 15%
D) 20%
Е) 22%
Дұрыс жауап: С
Су массалары дегеніміз
А) Мұхит суының зор көлемді алып жатқан бөлігі
В) Судың тығыздығы
С) Судың мөлдірлігі
D) Судағы тіршілік дүниесі
Е) Оттегінің мөлшері
Дұрыс жауап: А
Дүние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс
А) Батыс желдер
В) Гольфстрим
С) Куросио
D) Бенгел
Е) Солтүстік Тынық мұхит
Дұрыс жауап: В
Дүниежүзілік мұхиттың балыққа ең бай ауданы
А) Материктік қайраңдар
В) Мұхит түбі
С) Экватор аймағы
D) Қоңыржай ендіктер
Е) Полярлық ендіктер
Дұрыс жауап: D
Ең ірі табиғат кешені
А) Материктер
В) Мұхиттар
С) Аралдар
D) Географиялық қабық
Е) Теңіздер
Дұрыс жауап: D
Литосфераның жоғарғы, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасқан табиғат кешені
А) Атмосфера.
В) Гидросфера.
С) Географиялық қабық.
D) Биосфера.
Е) Литосфера.
Дұрыс жауап: С
Географиялық қабықтың маңызды заңдылықтары
А) Тұтастығы, зат айналымы.
В) Зат және энергия айналымы.
С) Ырғақтылығы мен зоналылығы.
D) Зоналылығы, тұтастығы,
Е) Тұтастығы, зат және энергия айналымы, ырғақтылығы, зоналылығы.
Дұрыс жауап: Е
Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешендері
А) Таулар.
В) Жазықтар.
С) Материктер мен мұхиттар.
D) Теңіздер.
Е) Антропогендік табиғат кешендері.
Дұрыс жауап: С
Адам әрекетінің ықпалымен қалыптасатын табиғат комплекстері:
A) Ландшафтық
B) Антропогендік
C) Мұхиттық
D) Жазықтық
E) Таулық
Дұрыс жауап: B
Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешені:
A) Өзен
B) Көл
C) Арал
D) Түбек
E) Материк
Дұрыс жауап: E
Адам әрекеті нәтижесінде өзгеріске ұшыраған табиғат кешендері:
A) Биогендік
B) Неогендік
C) Антрогендік
D) Органогендік
E) Палеогендік
Дұрыс жауап: C
Географиялық қабықтың ырғақтылық заңдылығы:
A) Судың булануы
B) Желдің соғуы
C) Күн мен түннің ауысуы
D) Мұздардың еруі
E) Өсімдіктердің өсуі
Дұрыс жауап: C
Температура жағдайы, ылғалдылығы, топырағы, өсімдіктер мен жануарлары бір-бірімен байланысқан ірі табиғат кешені
А) Климаттық белдеу.
В) Жазықтар.
С) Таулар.
D) Табиғат зонасы.
Е) Ормандар.
Дұрыс жауап: D
Таулардағы табиғат зонасының алмасуы ... деп аталады
А) Биіктік белдеулік
В) Таулы зона
С) Ендік зона
D) Тауларда табиғат зоналары болмайды
Е) Табиғат зонасы.
