Сабақ №12
Күні: 18.02. 16
Сыныбы: 7 «а»
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Ішкі сулары
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларды Солтүстік Американың Ішкі суларына түсінік бере отырып, олардың маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталу.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың алған білімдерін, білік дағдыларын көрсету арқылы бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
Балаларды түгендеу
Балалардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
§29 тақырыпты сұрау. Сұрақ – жауап арқылы өткен тақырыптарды пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Солтүстік Америка материгі мол сулы өзендерге, тұщы сулы терең көлдерге бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америка мен Еуразиядан кейін үшінші орын алады. Сонымен қатар биік таулы мұздықтар мен материктің солтүстігін алып жатқан қалық мұз жамылғылары және жер асты суларының мол қоры бар.
Өзен жүйелері климаттық жағдай мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардың басым бөлігі бөлігі Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған. Өзендері негізінен жаңбыр және еріген қар суымен қоректенеді.
Атлант мұхиты алабының басты өзені – Миссисипи материктегі ең мол сулы өзен болып табылады. Бұл өзеннің Миссури саласын қоса есептегендегі ұзындығы 6420 км, ұзындығы жөнінен дүние жүзінде 3-ші орын алады. «Миссисипи» атауы үндістер тілінде «су атасы» дегенді білдіреді.
Аппалачтың шығыс беткейінен басталатын өзендер қысқа және мол сулы болады. Олар мұхитқа құяр жолында биік кемелерден құлап ағатындықтан, бірнеше сарқырамалар жасайды. Олардың құлау күші су электр стансаларында қуат алу үшін пайдаланылады. Мысалы, Теннеси өзені бойында 20-дан астам су электр стансалары салынған. Атлант мұхитына құяр жерінде өзендердің сағалары кеңейеді, мұнда ірі портты қалалар орналасқан.
Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендердің ең ірісі-Макензи метериктің солтүстік бөлігі арқылы ағып өтеді. Үндістер «Үлкен өзен» деп атайтын бұл өзен негізінен қар суымен қоректенеді, жылдың көп уақытында мұз құрсап жатады. Қыста өзен түбіне дейін қатады. Макензи жоғарғы ағысында көктемнің аяғында мұздан босайды, сондықтан оның орта ағысында, әсіресе төменгі ағысында өзендегі сең буу нәтижесінде мұз қамаулары пайда болады. Батпақтар мен көлдер арқылы ағып өтетін осы алаптың көптеген өзендері жаз кезінде мол сулы болады.
Тынық мұхит алабына Кордильераның батыс беткейінен басталатын қысқа, ағынды өзендер жатады. Алаптың ең ірі өзендері – Колумбия мен Колорадо Кордильераның шығыс жоталарынан басталып, биік таулы үстірттер арқылы ағып өтеді.
Колорадо өзені бойындағы жиегі тік, терең шатқалды орасан зор Үлкен каньон дүние жүзіне әйгілі.
Материктің солтүстік-шығысында Әулие Лаврентий өзені арқылы Атлант мұхитымен жалғасып жатқан көлдер Ұлы көлдер жүйесі деп аталады. Жоғары көлден Эри көліне дейін көлдердің деңгейлері біртіндеп төмендейді.
Ал Эри көлі мен Онтарио көлінің деңгейлерінде үлкен айырма салдарынан, оларды жалғастыратын Ниагара өзені тік кемелерден құлап ағып, дүние жүзіне әйгілі Ниагара сарқырамасын жасайды. Ені 1200м, биіктігі 51м бұл сарқыраманың атауы жергілікті үндістер тілінде «гүрілдеуік су» деген мағына береді.
Кордильера тауындағы сөнген жанартаулардың кратерлерінде ұсақ жанартаулық көлдер кездеседі. Ал материктің оңтүстігінде жердің тектоникалық жарылыстарында орналасқан Никарагуа және Манагуа көлдері бар.
Жаңа сабақты бекіту:
1. Материктерде қандай ірі өзендер бар, олар қайда құяды?
2. Материкте қандай суайрық жотасы бар, ол қандай алаптарды бөліп жатыр?
3. Солтүстік Америкадағы қандай өзендер ұзақ уақыт қатып жатады?
4. Солтүстік Американың қай бөлігінде көлдер жиі орналасқан, себебін түсіндіріңдер.
5. Материктегі басым түрде жаңбыр суымен қоректенетін өзендерді атаңдар.
«Сандар сөйлейді»
24,2 км 2 – материк ауданы.
1600 км – Кордильераның ең енді жері
1200 м – Ниагара сарқырамасының ені
51 м - Ниагара сарқырамасының биіктігі
9000 км – Кордильераның ұзындығы.
2 млн 176 мың км 2 – Гренландия аралының аудыны.
145 км – Хабборт мұздығы Аляска
18 м – Фанди шығанағындағы толқын биіктігі
100 м – секвоя ағашы биіктігі
6193 м – Мак Кенли шыңы
-86 м – Өлім аңғары.
-70̊С – Гренландия салқын жері
57 С – Өлім аңғары жылы жері.
6000 мм – Кордильераның солт – батыс жағалауы
3000 – Гейзер Йеллоустон
6420 км – Миссисипи өзені ұзындығы
1492 ж – Колумб оңт жағалауды ашты
1741 ж – Беринг пен Чиркасов Аляска жағалауын зерттеді
1778 ж – Джеймс Кук Нортон шығанағын зерттеді.
ХVII – Гудзон, Макензи
ХV – Джон Кабот Ньюфаундленд аралы мен Лабрадор түбегін ашты.
Қорытынды: Қорыта келе, бүгінгі сабақта, Солтүстік Американың ішкі суларымен таныстық.
Үйге тапсырма: §32-оқу, кескін картаға ішкі суларын салып келу