Сабақ №2. Жеңіл өнеркәсіп

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ №1

Күні: 21.01. 16

Сабақ тақырыбы: Жеңіл өнеркәсіп

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Балаларға жеңіл өнеркәсіп туралы, олардың түрлері, Қазақстанда қалай дамығандығы туралы толық мағлұмат беру.

Тәрбиелілік: Сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын аттыру, Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету.

Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, өз бетімен іздене білуге үйрету.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ жауап, кітаппен жұмыс.

Құрал – жабдықтар: ҚР физикалық картасы.

Сабақ барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу

  2. Балаларды түгендеу

  3. Сергіту сәті

  4. Балалардың назарын сабаққа аудару


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Біздің елімізде тамақ өнеркәсібінің қандай салалары дамыған?

Ет, ұн тарту, жарма, қант өнімдері, балық, кондитер, шарап жасау т.б.

  1. Тамақ өнеркәсібінің базасы шикізатты пайдалану сипатына, түріне

қарай неше топқа бөлінеді және атаңдар?

Өсімдік шаруашылығының шикізаттары, мал шаруашылығының шикізаттары, өндіріс шикізаттары.

  1. Тамақ өнеркәсібі салаларын орналастыруға әсер етуші негізгі

факторлар? Тұтынушы және шикізат.

  1. 2011 жылғы көрсеткіш бойынша ет және ет тағамдарын тұтыну жан

басына шаққанда қанша кг құрады? 50,3 кг.

  1. Қазақстанда еткомбинаттары қай қалаларда орналасқан?

Семей, Петропавл, Орал, Алматы, Қызылорда.

  1. Каспий теңізінің солтүстігінде қандай балық түрлері ауланады?

Бекіре, қызылбалық және итбалық.

  1. Қазақстандағы балық өңдейтін ірі кәсіпорындарды атаңдар?

Атырау, Баутино, Балықшы, Зайсан, Приозерный, Балқаш.

  1. Қазақстанды кондитер тағамдарымен қамтамасыз ететін қандай

комбинаттарды білесіңдер?

Алматыдағы «Рахат», Қостанайда «Баян сұлу», Қарағанды кондитер комбинаты.

  1. Шарап жасайтын кәсіпорындар қайда орналасқан?

Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысы.

  1. «Филип Моррис Қазақстан» компаниясы қай жылы құрылды?

1993 жылы


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру


ББҮ кестесі







Жеңіл өнеркәсіп халықтың жеке сұраныстарын қанағаттандыратын өнім түрлерін шығарады. Бұл – индустрияның ең қарқынды саласы. 2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның тоқыма және тігін өнеркәсібі өнімдерінің жалпы табысы 30,5 млрд теңгені құрайды.

Жеңіл өнеркәсіп

тоқыма тігін мақта-мата былғары тері илеу


Тоқыма, былғары, тері, т.б. кәсіпорындар кәсіби жұмыс күші және тұтынушылары бар қалаларда орналастырылады.

Жеңіл өнеркәсіптің аса маңызды салаларының бірі – тоқыма өнеркәсібі. Ол шаруашылықтың ежелгі саласы. Еліміздің тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлесі ішкі нарықтың 10%-ын және ел экономикасының 0,4%-ын құрайды.

Мақта мен жүн тоқыма өнеркәсібінің негізгі шикізатына жатады. Мата жасау негізінен бірнеше сатыдан тұрады. Мақта тазалау зауыттары Оңтүстік Қазақстан Шымкент және Түркістан қалалары мен Мақтаарал елді мекенінде орналасқан. Оңтүстікте жыл сайн 400 т мақта өндіріледі және оның 7% -ы ғана сол жерде өңделеді.

Жүн жуу комбинаттары Семей және Тараз қалаларында салынған.

Мақата мата өнеркәсібі мақтадан әр түрлі (шыт, бөз, түкті мата, дәке, т.б) маталар шығарылады.

Жүннен мата тоқитын өнеркәсіп. Мақтадан жасалға матамен салыстырғанда, жүннен тоқылған матаның құрылымы мен пайдаланылуы неғұрлым күрделірек. Жүннен тоқлатын маталар тоқыма өнеркәсібінің ең қымбат матаар қатарында. Қарғалы және Қостанай комбинаттарында дайындалған жоғары сапалы жүннен тоқылған маталардан пальто, костюм тігіледі.

Сонымен қатар елімізде тігін, трикотаж, галантерея, шұлық шығаратын кәсіпорындар бар. Тігін комбинаттары қалаларда және аудан орталықтаныда жиі кездеседі.

Алматы, Қарағанды, Шымкент, өскемен, Жезқазған қалаларында трикотаж бұйымдарын шығаратын фабрикалар орналасқан.

Шұлық шығаратын фабрикалар Семей, Қарағанды, Шымкент қалаларында орналасқан.

Былғары, тері илеу зауыттары Орал, Қызылорда, Тараз, Қостанай қалаларында орналасқан.

Аяқкиім өнеркәсібін тұтынушыға және шикізат көзіне жақын орналастырған тиімді. Негізгі кәсіпорындары Алматы, Семей, Тараз, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Талдықорған қалаарында орналасқан. Халықтың тұрмыстық қажетін өтейтін жеңіл өнеркәсіптің тағы бір саласы – фарфор – фаянс бұйымдары. Ол, негізінен Астана және Қапшағай қалаларында орналасқан.


ІV.Жаңа сабақты бекіту

Географиялық диктант.

  1. ... халықтың жеке сұраныстарын қанағаттандыратын өнім түрлерін

шығарады.

  1. Еліміздің тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлесі ішкі нарықтың

...%-ын және ел экономикасының ...%-ын құрайды.

  1. Жүн жуу комбинаттары ... және ... қалаларында салынған.

  2. Қарғалы және ... комбинаттарында дайындалған

жоғары сапалы жүннен тоқылған маталардан пальто, костюм тігіледі.

  1. Халықтың тұрмыстық қажетін өтейтін жеңіл өнеркәсіптің тағы

бір саласы – ... бұйымдары. Ол, негізінен Астана және ... қалаларында орналасқан.


Жауаптары:

  1. Жеңіл өнеркәсіп

  2. 10%, 0,4%-

  3. Семей, Тараз

  4. Қостанай

  5. Фарфор – фаянс, Қапшағай


V. Үйге тапсырма беру.

1. Тақырыпты оқу

2. Өз облыстарыңда (аудандарыңда) жеңіл өнеркәсіптің қандай кәсіпорындары жұмыс істейді?


VІ. Қорытынды:

Оқушыларды мадақтап бағалау