|
География пәнінен Солтүстік Американың табиғат зоналары (7 класс)
Автор публикации: Жадыра С.Б.
Дата публикации: 2016-11-02
Краткое описание: ...
Сыныбы 7 «Б» | 03.03.2015 ж. | Сабақтың тақырыбы
| §33. Табиғат зоналары, Кордильердегі биіктік белдеулері | Мақсаты
| Солтүстік Америка материгінің табиғат зоналарының ерекшеліктері туралы жаңа білім беру, басқа материктерімен айырмашылықтары туралы түсінік беру. Оқушылар жүйелі ойланып, саналы түрде жауап беру үшін картамен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Шығармашылық деңгейлерін дамыту.
| Күтілетін нәтижелер | А. Солтүстік Американың материгінің табиғат зоналары туралы біледі. В. Табиғат зоналарының алып жатқан аймақтарының орналасуын анықтай алады. С. Солтүстік Америка материгінің табиғат зоналарының және Кордильера тауының биіктік белдеулер ерекшеліктерін, басқа материктердің табиғат зоналарымен, айырмашылықтарын өз бетімен ажыратып, талдау жасай алады. | Керекті жабдықтар | Электрондық оқулық, оқулық әдістемелік әдебиеттер, интернет желісі, дидактикалық тапсырма, интерактивті тақта. | Қолданылатын әдіс- тәсілдер | Визуалды оқыту «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау, «Жұлдызша беру» арқылы бағалау, «Стоп кадр», зерттеушілік әңгіме, «Еркін талқылау» әдісі арқылы жаңа сабақты түсіну. 2 жұлдыз, 1 ұсыныс айту. «Әліпби желісі» арқылы сабақты қорытындылау, «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау. Кері байланыс «Мадақтау сэндвичі». | Тапсырмалар | № 2 Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және №3 оқушылардың сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету. | Сабақ барысы: | Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Кіріспе 2 минут
7 минут | 1.Ұйымдастыру
2. Топтарға бөлу: Төрт түрлі аттар бойынша топқа бөлу. (төрт полюс, төрт мұхит, төрт Солтүстік Американың шеткі нүктелері) 3.Өткен сабақты «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Оқушылардың ішінен бір оқушыны шығарып, оған сұрақтар қойылады. | 1.Сабаққа әзірлеу
2. Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді I топ – Атлант II топ – Антарктида III топ – Мерчисон
Бірінші сұрақты мұғалім бастап қояды:
«Жұлдызша» арқылы бағалайды.Топ басшысы бағалайды. | Тұсаукесер 4 минут | «Стоп кадр» әдісі. Бүгінгі өтетін тақырып бойынша оқушыларға интерактивті тақта арқылы суреттің жартысы көрсетіліп, сол туралы ойларын сұрайды.
Сабақтың тақырыбы: §33. Табиғат зоналары, Кордильердегі биіктік белдеулері | Оқушылар жарты суреттер бойынша өз түсініктерін айтады.
Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты жазып алады. | Негізгі бөлім
15 минут
9 минут
| Жаңа тақырыппен жұмыс. «Еркін талқылау» әдісімен жүргіземін. 1-топ. Арктикалық шөл, Тундра, Тайга зонасы 2-топ. Аралас және жалпақ жапырақты ауыспалы ылғалды ормандар. 3-топ. Саванналар, ылғалды мәңгі жасыл ормандар. Жаңа сабақ материалын дәптерге жаздырту. Постер шығарады.Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды. Бағалау критериі арқылы топ сарапшылары бағалайды. | Жаңа тақырыппен жұмыс . Топта ішінде талқылайды. Керекті мәліметтерді дәптеріне жазып алып отырады.
2 жұлдыз, 1 ұсыныс айтады. 1 топ – жұлдыз 2 топ – жұлдыз 3 топ - ұсыныс Осылай кезектесіп отырады. | Қорытынды 3 минут
4 минут
1 минут | «Әліпби желісі» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау
Кері рефлексия парағын толтыру. «Мадақтау сэндвичі» арқылы
Үйге тапсырма: §33. Кескін картаға түсіру, жұмыс дәптерлерін толтыру | Берілген әріптерге бүгінгі өткен тақырып бойынша алған білімдерін пайдаланады, сараптайды, сыни ойлайды, жауап береді.
Бүгінгі өткен тақырыпқа түсінгендерін бағдаршам түстері арқылы көрсетеді. Қызыл – түсінген жоқпын. Сары – жартылай түсіндім. Жасыл – түсіндім.
Не ұнады, нені жақсарту керек, маған не ұнады, бірақ келесі жолы деген сұрақтарға жауап береді
Оқушылар бағаларын қойғызады.
Үй тапсырмасын жазып алады. |
|
|