Дұрыс жауап: А
Таудағы биіктік белдеулердің саны ... байланысты
А) Табиғат зоналарына
В) Жауын-шашын мөлшеріне
С) Түсетін жарық мөлшеріне
D) Жылу мөлшеріне
Е) Таудың георграфиялық орны мен биіктігіне
Дұрыс жауап: Е
Евразияның шығыс шеткі нүктесі:
A) Челюскин
B) Дежнева
C) Игольный
D) Пиай
E) Рока
Дұрыс жауап: B
Қытай тілінен аударғанда “сары” деген мағынаны білдіретін өзен:
A) Янцзы
B) Хуанхэ
C) Сырдария
D) Әмудария
E) Ганг
Дұрыс жауап: B
Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау:
A) Ключи шоқысы
B) Фудзияма
C) Этна
D) Гекла
E) Везувий
Дұрыс жауап: A
Жер шарындағы ең терең көл:
A) Каспий
B) Арал
C) Балқаш
D) Байкал
E) Зайсан
Дұрыс жауап: D
Шри-Ланка аралында өндірілетін асыл тастар:
A) Күміс
B) Алтын
C) Сапфир
D) Платина
E) Қола
Дұрыс жауап: C
Қысы жұмсақ,қаңтардың орташа температурасы 0ºС-тан жоғары,ауа райы құбылмалы болатын климаттық белдеу:
A) Арктикалық
B) Субарктикалық
C) Шұғыл континенттік
D) Қоңыржай теңіздік
E) Тропиктік
Дұрыс жауап: D
Қарағай,шырша,майқарағай өсетін табиғат зонасы:
A) Тундра
B) Тайга
C) Арктикалық шөлдер
D) Аралас ормандар
E) Орманды тундра
Дұрыс жауап: B
Еуразияның аралдармен қоса есептегендегі ауданы
А) 30,3 млн км2
В) 24,2 млн км2
С) 53,3 млн км2
D) 14 млн км2
Е) 18,3 млн км2
Дұрыс жауап: С
Орталық Азия табиғатын зерттеген саяхатшылар
А) Челюскин, Дежнев.
В) Берг, Мушкетов.
С) Северцев, Беринт.
D) Пржевальский, Семенов, Уәлиханов.
Е) Воейков, Хабаров.
Дұрыс жауап: D
Евразияның оңтүстік шеткі нүктесі
А) Челюскин мүйісі
В) Рока мүйісі
С) Дежнев мүйісі
D) Пиай мүйісі
Е) Нордкин мүйісі
Дұрыс жауап: D
Евразияның ең биік щыңы
А) Эльбрус
В) Эверест
С) Жеңіс
D) Монблан
Е) Мұзтау
Дұрыс жауап: В
Үлкен Зонд аралындағы жанартау
А) Фудзияма
В) Ключи Шоқысы
С) Гекла
D) Этна
Е) Кракатау
Дұрыс жауап: Е
Евразияда көлдердің солтүстік-батыста жиі орналасуының себебі
А) Мұздықтардың қазу әрекеті
В) Климат ерекшеліктері
С) Жер бедерінің сипаты
D) Адамның шаруашылық әрекеті
Е) Жер қыртысындағы жарықтардың болуы
Дұрыс жауап: А
Субэкваторлық климаттық белдеуде орналасқан зона
А) Шөлейттер мен шөлдер
В) Қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар
С) Саванналар мен ылғалды ормандар
D) Дала, шөлейт
Е) Орманды дала, дала
Дұрыс жауап: С
Мариан шұңғымасының тереңдігі:
A) 8848 м
B) 11022 м
C) 4708 м
D) 8772 м
E) 6671 м
Дұрыс жауап: B
Ауданы жөнінен ең кіші және ең суық мұхит:
A) Солтүстік Мұзды
B) Атлант
C) Оңтүстік
D) Тынық
E) Үнді
Дұрыс жауап: A
“Үлкен жел” деген мағынаны білдіретін дауылдар:
A) Торнадо
B) Смерч
C) Тайфун
D) Цунами
E) Толқын
Дұрыс жауап: C
Судың ең жоғары беткі температурасы (+34º С) байқалатын шығанақ:
A) Бенгал
B) Парсы
C) Бискай
D) Гвинея
E) Мексика
Дұрыс жауап: B
Евразияның күшті тілімделген жағалаулары
А) Оңтүстігі мен шығысы
