Гидросфера- Жердің су қабығы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Гидросфера Жердің су қабығы.

Сабақтың мақсаты: Гидросфера туралы ғылыми түсінік алу.

Міндеті:

Білімділігі: Оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру, гидросфера туралы ғылыми түсінік қалыптастыру. Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын өсіру.

Тәрбиелік: Өз ойларын еркін жеткізуге, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже: «Судың да сұрауы бар» деген мақалдың мазмұнын түсіну. Мәтінді толық талдай білу, өз пікірлерін еркін жеткізу, өз ойларын дәлелдей алу, тату болып бірігіп істеген жұмыстың нәтижелі болатынын ұғыну.

Сабақтың көрнекілігі: Жарты шарлар картасы, глобус, таратпа материалдар.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Жеті модуль бойынша әдісті қолдану, топтық жұмыс, сұрақ-жауап





I Ұйымдастыру кезең.

Сабаққа психологиялық дайындық жасау;

Көңіл күйді көтеру.

Мен саған.... тілеймін.





Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа назарын аудару.

Психологиялық ахуалды қалыптастыру.

Оқушылар шеңбер жасап тұрып, бір- бірлеріне жағымды тілектер айтады

Мысалы: Казыбек мен саған биік белестерден көрінуіңді тілеймін.

Айгерім: Әр қашан күліп жүруіңді тілеймін.


5 минут


Білу.

II Үй тапсырмасын сұрау



Миға шабуыл.

. Ғаламшарымызда қанша материк бар? Оны картадан көрсет.

. Материк дегеніміз не?

.Архипелаг дегеніміз не?

.Қазақстан Республикасы қай материкте орналасқан? Картадан көрсет.



«Ен, ең» ойыны.

. Ең үлкен материк..........

. Ең кіші материк...........

. Ең ыстық материк........

. Ең үлкен арал.............

. Ең ылғалды материк.......

. Ең құрғақ материк...........

. Ең жасыл материк.........













Үй тапсырмасын бекіту:

Сиқырлы сандық. «Иә, «жоқ».



Оқушылар берілген сұрақтарға дұрыс жауап берген жағдайда түрлі түсті фишкалар арқылы бағаланып отырады


жатқан жалғыз материкТоқжан: Ғаламшарымызда алты материк бар. Оларға жататындар.

1 Еуразия

2 Африка

3 Солтүстік Америка

4 Оңтүстік Америка

5 Аустралия

6 Антарктида

Бекжан: Құрлықтың жан-жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан ірі бөлігін материк дейміз.

Арайлым: Жер бетіндегі ең үлкен арал Греландия. Оның ауданы 2,2 млн км2

Сонымен қатар Жаңа Гвинея, Калимантан, Мадагаскар, Жаңа Зелендия. т.б.

Кейбір аралдар шығу тегі біртекті болып топтасып орналасады.Ондай аралдар тобын архипелаг деп атайды.

Нұрзада: Біздің республикамыз жер бетіндегі ең үлкен Еуразия материгінің кіндігінде орналасқан.

Қазақстан Республикасы мұхиттардан орналасқан елдердің бірі.

Еуразия – төрт мұхиттың суларымен жанасып.


Аслан:







10 минут


Түсіну.



Негізгі бөлім.

III Жаңа сабақ.

« Жұмбақтар сайысы».


Қоя алмайсың байлап

Табаны оның тайғақ

(мұз)

Мөлдіреген жүзімді

Қозғап едім үзілді

(шық)

Шашылды жерге ақ моншақ

Жоғалды бірден тапқанша-ақ (бұршақ)

Қағазсыз ақ, қаламсыз ақ

Сурет салар адамға ұқсап

(аяз)

Желіні толы сүт

Жерге тамса құт

( бұлт, жауын)



Сергіту сәті.

