Ашық сабақ : Африканың халқы 7 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ№________ Сыныбы__7 «а»_ Күні_26.11.16 ж__


Тақырыбы: Африканың халқы және саяси картасы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Африканың халқы және елдері, ұлттық, діни, тілдік құрамы, басқару жүйелері жөнінде түсіндіру.

Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.


Болжамдап отырған нәтиже: Африканың халқы және елдерімен танысқан тұлға.


Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Картамен жұмыс

2. Әңгіме-дәріс. 5.сәйкестендіру

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта,интерактивті тақта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

    1. Сұрақ-жауап. «Кім шапшаң»

    2. Сәйкестендіру кестесі

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

Ойын. « Мен – саған, сен-маған» 
Жұмбақ сауалнама.


ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Дәптермен жұмыс.

3. Картамен жұмыс.

4. Білім пирамидасы

5. Сандар сөйлейді

Үйге тапсырма.


IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап «Кім шапшаң?»Өсімдіктер беріледі, атын және қай табиғат зонасында орналасқан

3. Сәйкестендіру кестесі


Саванналар мен сирек ормандар Солт. Африканың үлкен

ауданын алып жатыр


Ылғалды экваторлық ормандар Африка жерінің 40% алып

жатыр


Тропиктік шөлдер Жерорта теңізі мен оңт

Африканың

жағалауын алып жатыр

Субтропиктік қатты жапырақты

ормандар Конго қазаншұңқырлары

мен Гвиния шығанағы

жағалауларын алып

жатыр

4. Ойын. « Мен – саған, сен-маған» 
Жұмбақ сауалнама.
Африканың 40 пайыз аймағын
Алатын табиғат зонасы.
Өсімдігі мол қалың,
Аңға толы арасы.
Білімі терең оқушы
Тез-ақ табар шамасы.
(Саванна)

  1. Арғы тегі жағынан
    Адамға  жақын келетін.
    Мәңгі жасыл орманда
    Африкада өмір сүретін.
    Аса үлкен маймылды
    Кім айтады айбында? (Горилла)

  2. Ең алып құс әлемдегі
    Хандар таққан қауырсынын.
    Ірі малға теңеу қылған
    Қандай шебер менің халқым.
    Африканы көп оқыған
    Атай алар оның атын. (Түйеқұс)

  3. Сирақтары сырықтай
    Мойын деген құрықтай
    Шөк десең шөкпейді,
    Мойны жерге түспеді. (Керік)

  4. Жылқы тұқымды,
    Матрос киімді,
    Есек жалды,
    Білесің бе мұндай аңды? (Зебра)

  5. Тұмсығы насос, кран да,
    Таңғаламын бұл аңға.
    Шөпті қорек етеді.
    Тиіспейді еш жанға. (Піл)




ІІІ. Жаңа сабақ.

«Ой қозғау»
1. Жер шары халқы қандай негізгі нәсілдерге бөлінеді?
2. Әр нәсілдің сырт пішініндегі айырмашылығы қандай?

3. Климаты ыссы аймақта мекендейтін нәсіл және ол қай материкте өмір сүреді?

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Африканың халқын түсіндіру



3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Солтүстік Африка елдерін аймақтар бойынша түсіндіру.









4. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Африка халқының тілдік құрамын түсіндіру.










5. Африканың саяси картасын түсіндіру

[pic]


Қорытындылау.


IV. Жаңа сабақты бекіту.


1. Дәптермен жұмыс. Географиялық диктант

  • Африкада қандай нәсілдің өкілдері кездеседі _экваторлық нәсіл

  • Жер шарындағы ең бойшаң адамдары тутси және химилер тұрады

  • Бойлары өте аласа адамдар пигмейлер Мали, Нигер, Чад, Эфиопия, Сомали даму дәрежесі өте төмен, мешеу елдердің қатарына жатады

  • Монархиялық басқару сақталған елдер Марокко, Свазиленд, Лесото

2. Картамен жұмыс. Кескін картаға Солтүстік Африканың елдерін түсіру

[pic]


3. Сандар сөйлейді. Сандар бойынша мағынасын айту.


1 млрд 30млн, 180-200см, 150см, 700млн, 1км2 адам


4. Семантикалық картамен жұмыс


5. «Білім пирамидасы» Сұрақтарға жауап беру.

1. Африканың халқы? 1 млрд 30 млн

2. Материктің байырғы халқы? Экваторлық нәсіл

3. Африканың басқа халқы? Бушмендер мен негрлер

4. Қанша тілде сөйлейді? 700 млн

5. Ежелгі пирамидалар қайда орналасқан? Египет

6. Пайдалы қазбалары? Мұнай мен газ

7. Халқы немен айналысады? Егін шаруашылығы

8. Республикалық басқару? Монархиялық

6. Рефлекция

Бүгінгі сабақтан қандай ой түйіндедіңдер. Өз ойларын айту.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру. $51 Африканың халқы және саяси картасы.