В) Шығысы мен солтүстігі
С) Солтүстігі мен батысы
D) Батысы мен шығысы
Е) Солтүстігі мен оңтүстігі
Дұрыс жауап: D
Дүние жүзіндегі ең үлкен арал:
A)Куба
B)Гаити
C)Баффин
D)Гренландия
E)Элсмир
Дұрыс жауап: D
Ньюфаунленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашқан:
A)Генри Гудзон
B)Эрнан Кортес
C)Джон Кабот
D)Витус Беринг
E)Александр Маккензи
Дұрыс жауап: C
Арктикалық ауа массаларының материктің ішкі бөлігіне терең бойлай ену себебі:
A)Пассаттардың әсерінен
B)Батыс желдер әсерінен
C)Суық ағыстар әсерінен
D)Жылы ағыстар әсерінен
E)Материктің солтүстігінде таудың болмауы
Дұрыс жауап: E
Кордильер тау жүйесінің пайда болу себебі:
A)Жанартау әрекеті
B)Мұз басу әсері
C)Литосфералық тақталардың соқтығысуы
D)Жер сілкіну әсері
E)Су басу әсері
Дұрыс жауап: C
Оңтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесі:
A) Горн
B) Гальинас
C) Париньяс
D) Фроуэрд
E) Марьято
Дұрыс жауап: C
Оңтүстік Американы Отты Жер аралынан бөліп тұрған бұғаз:
A) Дрейк
B) Панама
C) Флорида
D) Магеллан
E) Гибралтар
Дұрыс жауап: D
Анды тауының биіктігі:
A) 8848 м
B) 5895 м
C) 6960 м
D) 4807 м
E) 6194 м
Дұрыс жауап: C
Оңтүстік Американың түсті және сирек металдарға бай аймағы:
A) Бразилия таулы үстірті
B) Амазонка ойпаты
C) Анд тауы
D) Патагония
E) Ла-Плата ойпаты
Дұрыс жауап: С
Оңтүстік Америка өзендері суының мол болып келуі себебі:
A) Өзендер бастарын биік таулардан алады
B) Жауын-шашын мол түсуінен
C) Басым желдердің болмауынан
D) Басым желдердің соғуынан
E) Ағыстардың әсерінен
Дұрыс жауап: В
Жыл бойы ауа температурасы +25ºС-тан төмен түспейді,жауын-шашын мөлшері 1500-3000 мм болатын климаттық белдеу:
A) Субэкваторлық
B) Қоңыржай
C) Тропиктік
D) Экваторлық
E) Субтропиктік
Дұрыс жауап: D
Оңтүстік Американың аралдармен қоса ауданының көлемі
А) 24,2 млн км2
В) 18,3 млн км2
С) 14 млн км2
D) 30,3 млн км2
Е) 9 млн км2
Дұрыс жауап: В
XVIII ғ. соңы мен XIX басында Оңтүстік Американы зерттеген неміс ғалымы
А) А.Воейков
В) Т.Барт
С) А.Гумбольдт
D) А.Оферберг
Е) Н.Вавилов
Дұрыс жауап: С
Батыс Жарты шардың ең биік нүктесі
А) Чимборасо
В) Аконкагуа
С) Мак-Кинли
D) Митчелл
Е) Гвиана
Дұрыс жауап: В
Жапырағының диаметрі 2 м-ге жететін өсімдік
А) Какао
В) Гевея
С) Хина
D) Бразилия жаңғағы
Е) Виктория-регия
Дұрыс жауап: Е
Льянос - бұл
А) Ылғалды экваторлық ормандар
В) Субтропиктік дала
С) Шөлейт
D) Ориноко саваннасы
Е) Браилия саваннасы
Дұрыс жауап: D
Кампос - бұл
А) Ылғалды экваторлық ормандар
В) Субтропиктік дала
С) Шөлейт
D) Ориноко саваннасы
Е) Бразилия саваннасы
Дұрыс жауап: Е
Маракайбо атауының Оңтүстік Америкадағы географиялық объектіге қатысы
А) Өзен
В) Көл
С) Үстірт
D) Жазық
Е) Сарқырама
Дұрыс жауап: В
Оңтүстік Америка жағалауындағы ең ірі арал
А) Галапогос.
В) Отты Жер.
С) Фолкленд.