Ғарыш кемесіне отырып

ғарыш кеңістігіне кімнің сапар шеккісі келеді? Олай болса барлығымыз ғарыш кемесіне мінейік. Сәт сапар балалар. Жерді ғарыштан тамашалағанға не жетсін, балалар?! Біздің ғаламшар басқа ғаламшарлардан әдемі емес пе?! Қарайықшы, жердің басым бөлігі қандай түспен берілген? Дұрыс көк түспен, жерге қайта оралатын уақыт келді балалар. Сәл сергідік пе? Тамаша.




Ой тастау.

Таулардан өзен ағар сарқыраған

Айнадай сәуле беріп жарқыраған

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта

Аралап тау мен таста сарқыраған

Көңілің суын ішсең ашылады

Денеңде бар дертіңді қашырады

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рахат тауып басылады



Жаңа сабаққа дайындық ретінде оқушылардың дайындығын білу.




















Психологиялық ахуал қалыптастыру.













Өлең шумақтарын оқу арқылы бұл өлең шумақтарында не туралы айтылғанын білу және жаңа сабақпен байланыстыру.



























Арнат: Жауабы: Мұз

Мерей: Жауабы: Шық

Қазыбек:Жауабы: Бұршақ

Әлібек: Жауабы: Аяз

Нұрлыхан: Жауабы: Бұлт, жауын.

Оқушылар жұмбақтың жауабын тез табуға ынталанады.












Оқушылар ғарыш кемесіне отырып, ғарыш кеңістігіне сапарға шығады, сапар барысында олар жер шарының басым бөлігін су басып жатқанын байқайды.











Өлең шумағында су туралы айтылғанын түсінеді.




15 минут

Қолдану.

Талдау.

IVТұжырымдамалық карта.


Тәжірбие жасау

.

1 топ. Бір стакан суға, бір уыс топырақ түйіршігін тастаймыз, топырақтан ауа көпіршіктері ажырыта бастайды.

2 топ. Бір литр суға 30-37 грамм тұз салып дәмін татып көріңдер?

3 топ.Ақ қағазға бір түйір топырақ түйіршігін қоямыз және оны қағазға жапсырамыз. Топырақты түсіреміз.

4 топ.Сөз жұмбақ шешу:

« Табиғат» .




Кітаптағы мәтінмен жұмыс жасау арқылы жаңа сабақты оқушылар өздері түсінгендері бойынша тұжырымдаиалық картаға түсіріп қорғаулары тиіс.








  1. Аспан денелерінің бірі.

  2. Табиғат байлықтарының бірі.

  3. Жердің кішірейтілген үлгісі.

  4. Күннің төңірегіндегі жол.

  5. Ғарышкер ұшатын жер.

  6. «Кезбе жұлдыз» деген не мағынаны білдіреді.

Әр топтан бір оқушы шығып тұжырымдамалық картаны қорғайды.









Арайлым: Топ мүшелерінің

ойлары бойынша бұл тәжірбиені жасай отырып, біздің байқағанымыз су арқылы топырақта да ауаның бар екенін білдік.

Зейнеп: Біз тәжірбие арқылы түсінгеніміз суда кермек дәм пайда болды,осындай кермек дәм теңіз суының дәміне ұқсас келетінінтүсіндік

Ұлжан: Топ мүшелерінің шешімі бойынша біз бұл тәжірбиеден түсінгеніміз, топырақтада ылғал немесе су бар екенін көрдік.




5 минут.

Жинақтау.

V.



5 минут.

Бағалау.

VI. Кері байланыс. Фишкалар.

Топ басшылары бағалайды.

Кері байланыс парағын ой түйінін жазады.

2 минут.


Үйге тапсырмасы. § 19 Гидросфера – Жердің су қабығы.

« Су- тіршілік көзі» эссе жазу 2-3 бет.

Сусыз тіршіліктің жоқ екенін түсіну арқылы эссе жазуға беріледі.

Оқушылар күнделіктеріне түртіп алады.

Түсінбегендер сұрвқ қояды.