Шортанбай орта мектебі
Өткізген: Казиева Т.М
Сынып : 5 «а»
Сыныбы: 5 «а»
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Табиғи қоршаған орта және адамның ондағы орны
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Ғаламшарымыздағы табиғи орта мен ондағы ағзалардың бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүруін, таралуын түсіндіру;
Тәрбиелік: Тіршілік ортасы туралы түсінік бере отырып, табиғи ортаның алуан түрлілігін түсіне білуге үйретіп, эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу;
Дамытушылық: Жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті дамыту, білім деңгейін тереңдету, техникалық құралдар арқылы қызығушылығын арттыру;
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын
Көрнекілігі: Оқулық, сызбалар, интерактивті тақта, түрлі түсті карточкалар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Тапсырмалар орындау
V. Бекіту сұрақтары
VI. Қорытындылау
VII. Үйге тапсырма
VIIІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысын түгендеп алу.
ә) Оқушылардың екі топқа бөліп назарын сабаққа аудару. (түстер арқылы топтарға бөлу)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Үй тапсырмасы бойынша §52-53 Бірлестіктердің түрлері
Кім жылдам?
І топ «Жануарлар» (табиғи бірлестіктер)
Жануарлар мен өсімдіктер бір бірімен байланысты ,яғни олар қандай бірлестік құрайды?
(Қай жерде болмасын өсімдіктер мен жануарлар мен өсімдіктер бір –бірімен байланыста, көмек бере отырып, тіршілік етеді. Яғни олар жалпыға ортақ бірлестікті құрайды. )
Өсімдіктер кімдер үшін негізгі қорғаныш көзі? ( жануарлар үшін)
Жануарлар өсімдіктер тұқымын жан жаққа таралуына қандай қызмет атқарады? (тасмалдаушы)
Тасмалдаушы қызметті қалай атқарады?
Табиғи бірлестіктегі маңызды рөлдің бірі?
ІІ топ «Өсімдіктер» (жасанды бірлестіктер)
Ежелгі заманнан бері адамдар табиғи өсімдіктерді қалай өздерінің қажетіне пайдаланады?
Әрбір жасанды бірлестіктердің негізгі өсімдіктері бар. Оларға мысал келтір? (бидай, алма ағашы)
Жасанды бірлестіктердің түрлерін ата
Табиғи бірлестікте негізгі өндіруші ағзалар?
Не себепті егістік жерлер, бау-бақша, тек қана адамның көмегімен дамиды?
Венн диаграммасы
Жасанды және табиғи бірлестіктердің қандай айырмашылығы бар?
III. Жаңа сабақ
Осымен оқушылар өткен сабақты қортындылай келе біз табиғи және жасанды бірлестіктерді не екенін оқып үйредік, яғни олардың бір-бірінен айырмашылығын ажырата білдік. Қай жерде болмасын жануарла мен өсімдіктер бір –бірімен байланыста, көмек бере отыры, тіршілік етеді. Яғни олар жалпыға ортақ бірлестікті құрайды.
Тіршілік ортасы дегеніміз – тірі ағзалардың бір-бірімен байланысып өмір сүретін табиғаттың бір бөлігі.Біздің ғаламшарымызда тірі ағзалар 4 түрлі тіршілік ортасына бейімделген.
Олар:
1. сулы орта (тіршіліктің пайда болып жан-жаққа тараған ортасы кейінірек тірі ағзалар
2. жер беті
3. ауа ортасын игеріп топыраққа орнықты
4. тірі ағзалардың өзі паразиттер жайлаған дүние
Өсімдіктің тіршлік ортасы –мұхит суынан бастап, ыстық шөлді құмдармен бірге, арктиканың мәңгі мұздарынан бастап бір қалыпты жаз айлары болатын экватор сызығына дейін таралған.
I деңгей. ”Топтастыру” әдісі бойынша
IІ деңгей. “Географиялық диктант” жазу
1 топ
1.Барлық тіршілік иесі үшін - температура,жары,ылғалдылық,азықтүлік маңызды рөл атқарады.