D) Куба
Е) Гаити
Дұрыс жауап: В
Оңтүстік Америкадағы және жер шарындағы ең ірі ойпат
А) Ла-Плата
В) Амазанка
С) Ориноко
D) Гвиана
Е) Бразилия
Дұрыс жауап: В
Амазонканың жыл бойы суының мол болу себебі
А) Тауда қар көп ериді
В) Биік таудан басталады.
С) Салалары көп.
D) Экватор аймағында ағып жатыр.
Е) Амазонканың суы мол болмайды.
Дұрыс жауап: D
Оңтүстік Америкада “сельвас” деп атайды
А) Қызыл ферралитті топырақты.
В) Саванналарды.
С) Биіктік белдеулерді.
D) Қалың ормандарды.
Е) Ағаш тәріздес папоротниктерді
Дұрыс жауап: D
Екі материкте орналасқан Африка мемлекеті:
A) Египет
B) Конго
C) Марокко
D) Тунис
E) Эфиопия
Дұрыс жауап: A
Көлемі жөнінен Африкадан үлкен материк:
A) Солтүстік Америка
B) Антарктида
C) Евразия
D) Оңтүстік Америка
E) Австралия
Дұрыс жауап: C
Альпі мен Гималай тауларымен бір мезгілде қалыптасқан Африканың таулары:
A) Эфиопия таулы қыраты
B) Атлас таулары
C) Шығыс Африка таулары
D) Митумба тауы
E) Дракон таулары
Дұрыс жауап: B
Африканың жанартаулар көп орналасқан аймағы:
A) Шығыс Африка таулары
B) Атлас таулары
C) Мадагаскар аралы
D) Сахара шөлі
E) Намиб шөлі
Дұрыс жауап: A
Африкада биік, әрі ұзын тау тізбектерінің болмауы:
A) Экватор материкті қиып өтеді
B) Геосинклинальды аймақта орналасқан
C) Жауын-шашын көп жауады
D) Ежелгі платформада орналасқан
E) Сейсмикалық аймақта орналасқан
Дұрыс жауап: D
Африкада суық ағыстар ... септігін тигізеді:
A) Жауын-шашынның көбеюіне
B) Жауын-шашынның азаюына
C) Жауын-шашынның маусым бойынша біркелкі таралуына
D) Жауын-шашынның жаз кезінде көп түсуіне
E) Жауын-шашынның маусым бойынша біркелкі таралмауына
Дұрыс жауап: B
Африка елдері:
A) Алжир, Сирия, Иордания
B) Судан, Камерун, Либерия
C) Нигер, Непал, Гвиана
D) Колумбия, Парагвай, Уругвай
E) Суринам, Судан, Чад
Дұрыс жауап: B
Африка жағалауын мұхит шайып жатыр?
А) 1
В) 2
С) 3
D) 4
Е) 5
Дұрыс жауап: В
Африка материгіндегі ең ежелгі мемлекет
А) ОАР
В) Египет
С) Алжир
D) Сомали
Е) Мозамбик
Дұрыс жауап: В
Конго өзенінің алабы орналасқан климаттық белдеу
А) Субтропиктік және тропиктік
В) Экваторлық
С) Субэкваторлық және тропиктік
D) Экваторлық және тропиктік
Е) Қоңыржай
Дұрыс жауап: В
Африканың ең биік нүктесі
А) Атлас
В) Кап
С) Килиманджаро
D) Айдаћар
Е) Шығыс Африка
Дұрыс жауап: С
Африкадағы жер қыртысының ең ірі жарығы өтетін ауданы
А) Шығыс Африка таулы қыраты
В) Тибести таулы қыраты
С) Ахаггар таулы қыраты
D) Дарфур үстірті
Е) Аир үстірті
Дұрыс жауап: А
Секретарь құсы тіршілік ететін зона
А) Саванналар
В) Қоңыржай белдеудің шөлдері
С) Прерийлер
D) Тропиктік шөлдер
Е) Экваторлық ормандар
Дұрыс жауап: А
Африканың ең биік нүктесінің биіктігі /м/
