Атмосфераның құрамы және құрлысы.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні

.........- сабақ 6-сынып

Сабақтың тақырыбы

Атмосфераның құрамы және құрылысы

(Атмосфера тарауына кіріспе)

Жалпы мақсаты

Атмосфераның құрамы және құрылысы туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру. Өз бетінше жұмыс жасауға бағыт беру.

Негізгі идеялар

Оқушылардың сабаққа деген жауапкершілігін арттыру

Мұғалімнің оқытудағы нәтижесі

Оқушылар тақырыпты топпен талқылай отырып түсінеді,бірін-бірі үйретуге жетелейді. Өз бетімен жұмыс жасайды, өзінің пікірін дәлелдеп үйренеді, бағалау жұмыстарын жүргізеді.Сыни тұрғыдан ойланады. Өзін және топты бағалайды.

Ақпарат көздері

Электронды оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелер, интернет"bilimdiler"," ustaz/kz" сайттары

Іс-әрекет түрлері

Топпен жұмыс

Диалогпен жұмыс

Картамен жұмыстар

Бағалау жұмыстары

Мұғалімнің сабақ туралы жазбалары

Тапсырма 45 минутқа арналып дайындалған

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеттері

1.Алғашқы рефлексия кезеңі

Сынып оқушылары тәттілер арқылы топқа бөлінеді.

1,2,3,4 топқа бөлінеді.

Тәтті конфеттер алып көңілімізді көтеріп алдық.

(Психологиялық ахуалды қалыптастыру)

2.Жаңа тақырыпқа кіріспе:

Көзге көрінбейді, қолға ілінбейді.

(Ауа)

Жұмбақтың шешуін табу арқылы тақырыптың атын табады.



Ауа. Ауа - тіршіліктің төрт тірегінің бірі. Ауа бізге керек пе?

3. АКТ мен жұмыс. Электрондық оқулықтан мәлімет алу

4. Тәжірибе жасау. Тақырып туралы тереңірек түсіну мақсатында.

1. Біз ауаны көре аламыз ба?

2. Ауа бар жерде от та жанады.

3. Топырақта да ауа бар

4. Ауа серпімді.

5. Ауаны сеземіз бе?

6. Ауаның дыбысын ести аламыз ба? Желдің күші канша баллмен есептеледі?

7. Ауа тез таралғыш.

8. Ауа жылуды нашар өткізеді.

5. СТО сұрақтары.

Оқушылар өз ойын жеткізуі керек.

1. Завод, фабрикалар ауаны қалай ластайды?

2. Автокөліктер ауаны қалай ластайды?

3. Ауа ластанса адамдар қандай ауруларға шалдығады?

4.Ауаны қорғау жолдары.

6. Сергіту сәті


Оқушылармен тыныс алуға байланысты жаттығу жасау

7.Жұмбақтар шешу.

Жұмбақтарды шешу арқылы тропосфера қабатында болатын құбылыстарды табады.

1. Жапырақта ақ моншақтар көп болады,

Қолыңа алсаң лезде жоқ болады.

2. Дауыл дәнді ұшырып,

Шарлар жауды аспаннан.

Шекемізді ісіріп,

Қаштық үйге сасқаннан.

3. Қара таудың басында киік кетіп барады,

Қол аяғы бауырына тиіп кетіп барады.

4. Аумаған қар, жаумаған қар,

Таңертең бар, сәске жоқ.

5.Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті.

6. Көк жүзінде көп жолақ,

Қойды екен оны кім бояп?

8.Тірек-сызбаларды аяқтау.

Картамен жұмыс қамтылады.

Тақырыпқа байланысты тірек-сызбаларды аяқтау керек.

9. ҰБТ мен байланыс.

ҰБТ-да география пәнін таңдаған 11-сынып оқушысының сұрақтары.


11-сынып оқушысы ҰБТ да кездесіп жатқан сұрақтарға жауап береді.

10. Географиялық диктант жазу

1. Атмосфера қабығы жер бетіне ..........сәулелерін шашыратып түсіреді. Сондықтан да жер беті қатты қызып кетпейді, ал түнде қатты.............суып кетпеуіне әсерін тигізеді.

2.Атмосфера - ................планетасында қорғаныс қызметін атқарады. Метеориттердің жер бетіне жеткенше ........................ кетуіне әсер етеді.

3. Атмосфераның төменгі бөлігінде бұлттардың пайда болуы нәтижесінде ауа райы .......................... қалыптасуы байқалады.

4. Атмосфера - тіршілік ортасы. Әлемнің биосфера немесе тіршілік қабаты осы .............................. қабатында таралған.

11.Деңгейлік тапсырмалар. Сабақты бекітуге арналған әр оқушыға жеке тапсырмалар беріледі.


Жекелеген сұрақтарға жауап беру.

12. А)Егер де мен ..............болсам, табиғатты қорғау үшін...........................(Оқушылар болашақ мамандықтарымен бүгінгі сабақты байланыстырады)


Оқушылардың өз ойын айтуға жетелеу

12.Бағалау кезеңі. Бағалау критерйлері бағалау парақшасында көрсетіледі.


Оқушылар топты және өзін бағалайды

13.Рефлексия.(Стикерлерге жазу)

Бүгінгі сабақтан не білдім? Болашақта мен білгім келеді.

14.Үй жұмысы

Оқу, қосымша деректер іздену, тақырыптағы жаңа сөздерге мән беру.