Күні: 29.01.2016 | Пәні: география | Сынып: 6 «Ә» № 38 сабақ |
Тақырыбы: | № 4 практикалық жұмыс: «Бір су нысанына сипаттама беру» |
Басты мақсаты: | Практикалық жұмысты жасай отырып оқушылардың картамен, оқу материалдарымен және ғаламторды пайдаланып өздігінен, өз бетімен жұмыс істеу дағыдыларын дамыту, су нысандары жайлы білімдерін кеңейту. |
Күтілетін нәтиже: | Оқушылар картамен, оқу материалдарын, сонымен қатар ғаламтордағы ақпараттарды тиімді пайдалана отырып өз бетімен жұмыс істей алады, мұхиттар мен теңіздерге немесе өзендерге сипаттама бере алады, өзінң түсінігін ауызша жеткізе алады. |
Негізгі идеялары: | мұхит, теңіз, өзен |
Сабақтың әдісі: | тәжірбие жасау |
Сабақтың формасы: | жекелей |
Өткізу формасы: | практикалық |
Сабақтың технологиялары: | СТО элементтері: ББҮ кестесі, Бес жолды өлең, АКТ: интербелсенді тақта, ғаламтордағы мәліметтер |
Көрнекі құралдары: | Дүние жүзінің жарты шарлар артасы, атлас, сарамандық жұмыс дәптерлері постер, түрлі-түсті қарандаштар мен сызу құралдары. |
Номенклатура: | Тынық, Үнді, СММ, Атлант мұхиттары, Кариб, Араб, Қызыл, Жапон, Беринг теңіздері, Ніл, Амазонка, Енисей, Янцызы, Миссисипи өзендері |
Сабақтың кезеңдері:
1.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин) 4.Жаңа сабақты қорыту (10 мин)
2.Үй тапсырмасын сұрау (10 мин) 5.Сергіту сәті (2 мин)
3.Жаңа сабақты меңгеру кезеңі (18 мин) 6.Бағалау ( 1мин)
7.Үй жұмысы (2 мин)
Сабақтың барысы
Кезең Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Оқушылармен амандасу,түгендеу, сабаққа дайындығын бақылап шығу.
Мұғаліммен амандасу, сабаққа дайындалу, Сабақтың ережелерін естеріне жаттап алады.
2
Үй тапсырмасын ауызша сұрастыру:
1.Сұрақтар: «Жасанды су қоймалары, суды қорғау» тақырыбы бойынша.
2.Номенклатура сұрастыру.
1.Сұрақтарға ауызша жауап береді.
2.Номенклатураны картадан тауып көрсету.
3
Жаңа сабақты меңгерту.
Оқушыларға сарамандық жұмыс дәптерлеріндегі № 4 практикалық жұмысты ашуларын ұсынамын (13 бет). Берілген тапсырмаларды мұқият оқып орындауға кірісетіндерін айтамын.
Сарамандық жұмыс дәптерлерін ашады, мұқият оқып өз бетімен орындауға кіріседі.
№1 тапсырма: Кескін картаға сипатталатын географиялық нысанды түсір (мұғалімнің нұсқауымен)
1. Кариб, Араб, Қызыл, Жапон, Беринг теңіздері, Ніл, Амазонка, Енисей, Янцызы, Миссисипи өзендері.
Мұхитты сипаттау жоспары:
1.Мұхиттың атауы.................................................
2.Географиялық орны..............................................
- экватор мен бастапқы меридианға қатысты жағдайы..........................................................................
- қандай материктерді және қай жерде шайып жатыр...............................................................................
-қандай мұхиттармен және қай жерде байланысқан......................................................................
3. Мұхиттың мөлшері...................................................
4.Орташа және ең терең жерлері................................
5.Мұхиттық шұңқырлары мен науалары атауы..........................................................................
6.Суының қасиеттері:
-температурасының бөлінуі, температуар қай бағытта төмендейді және неліктен?
-судың тұздылығы:
7.Ағыстар:-жылы.......................................................
-суық................................................................................
8. Адамның мұхиттарды пайдалануы........................
4
Бүгінгі сабақты қорыту үшін оқушыларға үш амалды ұсынамын:
1.Бес жолды өлең 2.ББҮ кестесі 3.Рефлексия
Мысалы ББҮ кестесі:
5
Сергіту сәті: арнайы аяққа арналған жаттығулар
Жаттығуды орынан тұрып бірге жасайды.
6
Сабақта белсенді қатысқа оқушыларды бағалау
Күнделіктерін беріп бағаларын қойдыртады
7
Үйге Теңіздерді сипаттау жоспарын жасап келу: Кариб, Араб, Қызыл, Жапон, Беринг теңіздері.
Үй жұмыстарын жазып алады, түсінбегендерін сұрастырады.