А) 5895
В) 4925
С) 6698
D) 7135
Е) 5100
Дұрыс жауап: А
Африкадағы жауын-шашынның ең көп жауатын жері
А) Жерорта теңізінің жағалауы
В) Мадагаскар аралы
С) Үнді мұхиты жағалауы
D) Гвинея шығанағы жағалауы
Е) Материктің оңтүстігі
Дұрыс жауап: D
Африканың оңтүстік-батысындағы жағалық шөл
А) Үлкен Нефуд
В) Виктория
С) Намиб
D) Атакама
Е) Руб-эль-Хали
Дұрыс жауап: С
Африканың ауыл шаруашылығына қолайлы табиғат зонасы
А) Экваторлық ормандар
В) Шөлдер
С) Шөлейттер
D) Тропиктік Сельвао
Е) Қатты жапырақты ормандар
Дұрыс жауап: Е
Экваторлық ормандардың бойы аласа адамдары
А) Эфиоптар
В) Пигмейлер
С) Бурлар
D) Берберлер
Е) Тутси мен химилер
Дұрыс жауап: В
Солтүстік Африканың ең бойшаң адамдары
А) Эфиоптар
В) Пигмейлер
С) Бурлар
D) Берберлер
Е) Тутси мен химилер
Дұрыс жауап: Е
Африкадағы ХХ ғасырдың басындағы тәуелсіз елдер
А) ОАР, Египет
В) Алжир, Либия
С) Либерия, Эфиопия
D) Тунис, Марокко
Е) Судан, Нигерия
Дұрыс жауап: С
Африкадағы ең жоғары дамыған ел
А) Египет
В) Алжир
С) Намибия
D) ОАР
Е) Эфиопия
Дұрыс жауап: D
ОАР аумағындағы ірі ұлттық парк
А) Крюгер
В) Рувензори
С) Серенгети
D) Цаво
Е) Вирунга
Дұрыс жауап: А
Жер шарындағы ең кіші материк
А) Африка.
В) Солтүстік Америка.
С) Оңтүстік Америка.
D) Антарктида.
Е) Австралия
Дұрыс жауап: Е
Аустралияның ең құрғақ материк деп аталуы
А) 2/3 бөлігін шөлдер алып жатуы
В) Теңіз деңгейінен төмен орналасуы
С) Құрлықтан ерте бөлініп қалуы
D) Суық ағыстардың әрекеті
Е) Жер бедерінің сипаты
Дұрыс жауап: А
{Сложность}=С
Аустралияның ең биік нүктесі
А) Үлкен Суайрық жотасы
В) Аустралия Альпісі
С) Косцюшко тауы
D) Үлкен Артезиан алабы
Е) Куперс-Крик
Дұрыс жауап: С
Аустралияның ... тас көмірдің ірі кен орындары шоғырланған
А) Батысында
В) Оңтүстік-шығысында
С) Солтүстігінде
D) Орталығында
Е) Оңтүстік-батысында
Дұрыс жауап: В
Аустралиядағы жаз айлары аралығы
А) Шілде-тамыз аралығы
В) Қыркүйек-қазан аралығы
С) Желтоқсан-ақпан аралығы
D) Наурыз-мамыр аралығы
Е) Маусым-шілде аралығы
Дұрыс жауап: С
Аустралиядағы уақытша кеуіп қалатын өзен арналары
А) Қалдық көлдер
В) Криктер
С) Өзен жүйелері
D) Тұйық алаптар
Е) Вадилер
Дұрыс жауап: В
Скрэб ... табиғат зонасына тән
А) Ылғалды субтропиктік ормандар
В) Ылғалды тропиктік ормандар
С) Саванналар
D) Ормандар
Е) Тропиктік шөл және шөлейттер
Дұрыс жауап: Е
Аустралияның байырғы халқы
А) Метистер
В) Негрлер
С) Аборигендер
D) Ағылшындар
Е) Папуастар
Дұрыс жауап: С
Аустралияда халықтың тығыз қоныстанған аймағы
А) Солтүстігі
В) Орталығы
С) Шығысы
D) Оңтүстігі
Е) Батысы
Дұрыс жауап: С
Австралияның органикалық дүниесінің ерекше болу себебі:
А) Материктің кіші болуы.