2.Ғаламшарымыздағы табиғи ортаның алуан түрлілігі тірі ағзалардың көп түрлілігінен кем түспейді.
ІІ топ
1. Сүт қоректілердің ыстық ауа мен күресуде құлағы ерекше рөл атқарады.
2. Қорегін тауып жеу үшін жануарлардың сыртқы пішіні де өзгереді.
III деңгей. Ойын: «Өз орнын таба білейік»
Оқушылар қазір мен сіздерге тапсырма берем. Мына тақтада табиғаттың адам үшін маңызды ерекшеліктері жазылған, енді мен сіздерге осы ерекшеліктер қай жағынан және қалай маңызды екенін оқып айтамын сіздер осыны қай табиғаттың маңызына жататындығын көрсетесіздер)
Ойын. «Егерде мен ...» (үлгерімі нашар оқушылармен ойын)
Балаларға түрлі табиғат бөлшектерінің суреттері таратылады. Әр бала өзіне келген сурет бойынша, егер ол сол табиғат иесі болса қандай жақсылықтар жасайтынын айтып беред. Мысалы: егер мен құрт болсам, ағаштардың жапырақтарын жемес едім. т.с.с.
Ү. Сабақты бекіту.
Тест жұмысы
1. Тірі ағзаларды тіршілік ортасына бейімделуіне байланысты неше топқа бөлеміз?
а) 2
ә) 4+
б) 6
в) 3
2. Тіршілік иесі үшін ненің маңызы зор?
а) температура, су, ауа
ә) топырақ, жылу, күн
б) ылғал, ауа, өсімдік
в) температура, жарық, ылғал+
3. Тау жыныстарының бұзылуына, топырақтың қалыптасуына ... маңызы зор?
а) температураның
ә) бірлестіктің
б) тірі ағзалар+
в) топырақ
4. Адаптация дегеніміз?
а) тірі ағзалардың жауынан қорғауы
ә) табиғаттың құрамдас бөлігі
б) табиғат жағдайына және ортасына бейімделіп өмір сүруін+
в) ағзаларды қалыптастырушы тіршілік ортасы
5. Тірі ағзалардың өзі -...
а) паразиттер жайлаған дүние+
ә) өсімдіктің тіршілік ортасы
б) флора
в) фауна
Сөзжұмбақ сұрақтары
1. Қоршаған орта туралы ғылым
2. Жердің су қабаты
3. Атмосфераны негізгі ластаушы көздер
4. Семей полигонын да қандай сынақтар жүргізілді
5. Жердің ауа қабаты
6. Зауыттардан, автокөліктерден шығатын зиянды зат
1. Экология, 2.Гидросфера, 3. Автомобиль , 4. Ядролық, 5. Атмосфера, 6. Түтін,
ҮІ. Қорытындылау.
Білсең егер, табиғатта зор мән бар
Онда аң, құс, жануар, ормандар
Жерің, суың, таза ауа қажетті
Шын жүректен оны сендер қорғандар-дей келе оқушылар сіздер табиғатты қорғау үшін қандай көмек берер едіңіздер
1. Өндіріс орындарында біртіндеп тазалаушы қондырғыларды орнату.
2. Зияны аз деген отын түрлерін пайдалану.
3. Қалдықсыз технологияға көшу.
4. Табиғи байлықты тиімді пайдалану.
5. Флора мен фаунаның жойылып кетуінен сақтайтын іс-шараларды жедел түрде ұйымдастыру.
6. Ағаштар егу.
7. Табиғат тазалығын сақтау.
VІІ Үйге тапсырма
1 §53-54 Табиғи қоршаған орта және адамның ондағы орны тақырыбына түсінік айту.
2 Шығармашылық жұмыс «Табиғат тал бесігің аялай біл» деген тақырыпта сурет салу
VІІІ Бағалау