Ашық сабақ: Атмосфералық қысым

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Атмосфералық қысым

География 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Атмосфералық қысым туралы мәлімет бере отырып, біліктіліктерін арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілеттерін, танымдылықтарын қалыптастыра отырып, өз бетінше ізденіс пен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, сауаттылыққа, мәдениеттілікке, табиғатты, отанды сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиясы, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаз, кесте, карта.
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, қазақ тілі
Сабақтың типі: Сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Түгендеу
б) Сыныпты топқа бөлу
I - топ ----------------II - топ --------------III - топ
«Ауа» ---------------«Күн» --------------«Атмосфера»
Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасынан сұрау:
&26 Ауа температурасын сұрақ - жауап әдісі арқылы сұраймын.
а) Ауа деген не?
ә) Ауа температурасын өлшейтін құралды ата?
б) Амплитуда деген не?

III. Жаңа сабақ
Жаңа білімді өздігінен меңгеруге дайындық
Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым немесе ауа қысымы деп аталады. Ауа қысымы биіктікке сәйкес азаюы адам ағзасына үлкен әсер етеді. Адам 3000м биіктікке көтерілгенде биіктік ауруымен ауыра бастайды: тез шаршайды, басы айналады, жүрегі айниды. 4000м - дегі биіктікте қан тамырлары жарылып, мұрнынан қан кетеді, есінен танады. Оған себеп ауа қысымының жалпылама азаюына байланысты оның құрылымындағы оттегінің де қысымы азаяды. Атмосфералық қысым барометр деп аталатын құралмен өлшенеді (грекше барос - салмақ, метрео - өлшеймін ). Барометрдің екі түрі бар - сынап барометрі және анероид барометр қолданады (грекше анероид – ылғалсыз).
Сынап барометрі қысымды тұрақты жағдайда өлшеу үшін қолданылады. Оны бір жерден екінші жерге алып жүру қолайсыз. Сондықтан экспедицияға, топ серуенге, туристік жорықтарға шыққанда ауа қысымын өлшеуге анероид барометрі қолданылады.
Әр топ өз түсінгендері бойынша сабақтың мазмұнын айтады.

Топтар бір біріне сұрақтар қояды:
1. Атмосфералық қысым қалай пайда болады.
2. Қысым деген не?
3. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал?
4. Барометрлік қысым деген не?
5. Уақыт бойынша атмосфера қысым неліктен өзгеріп отырады.

IV Сабақты бекіту:
1. Ауаның жер бетіне түсірген салмағы не деп аталады.
а) атмосфералық қысым ә) ауа температурасы б) сынап барометрі
2. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал.
а) термометр ә) барометр б) сынап барометрі
3. Барометрдің неше түрі бар?
а) 2 ә) 3 б) 5
4. Бір дене екінші дене бетіне әсер еткенде п. б қалыпты күшті не деп атайды
А) қысым ә) атмосфералық қысым б) ауа қысымы
5. Қай жылы Э. Торричелли қай жылы атмосфералық қысымды өлшеген
а) 1608 - 1647 ә) 1519 - 1520 б) 1710 - 1711
6. Бірінші рет атмосфералық қысымды өлшеген ғалым
а) Х. Колумб ә) Э. Торричелли б ) Ф. Магеллан
7. Топ сеуренге, туристік жорықтарға шыққанда қандай ауа қысымы қолайлы
А анероид барометр ә сынап барометр б барометр
8. Егер атмосфералық қысым жаз айларында жоғарласа ауа райы қандай болады
а) жылы ә) суық б) жауын - шашын
9. Сынап бағынасын 760мм биіктігіне тең осы қысымды не деп атайды
а) атмосфералық қысым ә) қалыпты атмосфералық қысым б) қысым
10. Атмосфера қандай қабат
а) ауа ә) су б) тас қабаты

V. Үйге тапсырма беру:
&27 Атмосфералық қысым
VI. Рефлексия
VII. Бағалау