В) Материктің басқа материктерден өте ертеде бөлініп
С) Материктің басқа материктерден ерте пайда болған
D) Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің сырттан әкелінуі.
Е) Ешқандай ерекшелігі жоқ.
Дұрыс жауап: С
Ең кіші, ең құрғақ және халық ең аз қоныстаған материк:
A) Антарктида
B) Африка
C) Австралия
D) Оңтүстік Америка
E) Солтүстік Америка
Дұрыс жауап: C
Австралияның ең биік нүктесі:
A) Монблан
B) Косцюшко
C) Аконкагуа
D) Орибаса
E) Камерун
Дұрыс жауап: B
Оңтүстік тропик материкті дәл ортасынан кесіп өтуі мынаған әкеп соғады:
A) Жауын-шашынның бірдей мөлшерде таралуына
B) Көпшілік бөлігіне жауын-шашынның аз түсуіне
C) Жағалауларда жылы ағыстардың болуына
D) Жер бедерінің тегіс болып келуіне
E) Жер бедерінің ойыс болып келуіне
Дұрыс жауап: B
Жаңа Зеландияның астанасы:
A) Канберра
B) Кейптаун
C) Вашингтон
D) Веллингтон
E) Мельбурн
Дұрыс жауап: D
Тынық мұхитындағы ең терең жер:
A) Пуэрто-Рико
B) Зонд
C) Атлант мұхитының шұңғымасы
D) Мариан шұңғымасы
E) Ломоносов шұңғымасы
Дұрыс жауап: D
Тынық мұхитындағы ең үлкен жанартаулық аралдар:
A) Филиппин
B) Индонезия
C) Гавай
D) Фиджи
E) Тасман
Дұрыс жауап: C
Жаңа Гвинея аралының байырғы тұрғындары:
A) Папуастар
B) Маори
C) Ағылшындар
D) Канадалықтар
E) Пигмейлер
Дұрыс жауап: А
Мұхит аралдарының табиғаты мен халқы жөнінде ғылыми еңбектер жазып қалдырған ғалым
А) Дж. Кук
В) Ф. Магеллан
С) Н. Н. Миклухо Маклай
D) А. Тасман
Е) Х. Колумб
Дұрыс жауап: С
Тынық мұхитының ауданы /млн.км2 /
А) 91,7
В) 76,2
С) 14,8
D) 178,6
Е) 361,1
Дұрыс жауап: D
«Қара аралдар» атауы тән аралдар тобы
А) Полинезия
В) Меланезия
С) Микронезия
D) Сейшель
Е) Андаман
Дұрыс жауап: В
Жер шарындағы ең ірі маржан түзінділері
А) Мальдив аралдары
В) Гавай аралдары
С) Үлкен Тосқауыл рифі
D) Багам аралдары
Е) Соломон аралдары
Дұрыс жауап: С
Мұхит аралдарындағы ең ірі, жақсы дамыған ел
А) Папуа-Жаңа Гвинея
В) Жаңа Зеландия
С) Соломон аралдары
D) Палау
Е) Тувалу
Дұрыс жауап: В
Антарктиданың үстінде жылдың жиынтық радиациясының мөлшері көп, бірақ ауа температурасы төмен болуы:
A) Үнемі қатты жел соғып тұрады
B) Шағылысу жоғары
C) Мұхиттан валыс орналасқан
D) Жылы ағыстар жоқ
E) Жер бедеріне байланысты
Дұрыс жауап: B
Антарктидадағы сөнбеген жанартау:
A) Эльбрус
B) Этна
C) Эребус
D) Гекла
E) Килиманджаро
Дұрыс жауап: C
Антарктида материгінің ашылған жылы
А) 1817
В) 1820
С) 1826
D) 1911
Е) 1912
Дұрыс жауап: В
Антрактиданы ашқан саяхатшылар
А) Р.Скотт
В) Р.Амундсен
С) Дж.Кук
D) В.Беринг
Е) Ф.Беллинсгаузен, М.Лазарев
Дұрыс жауап: Е
Антарктида «шұраттары» деп аталады
А) Жыл бойы мұз жамылғысы болмайтын жерлерді
В) Жазда мұз жамылғысы болмайтын жерлерді
С) Жазда бұталар мен шөптер өсетін жерлерді
D) Жерасты сулары жақын жатқан жерлерді
Е) Шағын бұлттар түзілетін жерлерді
Халықаралық геофизикалық жыл
А) 1955-1956
В) 1957-1958
С) 1959-1960
D) 1910-1911
Е) 1920-1921
Дұрыс жауап: В
Антарктида жағалауындағы құстың ерекше түрі
А) Дауылпаз
В) Теңіз шағаласы
С) Су құзғыны
D) Пингвин
Е) Марабу
Дұрыс жауап: D
Антарктида климатына тән басты ерекшелік
А) Жердегі ең суық материк.
В) Жылы жаз болмайды.
С) Қысқы орташа температура -60ғ-70ғС.
D) Жаз кезіндегі температура 30ғ-50ғС
Е) Мұз жамылғысының әсерінен күн сәулесінің үлкен мөлшері кері шағылады.
Дұрыс жауап: А
Солтүстік Американың ауданы жөнінен алатын орны
А) 1
В) 2
С) 3
D) 4
Е) 5
Дұрыс жауап: С
Алясканы ашып, зерттеуге үлес қосқан орыс саяхатшылары
А) Колумб, Магеллан.
В) Кортес, Макензи.
С) Гудзон, Кабот.
D) Беринг, Чириков.
Е) Амундсен, Скотт.
Дұрыс жауап: D
Солтүстік Американың түбектерін көрсет
А) Аляска, Калифорния, Малакка, Сомали.
В) Аляска, Калифорния, Лабрадор, Флорида.
С) Лабрадор, Таймыр, Флорида, Юкатан.
D) Юкатан, Пиреней, Балкан, Камчатка.
Е) Флорида, Скандинавия, Йорк, Таймыр.
Дұрыс жауап: В
Солтүстік Америкадағы ең суы мол өзен
А) Миссисипи.
В) Колорадо.
С) Макензи.
D) Ниагара.
Е) Юкон.
Дұрыс жауап: А
Солтүстік Америкада көлдер жиі орналасқан бөлік.
А) Орталық.
В) Солтүстік.
С) Оңтүстік.
D) Батыс.
Е) Шығыс.
Дұрыс жауап: В
Солтүстік Америкада “прерий” деп атайды
А) Орманды даланы.
В) Саванналарды.
С) Тропиктік шөлдерді.
D) Биік шөптерден тұратын далаларды.
Е) Ылғалды мәңгі жасыл ормандарды.
Дұрыс жауап: D
Солтүстік Американың оңтүстік жағалауындағы ең ірі шығанақ
А) Гудзон
В) Мексика
С) Калифорния
D) Әулие Лаврентий
Е) Фанди
Дұрыс жауап: В
Ниагара сарқырамасы ... көлдерінің аралығында орналасқан
А) Жоғарғы және Мичиган
В) Мичиган және Гурон
С) Гурон және Эри
D) Эри және Онтарио
Е) Онтарио және Мичиган
Дұрыс жауап: D
АҚШ аумағында 1872 жылы ұйымдастырылған дүние жүзіндегі алғашқы ұлттық саябақ
А) Гранд-Каньон
В) Йеллоустоун
С) Секвойя
D) Эверглейдс
Е) Катмай
Дұрыс жауап: В